Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында оқушыларға тәрбие сағаты өткізілді
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында тұлғаны бала кезінен қазақстандық париотизм мен сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу туралы айтылған.
Осыған орай, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, оған қарсы мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері 2015 жылғы 30 қыркүйекте Қызылорда қалалық №198 орта мектебінің 8 сынып оқушыларына, «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатында оқушыларға ситуациялық тақырыптар және олардың назарларына ұсынылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтерді тамашалап, олар бойынша өз ойларын жеткізді.
Сонымен қатар, Департамент тарапынан қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Т.Примова оқушыларға сыбайлас жемқорлық дегеніміз не, онымен қалай күресуге болады, жалпы жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру тақырыбында әңгіме қозғап, оқушыларға арнайы дайындалған «Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ» тақырыбындағы плакаттарды таратты.
Өз кезегінде оқушылар тәрбие сағатқа қызығушылықпен қатысып, осындай іс-шаралардың көптеп болуын айтып өтті.
