Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының азаматтарын жеке қабылдады

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының азаматтарын, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында жеке қабылдады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығымен кездесу мүмкіндігіне ауданның бес тұрғыны ие болды.

Ауылдықтарды мазалаған мәселелердің бастысы – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шаруа қожалықтарының жұмысшыларға еңбекақыларын төлемеуі болды. Нақтырақ айтқанда «Данто» ШҚ, «Астана-Холдинг» ЖШС жұмысшылары ақшаларын ала алмауда.

Қабылдауға қатысқан еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Б.Қ. Жанботин, арызданған Р.Е. Яцуков пен А.В. Обидникке бұл мәселе бойынша сотқа жүгінген абзал деп шешті. Ал Департамент болса, бұл мәселені өз бақылауына алды.

Көмекке жүгінгендерді мемлекеттік қызметте болатын реформалау, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде «Мемлекеттік қызмет туралы» заң жобасының әзірленуіне байланысты мәселелер толғандырды.

Мәселен, Н.Г. Степанова мен С.В. Спасибушкинді аудандық газеттердегі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу жөніндегі конкурстарды жариялау тәртібі, сонымен қатар әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу жөніндегі конкурстарды жедел өткізу рәсімдері қызықтырды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департамент басшысының орынбасары Қ.С. Бейсембаев сұрақтарға жауап беру кезінде, қазіргі уақытта өңіріміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі азаматтарды әлеуметтік желілер және ресми интернет-ресурс арқылы ақпараттандыру бойынша да жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Бұған қоса, 1494 бірыңғай сенім телефоны арқылы тікелей хабарласу мүмкіндігі туралы да жеткізді.

0
0
551

Осы тақырып бойынша