Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Таңшолпанның» қонағы — күйші Секен Тұрысбеков

Студияда жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.

Композитор, күйші, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбеков  «Таңшолпанда» қонақта.

Секен Тұрысбековтің тұңғыш күйі - «Көңіл толқыны». 1985 жылы шыққан. Одан басқа күй қоржынында «Ақ жауын», «Жазғы қар», «Бесік күйі», «Күлтегін», «Көкбөрі», т.б ән-күйлер мен романстар да бар.

«Таңшолпан» студиясында жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.

«Мәңгілік - ол сұрау, жалбарыну.  Батырларымыз ұйқысыз, күлкісіз жүріп, құс қанаты талып, тұлпардың тұяғы тозатын ұлан-ғайыр даламызды сақталып қалды. Осы бақытымыз баянды болсын, деген тілектен шыққан туынды», дейді күйші.

Күйдің толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

0
0
1083

Осы тақырып бойынша

«Таңшолпанның» қонағы — күйші Секен Тұрысбеков - Yvision.kz