Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Іскер адамдар» кездесуі

«Іскер адамдар» кездесуі
Бүгін Жастарға қызмет көрсету орталығында Жас кәсіпкерлер мектебі аясында «Іскер адамдар» сұхбат алаңы өткізілді.
Кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Ал ондай адамдармен танысу үшін кездесулер қажет болады. Кәсіпкерлермен бетпе бет кездесіп, олардың жұмыс атқару тәртібін танып, қайсысын қалай жасайтынын біліп, пікірлесетін жағдай күнде туа бермейді, сондықтан Жастар бастамаларын дамыту орталығы кәсіпкерлікті бастаушы жастардың іскерлік тәжірибелігіне мұқтаждығын ескере отырып, осындай тамаша мүмкіндігі бар кездесуді ұйымдастырды. 
Аталған кездесу - жеке ісінде жетістігі, қоғамда орны бар Жас кәсіпкер мен кәсібін енді ғана бастаушыларды бір алаңда жинастыру үшін жасалған. Ал өзіндік міндеті, қоғамда аяғына нық тұрған кәсіпкерлермен сөз алмасу үшін диалогтық алаң құру болып саналды. Бейресми жағдайда өткен кездесуіміздің қонағы – жас кәсіпкер, «ЛСА Сервис» ЖШС иелестігі Худабородов Владислав Олегович болды. Жас әрі амбициялы кәсіпкер бейресми кездесу барысында жастардың сұрақтарына жауап беріп, тәжірибесімен бөлісті. Кәсібін бастаушы жастар үшін бұл маңызды сұхбат болды. Жастарға қызмет көрсету орталығы ынталы, бастамашыл әрі жұмысшы жастарды мұндай кездесулерде күтеді және де «Мен кәсіпкер боламын!» деген өжеттерді құшақ жая қарсы алады.

0
0
1365

Осы тақырып бойынша

«Іскер адамдар» кездесуі - Yvision.kz