Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында дөңгелек үстел өтті
2015 жылдың 17 маусым күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті және ҚР ұлттық экономика Министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ОҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында заң бұзушылықтарға жол бермеу және қолданыстағы заңдардың талаптарын тәжірибеже дұрыс қолдану мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокуратурасының қызметкерлері, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеті ОҚО бойынша басқармасының Әл-Фараби ауданы бойынша прокуратура қызметкерлері және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанттары қатысты.
Іс-шарада Қазахстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңдарының қолданылуы мен жүзеге асыру механизмдері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің «Ар-намыс» кодексінің талаптарының сақталуы туралы қызу талқылаулар жүргізіліп, басқарма қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға толық түсіндірмелер берілді.
