Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жас ғалым» Облыстық сайыстың ЕРЕЖЕСІ

«Жас ғалым» Облыстық сайыстың
ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Берілген ереже «Жас ғалым» Облыстық сайысының (әрі қарай - Сайыс) мақсатын, міндеттерін келесі номинациялар бойынша анықтайды:
– жас магистр/магистрант,
– жас аспирант/Ph.D. докторы,
- сауда және индустрия саласындағы ең үздік ғылыми өнім
сонымен қатар оны өткізу мен жеңімпаздарды анықтау тәртібі.

2. САЙЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Сайыстың мақсаты – аймақтың ірі кәсіпорындарында қолданатын ғылыми-зерттеу қызметпен айналысатын, номинациялар бойынша (29 жасқа дейінгі) ең үздік жас ғалымдарды анықтау. 
2.2. Міндеттері:
– жастардың инновациялық, ғылыми қызметін ынталандыру;
– ғылымды насихаттау, жас ғалымдарды ғылымға тарту; 
– облыстың жас ғалымдарының жетістіктерін бағалау;
– жас ғалымдардың кәсіби және ғылыми жоғарлауды марапаттау;
- Павлодар облысы өндірістік кәсіпорындар қызметкерлрінің ғылыми әлеуетін анықтау және дамыту.

3 САЙЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

3.1. Сайысты ұйымдастырушылар Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, Павлодар облысының жас ғалымдар кеңесімен біріккен «Кенжекөл жастары» Жастар Қоғамдық бірлестігі болып табылады. Оның қызметтеріне енеді Сайыс туралы хабарлау, құжаттарды жинақтау, сәйкестікке рәсімделуді тексеру және комиссия мүшелеріне құжаттар пакетін беру. Комиссия мүшелері қорытынды жасаған соң және комиссияның барлық мүшелері хаттамаға қол қойған соң, нәтижелерді жеңімпаздар мен номинациялар иегерлеріне жеткізу және марапаттау рәсімін өткізу.
3.2. Сайысты ұйымдастыру және өткізумен айналысатын байланыс тұлғасы Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы болып табылады. 
3.3. Сайыстың ұйымдастырушы комитетінің байланыс мәліметтері: Павлодар қ., Ломов к. 38, 2.03 бөлме, 66-09-11, 8-705-481-42-81, 8-777-545-17-88, e-mail:[email protected], жоба бағдарлаушысы Камель Марпуға. 

4. САЙЫСТЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

4.1. Сайыста Павлодар облысында орналасқан барлық ЖОО жас ғалым – оқытушылары, ғылыми – зерттеу институттарының, лабораториялар, орталықтардың ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар Павлодар облысының 29 жасқа дейін қоса алғанда жұмыс басты жастары қатыса алады. Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері сайысқа қатыса алады, себебі нәтижені тәуелсіз сарапшылар комиссиясы шығарады. 
4.2. Сайысқа қатысуға ниет білдіргендер бір номинация бойынша өтініші береді.
4.3. Әр номинацияда бір және одан көп жеңімпаз анықталады.
4.4. Бұрын берілген номинация бойынша сайыстың жеңімпаздары Сайысқа қатыса алмайды.

5. САЙЫСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ 
САЙЫСТЫҚ ТАҢДАУ КРИТЕРИЛЕРІ 

5.1. Сайыс жылына бір рет өткізіледі.
5.2. Қатысушыларды Сайысқа жылжыту бірнеше кезеңдерден өткізіледі: 
5.2.1. Бірінші кезеңде 1 қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініші толтырылып, сауалнаманы рәсімдейді (растаушы құжаттардың көшірмелерінің қосымшаларымен) 2 қосымшаға сәйкес форма бойынша толтырылады. 2015 жылдың «23» қазанға дейін толтырылған сауалнама мен өтінішті электрондық адреске (растаушы құжаттардың көшірмелерісіз) және пошталық адреске (растаушы құжаттардың көшірмелерімен бірге) ұйымдастырушылық комитетке жібеу керек. Номинациялар бойынша бір мекемеден қатысушылардың саны шектелмеген.
5.2.2. Екінші кезеңде Сайыс комиссиясының мүшелері түсіп келген сауалнамаларды ғылыми қызметінің нәтижелілігі деңгейі бойынша, олардың әзірлемелерінің коммерциялизациясы және номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды. 
5.2.3. Қажет болған жағдайда комиссия мүшелері үшінші кезеңді (көзбе-көз) өткізуге құқылы, ол туралы қатысушыларды алдын-ала хабарлайды.
5.3. Сайысқа қатысушы үшін жас ғалымдар келесі құжаттарды жібереді:
– жеке бас куәлігі немесе паспорт көшірмесі;
– жұмыс орнынан анықтама;
– берілген номинация бойынша өтініші;
–растау құжаттар пакетімен бірге сауалнама;
– қысқаша сипаттама;
– 10х15 өлшемімен сандық фотосурет; 
– CD-R тасуышы.
Аталған құжаттарды байлауы бар папкаға берілген тәртіп салу керек және «_____________ номинациясы бойынша «Жас ғалым» Облыстық сайысына деген белгі жазу керек, CD-R тасушысыда: өтініш көшірмелері, сауалнамалар (растаушы құжаттардың көшірмелерісіз), сипаттама және 10х15 өлшемімен сандық фотосурет. Сайысқа қатысу үшін ұйымдастырушылық комитетке қатысушының өзінмен немесе ұймның өкілімен тапсырылады.

6. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

6.1. Жеңімпаздар туралы шешім комиссия мүшелерімен 2015 жылдың «29» қазанға дейін қабылданады, хаттама барлық комиссия мүшелерімен қол қойылады.
6.2. Сайыстың нәтижелері қатысушыларға электрондық мекенжайға жіберіледі, сонымен қатар нәтиже www.uvmp-pvl.gov.kz, сайтында және басқа да әлеуметтік желілерде ұсынылады.
6.3. Сайыстың нәтижелері номинациялар бойынша дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
6.4 Сайыстың жеңімпаздарын марпаттау мерекелік шара түрінде өтеді, берілген марапаттауды Павлодар облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасының өолдауымен «Кенжекөл жастары» Жастар Қоғамдық бірлестігі өткізеді. 
6.5 Сайыстың аяқталуы нәтижесінде құжаттар қатысушыларға қайтарылмайды.

0
0
2292

Осы тақырып бойынша

«Жас ғалым» Облыстық сайыстың ЕРЕЖЕСІ - Yvision.kz