Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Тұрсынбек Кәкішев — XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытқан ғалым

Қаламгер қаншама ғалымдар шоғырын тәрбиелеп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті.

Ғалымның 30-ға тарта түрлі жанрдағы кітаптар жарық көрген. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен зерттеді. Тіпті осы бағытқа шәкірттерін де баулып, XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытты.

«Тұрсынбек Кәкішев - ғылымда өзінің орны бар тұлға. Ол әдеби сынды жеке жанр ретінде қалыптастырып, оны жоғары оқу орындарына пән ретінде енгізді», дейді академик Сейіт Қасқабасов.

Саналы ғұмырында қазақ әдебиеті мен мәдениетін, өнерін зерделеген ғалым мұрасының орны ұрпақ үшін құнды болып қала бермек.

Ғалымның өнегелі жолы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
857

Осы тақырып бойынша

Тұрсынбек Кәкішев — XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытқан ғалым - Yvision.kz