«Махаббат мекені №2»
«Махаббат мекені №2»
Жас жұбайлар үшін ұйымдастырылған акция өз жалғасын тапты.
Өткен жұмада Солтановтар жас жұбайлардың қатысуымен жастардың АХАЖ «Махаббат мекені» атты акциясы мәресін бастады. Осы жолға келіп тоқталсақ, мұнда тіпті бір емес, бірден екі мерекенің қойылымы өтті.
Қазірде Күнтуған отбасы болып саналатын, Еркебұлан және Райгүл осындай айрықша мәнді күні өз рәсімін достары мен өткен әріптестері жанында өткізгісі келді. Орталық қызметкерлері жас зайыптыларды фото сурет және кішкентай сыйлықпен қарсы алып, кейін «той» деп аталатын ақ жолдың бастауына шығарып салды.
Әрмен қарай бізді Жастарға қызмет көрсету орталығының тарихында алғашқы болып саналатын, қызықты әрі ерекше оқиға күтіп отырды.
Осы аптаның жұма күнінде Олжас өзінің сүйіктісіне жүрек қол ұсынысын жасау үшін дельфинарийге шақырды. Алайда, күтпеген жерден, қыздың дәл көзі алдында оның сүйіктісін күшпен машинаға салып, қамауға әкетейін деп жатыр. Мұнда, әрине, Олжастың достары бұл қойылымға қатысуға ынталана келісті. Содан соң, «тергеу алды экспериментке» Жастарға қызмет көрсету орталығына жіберді. Келешек қалыңдық, әрине, сүйіктісі артынан қалмай, соңына түсті.
Айнұр ешбір құйтыр қылықты байқамай, Орталықтың табалдырығын аттап, холлдың қақ ортасына, дәл жүрек қол ұсынысы болатын жерге қалай жетіп қалғанын сезінбей де қалды.
Іштегі толқындай шалқып жүрген күйзелісі мен бар күшін жиып, Олжас өз жарына мәңгі махаббатқа тізе бүктіре серт беріп: «Маған тұрмысқа шық!» деген сөздері айналадағы бар қимылды, уақытты тоқтатып, бұл картинаның назарын енді Айнұрға бет бұрды.
Бұл естен кетпес күні жастарға қолдау болып, қатысып тұрған достары, таныстары, тіпті Орталық қызметкерлері де қыз жауабын шыдамсыздықпен күтті.
Көзді ашып жұмғанша, Айнұрдың: «ИӘ!» деген мәңгілік келісімі кеудесінен шығып, сол сәтте махаббат лебінің көз жасы мекеменің еденіне таңбадай сіңіп, қызу қол шапалақтаулар естілді.
