Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Сыбайлас жеморлық дегеніміз не? Оны қалай жеңуге болады?»

2015 жылдың 20 қазанында өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды, тұлғаның қалыпты өнегелік негіздерін,  азаматтық көзқарасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларды қалыптастыру мақсатында №32 ОЖББМ сыныптан тыс «Сыбайлас жеморлық дегеніміз не? Оны қалай жеңуге болады?» тақырыбында сыныптан тыс іс-шарасы өтті.

Сабақ «Ынталы отыншы» әңгімесін тыңдаудан басталып, өтетін іс-шараның тақырыбы айтылды. Кіріспе үшін «миға шабуыл» жасалып, онда ұқсастыру әдісі арқылы оқушылар сыбайлас жемқорлық түсінігіне ұқсас сөздер айтып, оны мұғалім тақтаға жазды.

Одан әрі оқушылар, топтарға бөлініп жағдаяттық тапсырмаларды орындады. Әр топ берілген тақырып пен тапсырманы талқылап, сыбайлас жемқорлыққа немесе оған ұқсас жағдайларға жол бермеу бойынша ұсыныстар ортаға салды.

Сабақ «Сыбайлас жемқорлыққа ЖОҚ дейміз» тақырыбында сурет салу шығармашылық тапсырмасымен аяқталды.

Шараға қатысушылар алдында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы В.Масимова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, бейнероликтер көрсетілді.

Сыныптан тыс шара соңында жоғары сынып оқушыларына «Мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі менің құқығым» және «Сыбайлас жемқорлықтан қалай қорғануға болады?» жаднамалары таратылды.

 


 
0
0
1130

Осы тақырып бойынша

«Сыбайлас жеморлық дегеніміз не? Оны қалай жеңуге болады?» - Yvision.kz