Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 74%-ден астам жасөспірім вакциналанды

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы санынан (316 мың 704 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 235 мың 164 адам немесе 74,3% жасөспірім вакцинацияланды.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 100%-дық қамтумен аяқталды. Ақмола, Атырау, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласында 90%-дан астам адам вакцинацияланды.

Өзге 10 аймақта (Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласы) вакцинамен қамту көрсеткіші 50-ден 80 %-ға дейін құрайды.

Иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өткізілуде.

 
0
0
250

Осы тақырып бойынша