Санамды қинап,сан ойлар
Университет... Жас студент өміріндегі жаңа саты, баспалдақ. Егер де шынықпаған, әлжуаз адам болсаңыз жоғарыға көтерілу қиын болмақ, ал керісінше мектеп деген ұстаздан терең тәлім алып, рухыңызды шынықтырған жан болсаңыз,еш қиналмай,өзіңіз кірпішін қалап жатқан ғимараттың шыңына тез жетесіз. Мен осы ғимараттың негізін қалауды бастадым.... Санамда сан ойлар. Ең бастысы құрып жатқан сарайым болашақта өзіме ұнап, жаныма рахат сыйлайтынына сенемін. Баспалдақтан құлап кетпеу, тек алдыға қадам басу-әр азаматтың міндеті. Дегенмен, қоғам әсерін тигізбей қоймайды. Түрлі факторлар адамның қалыптасуына түрліше әсер етеді. Жас буында, ұясынан жаңа ұшып шықққан жастарда түрлі құмартушылықтар пайда болады. Осындайда,қате жолға түспей,оқуға көңіл аударып,өзімізді рухани байытуымыз шарт. Әсемпаз болма әрн…