Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрылыс саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу

Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және ҚР Қылмыстық кодексіндегі түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті.

Семинар кеңеске Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Төлепқалиев, құрылыс басқармасы басшысының орынбасары А.Өксекбаев және құрлыс жобалаушы ЖШС басшылары қатысты.

Семинар-кеңес барысында бизнес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен бизнес институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы баяндама оқылды.

Департамент қызметкерінің баяндамасы қызу талқыланды. Қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, басты назар ҚР қылмыстық Кодексінің кәсіпкерлерге қатысты баптарндағы бара беру, пара алу, оған делдал болу және сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлаушыға қарастырылған материалдық көтермелеулерге тоқталды.

0
0
449

Осы тақырып бойынша

Құрылыс саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу - Yvision.kz