Мазмұнға өту

Жаңа

#Zhascamp2015-айтылған үздік ойлар. Бұны әрбір азамат білуі тиіс!

Шыны керек, Кэмп өз саласындағы үздіктер қатарында баланатын эксперттерді жинады. Зәуреш Батталова, Джохар Утебеков, Максим Сиваков, Марат Жыланбаев, Мейрам Бегентаев сынды қазақстандық азаматтар өз ойларын ортаға салып, өмірлік жолдары жайлы сыр шертті.

Қоғам жанашырларының кейбіреуімен жекелей сұхбаттасуға мүмкін болды, алайда, уақыт тапшылығынан барлығымен кездесіп үлгерген жоқпын.

Назарларыңызға - #Zhascamp2015-айтылған үздік ойларды ұсынамыз:

1. Зәуреш Батталова - азаматтардың міндеті жайында

"Сіздер, азаматтық қоғам мүшелері ретінде мемлекет тарапынан экономика, саяси, мәдени салаларда қабылданған заңдардың толық көлемде атқарылуын бақылауларыңыз керек. Сіздердің қатысуыңызға мемлекет бөгет болу, қарсы болуға құқылы емес".

2. Максим Сиваков - адамның ойы жайында.

"Мемлекет БАҚ арқылы адамдардың пікірлерімен манипуляициялайды. Ақпаратты қабылдаған сайын, Сіз оны өз ойыңыз деп көресіз.

"Мен Қырғызстан парламенттік сайлауы кезінде жұмыс жасадым. Бірінші аптада ""Ноян" облысының халқы "мыналарды" қолдайды деген ақпарат шықты. Бір аптадан соң "Ноян" аймағының халқы өзгені қолдайды деген ақпарат шықты. Осылайшы адамдар "көпшіліктен қалмай" аталған партияға дауыс береді".

3. Джохар Утебеков - жастардың құқықтық білімі жайында.

"Халықтың юриспруденция саласынді білімінің аз болуы мені таң қалдырмайды. Мен ең жиі беретін кеңес - МАИ қызметкерлерімен өзіңді қалай ұстау жайында. Неліктен, себебі құқық қорғау органдарының ішінде халық олармен ең жиі кездеседі. Автомобилистерді жолда тоқтатады, камераға түсіреді. Үлкен адамдар, күнделікті осындай жағдайларға тап болса да, көптеген қарапайым заңнамаларды білмейді".

"Мен Фэйсбугімдегі 5000 достарымның жартысын өшіріп тастап, олардың орнына жастарды қуана қосар едім".

4. Марат Жыланбаев - жетістік жайында.

"Мен 27 жасымда спортпен айналыса бастадым. Өз методикамды жасап шығарып, бір жылдың ішінде үлкен жетістікке жеттім. Мен 3 әлемдік рекорд орнатып, Гиннес Рекордтар кітабына ендім. Әлі күнге дейін менің рекордтарымды әлемдегі ешбір адам бұза алған жоқ".

5. Мейрам Бегентаев - заңнама жайында.

"Жастар саясаты туралы заңнаманы қолға алғанда, біздер көптеген ұйымдармен ақпарат алмастық, кеңестік. Заң жобасы қабылданған кезде, жастар саясатын, шынымен де, жақсарттық. Бұны мен ғана жасаған жоқпын. Оны жасауға көмектескен бірталай ұйымдар бар. Егер мен ғана жасадым десеңіздер, онда үлкен еңбектін далаға кеткені. Түнгі 3-4-ке дейін телефоннан босаған жоқпыз. Хат алмастық. Үлкен жұмыс атқардық. Соның арқасында "қоғамдық кеңес" деген байланыс каналы пайда болды. Ал олардың қаншалықты тиімді жұмыс жасап жатқанын біз бүгін талқылау үстіндеміз. Алайда, ондай дүниені "кеңестер" жайында ештеңе білмейтін адамдармен талқылай алмаймыз".

   

2
0
552

Америкалық спорт жүргізушісі Қазақстанға баруды армандап жүргенін жеткізді

Америкалық спорт жүргізушісі Қазақстанға баруды армандап жүргенін жеткізді

Әлемдік спорттық шоулардың ең жұлдызды жүргізушісі Геннадий Головкиннің жекпе-жектерінде хабарлағаны бірінші рет емес. Баффер «Төбелеске қамданайық» деген әлемге әйгілі сөз тіркесін Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарденде» кезекті рет айтты. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

 
0
0
544

Де Ла Хойя Головкин-Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға ниетті

Де Ла Хойя Головкин-Альварес жекпе-жегін ұйымдастыруға ниетті

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының жетекшісі Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин мен өз шәкірті Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға ниетті екенін мәлімдеді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

 
0
0
529

ЕАЭО елдері ұлттық валютада есеп айырысуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдері ұлттық валютада есеп айырысуды жоспарлап отыр

Еуразиялық экономикалық одақтың сарапшылары мүше мемлекеттер арасында ұлттық валютадағы саудаға көшу бойынша жұмыстар атқаруда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Мақсат Мұқанов мәлімдеді, деп хабарлайды iskernews.kz.

 
0
0
887

Ұлттық қордың қаржысына ШОБ өңдеу өнеркәсібінің 294 жобасы 39 млрд теңгеге қаржыландырылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Отырысқа «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басшылары қатысты. Комиссияның отырысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және «Даму» КДҚ» АҚ-тың қатысуымен өткізілген тексерулердің нәтижелері талқыланды.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың ақпараты бойынша екінші деңгейдегі банктермен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған қосымша келісімдер жасалды.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша, 2014 жылғы көктемде өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК субъектілерінің жобаларын қаржыландыру  үшін бөлінген қаражаттың қайталама игерілуі 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 8 млрд. 900 млн. теңгені құрады.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша, 2014 жылдың соңында өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру  үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша банктер 45 млрд. 646 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 91%-ына 260 жобаны іс жүзінде қаржыландырды.

Өз кезегінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2014 жылдың соңында өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін 22 млрд. 657 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 45%-ына 23 жоба іс жүзінде қаржыландырылды.

«Даму» КДҚ» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру  үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысы  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысы банктер 39 млрд. 252 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен 79%-ына 294 жобаны іс жүзінде қаржыландырды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 32 млрд. 671 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 65 %-ына 35 жоба іс жүзінде қаржыландырылды.

Сонымен бірге «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2014 жылы ИИДМБ-2 жобаларын қаржыландыру үшін бөлінген 50 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 15 млрд. 325 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінің 31%-ына 2 жоба («АЛТЕЛ» АҚ және «Проммашкомплект» ЖШС) іс жүзінде қаржыландырылды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың деректері бойынша 2015 жылы жеке тұлғаларды - отандық жеңіл автокөлік сатып алушыларды кредиттеу үшін бөлінген 15 млрд. теңгеден 2015 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша 10 млрд. 780 млн. теңге сомаға немесе бөлінген қаражаттың жалпы көлемінен 72%-ына 3 418 жеке тұлға іс жүзінде қаржыландырылды.

Ақпарат көзі

 
0
0
329

Біз өз елімізде өзгелерден бөтен секілдіміз — кәсіпкер

Біз өз елімізде өзгелерден бөтен секілдіміз — кәсіпкер

«Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында «Қуат» ЛТД компаниясының директоры мемлекетте шетелдік инвесторларға жағдай жасалып, отандық кәсіпкерлерге жеңілдік жасамағанына ашынады. «Біз өз елімізде өзгелерден бөтен секілдіміз», — деп те қалды… Жалғасы мұнда: iskernews.kz

 
0
0
532

70-ке жуық офицер тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиындарына қатысады (ФОТО)

ҚР Қарулы күштерінің 70-ке жуық офицер тәрбиешілердің оқу-әдістемелік жиындарына қатысады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қарулы Күштерінде ҚК түрлері бас қолбасшыларының орынбасарлары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшыларымен, әскери оқу орындарының бастықтарымен, Ақмола өңірлік гарнизонының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі әскери бөлім командирлерімен, Астана, Алматы қалаларының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтарымен және ҚР ҚК түрлерінің срежанттарымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

«Тәртіп пен патриотизм Қазақстан жастарының сәтті болашағының кепілі. Тәрбие құрылымдары офицерлерінің тапсырмасы тәрбие және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, ҚР Қарулы Күштерінде әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайтудан түрады. Өзінің конституциялық Отанды қорғау борышын атқарып жатқан мерзімді сарбаздардың моральдық-психологиялық дайындығына, шақырылушылардың сапалы іріктелуіне үлкен көңіл бөлінеді», - деді ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Жиынды өткізу барысында қатысушылардың алдында ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабы департаменттерінің бастықтары, офицерлер сөз сөйледі.  Барлығы оқу-әдістемелік жиынға шамамен 70 адам қатысты.


Сондай-ақ, 4500-ден аса қазақстандық ҚР ҚМ әскери-техникалық мектептерінде дайындықтан өтті. Белгілі бір жағдайлар бойынша бұдан бұрын әскери қызмет өткермеген 22 мен 27 жас аралығындағы 4 566 қазақстандық 2015 жылы ақылы негізде әскери-оқытылған резервті даярлау бағдарламасы бойынша әскери мамандықтарды оқып-үйренді. Дайындық Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында, яғни,  әскери-техникалық мектептерінде  жүргізіледі. Қазір ол мектептер Қазақстанның 15 қаласында бар. Іріктеу бір жыл бойы жүргізіледі. Үміткерлер медициналық комиссиядан өтеді, одан кейін 40 күнге нағыз әскери қызметшіге айналады, қызмет өткереді, әскери істі зерделейді.

Дайындық атқыш, оқшашаршы, гранатаатқыш мамандығы бойынша жүргізіледі. Бір жарым айлық оқудан кейін бітіру емтихандары. Қызметті сәтті атқарған жігіттер  әскери мамандық бойынша біліктілік және сертификатқа ие болады, соның негізінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әскери билет беріледі.  Әскери комиссариаттар «қатардағы жауынгер» әскери атағын бере отырып,  әрбіреуін әскери міндеттінің есебіне (жұмылдыру резервіне) қояды.

Оқу кезеңінде оқу демалыстары ұсынылады, сондықтан әрбір оқып-үйренушінің жұмыс немесе оқу орны кепілді түрде сақталады. 2013-2014 жылдары 10 000-нан аса  қазақстандық ақылы қызмет өткерді. Орта-Азия өңірінің елдері арасында мұндай қызмет Қырғызстан мен Өзбекстанда қолданылып жүр.

Ақпарат көзі

 
0
0
1005

АҚШ-тағы Батырхан Шүкеновтің отбасы баспанасыз қалды

Батырхан Шүкеновтің әйелі мен ұлы АҚШ-тағы үйінен айырылып қалды, деп мәлімдеді танымал журналист әрі әншінің досы Отар Кушанашвили.

“АҚШ-та оның әйелі Катя мен есейіп қалған ұлы қалды. Бірден басын ашайын: Катя мүлдем қайтып оралғысы келмейді. Ұлы тіптен қарсы. Үй салынып бітуге қалған еді. Бұл Америка – ақшаң жоқ болса, далада тентіреп қаласың. Катя баласымен жанашырлық танытқан таныстарының үйіне көшті. Олар көмекке зәру”, – дейді ресейлік шоумен prozvezd.info порталына берген сұхбатында. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

 
0
0
408

Ақбота Сайлаубектің сахнаға оп-оңай шыққанына таңданады

Сайлаубектің сахнада жұлдыз болуына отандық жұлдыздардың көзқарасын біліп қайтқан 31 арна тілшілері “бүгінде шоу-бизнесте “жұлдыз” атану қаншалықты қиын” деген сұрақтың жауабын іздеді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
729

«Айтуға оңайда...». Жақсы адамдар

Бүгін сағат 20:20-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Жалпы қоғамда жақсы мен жаман, ақ пен қара қатар жүреді. Бірақ, біз жамандықты көп айтамыз.

Ал, бұл жолы біз жақсы адамдар жайлы сөз қозғайтын боламыз. Адамдарды мейірімділікке шақыратын хабарды бүгін сағат 20:20-да көріңіз.


0
0
323