Алматы әкімдігі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша 20 млрд теңгенің меморандумына қол қойды
Алматы әкімдігі «АТФ Банк» АҚ, «Baur Kazakhstan» АҚ және «Общество бизнесменов Казахстана и Турции (КАТИАД)» ҚҰ-мен 20 млрд. теңге көлемінде ынтымақтастық жөніндегі бірқатар меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігі. Қол қойылған келісімдер аясында спорт клубтары, балалар алаңдары, мектеп жасына дейінгі мекемелер салынып, әлеуметтік деңгейі төмен жандарға көмек көрсетіледі деп жоспарланған. Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөлін атап өтіп, әлеуметтік мәні бар нысандарды салудағы олардың белсенді позициясына ризашылық білдірді. «Мен сіздерге түрлі әлеуметтік нысандар салу жөніндегі біздің өтінімге дер кезінде үн қосқандарыңызға алғысымды білдіремін. Бүгінгі күні біздің бизнес өзінің әлеуметтік жауапкершілігінің жоғары…



