«Жас сұңқар – 2015» облыстық сайысы

2015 жылдың 15-16 қазан күндері жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Өркен» қосымша білім беру орталығы «Жас сұңқар – 2015» VIII облыстық сайысын өткізді.
Шараны ұйымдастыруға Батыс Қазақстан облысының білім басқармасымен қол қойылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары аясында Департамент өкілдері қатынасты.
Бес кезеңнен (саптық даярлық, патриоттық әндер байқауы, бейнеролик жобаларын қорғау, спорттық жарыстар, ситуациялық сұрақтар) тұратын сайысқа, аудандар мен Орал қаласының топтары қатынасты.
15 қазанда сайыстың салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылуына Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің, БҚО ішкі істер Департаментінің, БҚО білім басқармасының, БАҚ өкілдері және тағы басқалар қатынасты.
Ситуациялық сұрақтар кезеңі сайысты қорытындылаушы болды, оның сұрақтары Департаментпен дайындалып және қызметкерлер сарапшы ретінде қатысты.
«Жас сұңқар – 2015» сайысының жабылуы 2015 жылдың 16 қазан күні өтті. Сайыс жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара Орал қаласының №40 мектебінің оқушылары дайындаған «Біз өнегелі болашақты таңдаймыз!» флешмобымен аяқталды.


