«Оңтүстік Қазақстан облысында „Адал жол“ атты веломарафон сайысы өткізілді.
Осыған орай, 2015 жылдың 17 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал аймағы бойынша басқармасымен және Мақтарал ауданы әкімшілігімен бірлесе «Адал жол» атты ұранмен веломарафон сайысы өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизмге және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікке тәрбиелеу.
Іс-шараға мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, жастар өкілдерімен, жергілікті халық қатысты. Женімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапатталатындықтан барлық жарысқа қатысушылар мәреге бірінші болып келуге асықты.
Спорттық шара соңында жарысқа қатысқан женімпаздарды марапаттау рәсімі «Жеңіс» алаңында өтті. Соңымен қатар ұйымдастырушылардың қолдаумен канцерт өткізіліп, онда жас артістер өз өнерлерін көрсетті.
