Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Чилилік инженерлер жұрт назарына бұрын-соңды болмаған электр көлігін ұсынды

24.kz

413992d83fda5e0f07aba7ac23478328_L Оңтүстік Америка елдерінде электр қуатымен жүретін көліктерге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.

Чилилік инженерлер бұрын-соңды бұл елде болмаған электрлі көлікті жұрт назарына ұсынды. Ғалымдар өнертабысын сокИ деп атапты. Жергілікті үндіс тайпаларының тілінен аударғанда екі деген мағынаны білдіреді. Екі орындық, үш дөңгелекті шағын көлік автомобильмен қоса, мотоцикл және велосипедке ұқсас. Ерекше темір тұлпар келер жылдың наурыз айынан бастап сатылымға шығарылады. Бағасы 12 мың доллар шамасында болады, – дейді мамандар.

Даниэль Павес, өнертапқыш:

- Қарапайым қозғалыс құралдарының ыңғайлылығы мен қауіпсіздік қасиеттерін ескеруге тырыстық. Мысалы мотоцикл мен велосипедтің бұрылу механизмдерін қолдандық.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9713

1
0
398

Осы тақырып бойынша

Чилилік инженерлер жұрт назарына бұрын-соңды болмаған электр көлігін ұсынды - Yvision.kz