Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

№2 ХҚКОБҚОФ-дағы семинар-кеңес

2015 жылдың 30 қыркүйегінде Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық №2 халыққа қызмет көрсету орталығында мекеме қызметшілерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық бағытта кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға Департаменттің қызметі туралы, осы күнге дейін атқарылған жұмыстар жөнінде және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары мен міндеттері түсіндірілді.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ міндет екендігі айтылды.

Сонымен қатар, аталған мекемеде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткізіліп, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі туралы түсінік берілді.

0
0
345

Осы тақырып бойынша