«Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Бірінші институционалдық реформа ол – алдағы уақыттағы мемлекет құрылымының маңызды тапсырмалары» тақырыбындағы семинар
2015 жылдың 5 қазан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) Экология департаментімен бірлесе ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», «Мемлекеттік қызметшілерге қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Аталмыш іс-шараның негізі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау мен сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көрінісін азайту және бұл әлеуметтік құбылысқа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру. Ұлттық сана-сезімді көтеру және Қазақстаннның патриоты болуға шақыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша маңызды пікірталасқа төмендегі азаматтар шақырылды: Шымкент қаласы прокуратурасының өкілі, ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ОҚО бойынша басқармасының өкілі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Департаменттің қызметкерлері тарапынан «Ар-намыс талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметшілердің іскерлік қасиетін қалыптастыру, ұлттық сана-сезім және Қазақстандық патриотизм» тақырыбында баяндама жасалды. Сонымен қатар, тыңдаушылар Департаменттің құрлымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру қызметімен және бес институционалдық реформаның біріншісінің іске асырылуы туралы, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.
Қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта және мемлекеттік қызмет өткеру қызметі бойынша түрлі сұрақтар қойылып, нақты жауаптар беріліп, түсіндірілді, Ұлт жоспары да қалыс қалмады, талқыға салынды.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетіліп, сауалнама жүргізілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
