Ағылшын тілін үйренудегі 5 миф
Осыдан 15-20 жыл бұрын шет тілін білу артықшылық болса, бүгінде ол жай ғана қажеттілік. Ағылшын тілінің біздің өміріміздің барлық деңгейіне кеңінен еніп келе жатқандығын ешкім жоққа шығара алмайды. Осыған байланысты аталмыш тілді меңгеру бойынша шығарылатын кітаптар мен оқу курстарының саны күн санап артып келеді. Сонымен қатар тілді қалай тиімді меңгеруге болады деген ақыл-кеңестер де көбеюде. Алайда олардың ішіндегі кейбіреулері ағылшын тілін үйренуге көмектесудің орнына, керісінше зиян тигізіп жатады. Мұндай кеңестер мен ұсыныстар ағылшын тілін меңгерудегі мифтер деп атауды жөн көрдік. Бүгін солардың бірнешеуімен таныстырып өтеміз.

