Мазмұнға өту

Жаңа

Бас Прокуратурада бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың қорытындысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті. Онда 2014 жыл мен 2015 жылдың 8 айындағы бөтеннің мүлкін ұрлауға тосқауыл қою саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жасалған талдау қорытындылары талқыланды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Алқа жұмысына Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері, Жоғарғы соттың, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, облыстық әкімдіктердің басшылары қатысты. Алқада қылмыстық жағдайға теріс әсер ететін және құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайлар егжей-тегжейлі сараланып, ұрлықтың алдын алу бойынша шаралар ұсынылды. Қадағалау органының басшысы құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықты ескертудің пәрменді тәсілдерін әзірлеу мәселелерінде құқық қорға…

0
0
279

Ұлттық банк «Мешін жылы» мен «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс монеталарын шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 16 қазаннан бастап «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Мешін жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын және «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан «Шыбыншы торғай» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. «Мешін жылы» монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын (күмістен жасалған монетада – «Ag 925 31,1 g…

0
0
623

Ақтөбе рельс-арқалығы зауытында алғашқы отандық рельс өнімі шығарылды

Ақтөбе рельс-арқалығы зауыты (АРАЗ) отандық рельс өнімдері прокатын шығарды. Бұл бірегей кәсіпорын мемлекет басшысының жеке тапсырмасы бойынша салынған ТМД аумағында теңдесі жоқ зауыт, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ. Өткен жылдың желтоқсан айында Президент Нұрсұлтан Әбішұлының қатысуымен АРАЗ-да «Қазақстанның жаңа индустриализациялаудың 2014 жылғы қорытындысы және алғашқы бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпы ұлттық телекөпір аясында рельс зауытының бірінші кезеңі іске қосылды. Зауыт құрылысы мен оның өндірістік желісі қысқа мерзімде салынды. Бүгінгі таңда кәсіпорын дайын өнімдірді шығаруды бастады. Салтанатты іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті А.Мамин, «Siemens S.p.a» компаниясының бас директоры Джузеппе Феррарио, ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, Ақтөбе облысының әкімі Бердібе…

0
0
366

Бес мемлекеттің президенттері ЕАЭО-ның халықаралық қызметі туралы 15 құжатқа қол қойды

Армения - Серж Саргсян, Беларусь - Александр Лукашенко, Қазақстан – Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан - Алмазбек Атамбаев пен Ресей - Владимир Путин - бес мемлекеттің президенттері Еаразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметін анықтайтын 15 құжатқа қол қойды. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында белгілі болды. «Күн тәртібінде 15 мәселе болды. Біз шағын құрам барысында осы барлық 15 мәселені қарадық. Аталмыш мәселелер бойынша қол қоюға арналған құжаттар дайын», - деп сендірді Беларусь Президенті Александр Лукашенко. Атап айтқанда, кеңес қорытындысы бойынша ЖЕЭК қатысушылары «2015-2016 жылдарға арналған ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің негізгі бағыттарына» және «ЕАЭО-ның негізгі серіктест…

0
0
574

Қазақстандық армияның әскери қызметшілері «Кембриялық патруль-2015» оқу-жаттығуында жаңа тәжірибе жинақтайды (ФОТО)

Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тобы «Кембриялық патруль-2015» халықаралық оқу-жаттығуына қатысу үшін Уэльс шет аймағына, Ұлыбританияның Біріккен Патшалығына және Солтүстік Ирландияға аттанды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Оқу-жаттығуға Ұлыбритания және шет елдері Қарулы Күштері түрлерінің арнайы бөлімшелері қатысады. Оқу-жаттығу шеңберінде қазақстандық әскери қызметшілер өздерінің дағдыларын жетілдіруге және жергілікті жерді патрульдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибе алмасатын болады. Оқу-жаттығу Ұлыбритания корольдік Қарулы Күштерінің 160-механикаландырылған жаяу әскер бригадасының базасында екі кезеңде өткізіледі, яғни, дайындық және белсенді фаза. «Кембриялық патрульдердің» сайысы 40 жылдан бері жыл сайын Ұлыбританияда өткізіліп тұ…

0
0
338

Жыл басынан бері Алматы соттары 90 мыңнан астам істі қарады – Жоғарғы сот

Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Төралқасының отырысы өтті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі. Онда Алматы қаласы соттарын кешенді тексерудің және практикалық көмек көрсетудің нәтижелері талқыланды. Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров Алматы қаласы соттарының сот төрелігін жүзеге асырудың, қызметтерін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жағдайын кешенді тексерудің қорытындылары туралы айтты. Өз сөзінде ол Алматы қаласының соттары республика бойынша азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істердің ең көп санын қарайтындығына тоқталды. 2014 жылы қала соттары шамамен барлығы 117 мың істі, 2015 жылдың өткен кезеңінде 90 мыңнан астам істі қарады. Алматы қаласының аудан…

0
0
347

Эфирде «Айгөлек» балалар сазды жобасы

Бүгін «Айгөлектенің» концертін сағат 12:05-те көріңіз.

Жаңалыққа толы жаңа маусымда қаншама жас өнерпаздың жолы мен бағын ашқан «Айгөлек» сазды жобасы бүгіннен бастап Ұлттық арна эфирінен көрермендерге жол тартады.

«Айгөлектің» маусымашар концертінде жас талантты әншілердің әнін, мың бұралған биші қыздардың биімен қатар, елімізге белгілі әншілердің әндерін тыңдай аласыз.

«Айгөлек» балалар сазды жобасын бүгін сағат 12:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
606

«Келбет» бағдарламасында – Көпжасар Нәрібаев

Бұл туралы бүгін сағат 14:15-те «Келбет» бағдарламасынан көре аласыздар.

Көпжасар Нәрібаев Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында туылған. Экономист-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы.

Ол 1991 – 2001 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың ректоры, 2001 – 02 жылы ҚР Премьер-министрінің білім және ғылым саласы бойынша Кеңесшісі болған.

Көпжасар Нәрібаев туралы бағдарламаны бүгін сағат 14:15-те көре аласыз.

0
0
401

Ұлттық арнада «Әли мен Айя» мультфильмі

Бүгін сағат 13:10-да мультфильмнің 3-4 бөлімдерін көріңіз.

Бұл мультфильмнің мақсаты 5 жасқа дейінгі балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ауылда тұратын ата-әжесіне келген Әли мен Айя есімді кейіпкерлер арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.

Әли мен Айя табиғаттың түрлі құпия-сырларына жауап іздейді. Ән айтып, би билейді. Әр бөлімде қазақтың Ұлттық өнері, мәдениеті, әдет-ғұрып және салт-дәстүрі қамтылады.

«Әли мен Айя» мультфильмін бүгін сағат 13:10-да көріңіз.

0
0
950

Геннадий Головкин Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді

Головкин-Лемье бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.

Бүгін Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» аренасында WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені 8-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBF чемпиондық атағын иеленді.

Айта кетейік, Головкин-Лемье бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақыты бойынша сағат 06:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.

0
0
338