Мазмұнға өту

Жаңа

Нұрлан Әлімжанов: «Қазіргі жастар – бақытты жастар».

Нұрлан Әлімжан: Қазіргі жастар – бақытты кезең жастары. Бүгінде девальвация, дағдарыс деп жатамыз, дегенмен, сол 90-ыншы жылдардағы қиыншылыққа жете бермейді. Кішкене күнімде «шіркін-ай, бірінен соң бірін секцияларға қатыссам деп» ойлайтынмын. Бірақ ауылда секция тұрмақ, мектеп, ауруханалар жабылып жатты. Бүгінгі таңда жастар қай тілді оқимын десе, өз еркі. 1-інші сыныпатан бастап кішкене бүлдіршіндер ағылшынша сайрап жүргенде, қызыға да, қызғана да қараймын. Сіздерге бүкіл жағдай жасалған.

Нұрлан Әлімжановпен кездесуден толық мақаламен танысу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз

0
0
648

Соңғы екі жылда киіктерге қатысты 139 заңсыз әрекет тіркелген

Жуырда ғана Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында екі көлік ұсталып, машинаны тексеру кезінде киіктің жаңа кесілген жүз мүйізі табылды.

Бұл туралы бүгін Алматыдағы «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінде ақбөкендерді қорғауға арналған жиында айтылды. Елімізде киіктер көбіне Үстірт, Орал өңірі мен Бетпақдаланы мекендейді.

Мамандардың айтуынша, 20-шы ғасырдың 50-ші жылдары елімізде 1,5 миллоннан астам ақбөкен болса, 2003 жылға қарай олардан небәрі 21 мың бас қалған. Кейін саны сәл артты. 2015 жылдың көктеміндегі санақ бойынша, 300 мыңға жуық киік тіркелгелді. Алайда биыл жұқпалы індеттен олардың тең жарымы қырылып қалған. «Енді өлген киіктің орнын толтыру үшін кемінде 10 жыл керек», – дейді мамандар. Қазіргі таңда дала сұлуы мекендейтін 123 млн гектар жерді «Охотзоопромның» 220 инспекторы күзетеді. Соңғы кездері инспекторларға оқ ату да жиіліп кеткен. Мекеме басшысының пікірінше, құқық қорғау органдары арасындағы байланысты нығайтпай браконьерлерге төтеп беру қиын.

Ерзат Әлзақов, «Охотзоопром» ӨБ Бас директоры

-Бес жыл бас бостандығынан айыру деген жазалар бар. Егер де соны сотта нақты қылып, 3 жыл, 4 жыл, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қолданса, сол браконьерлер де аяғын тартатын еді деп ойлаймын. Көп фактілер бойынша бізде айыппұл салады.

 

Источник: http://khabar.kz/

0
0
537

Ақбөкендерді заңсыз аулау – ұйымдасқан қылмыстық сипатқа ие болуда – Е. Әлзақов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанда ақбөкендерді заңсыз аулау ұйымдасқан қылмыстық сипатқа ие болуда. Бұл туралы бүгін Алматыда ақбөкендерді қорғау мәселелері бойынша өткен кезекті жұмыс отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Ерзат Әлзақов мәлім етті.

«Киіктерді, яғни ақбөкендерді заңсыз атумен ұйымдасқан қылмыстық топтар айналысады. Олар бұл үшін жол талғамайтын мықты автокөліктер, жылдам жүретін мотоцилдер мен қарда жүре беретін көліктерді пайдаланады. Сондай-ақ, «Турая» жерсеріктік байланыс телефонымен, қару-жарақпен, қосымша жанармай сыйымдылықтарымен, автокөлікке арналған бірнеше мемлекеттік нөмірлермен және ақбөкеннің мүйізін алуға арналған ара және басқа да құрал-саймандармен жарақтанған. Ал инспекторлардан қашқан кезде олар жолға арнайы «тікенек» темірлер тастап кетеді. Яғни, ақбөкендерді атумен қарапайым тұрғындар емес, жол талғамайтын қымбатты шетелдік машина, қымбат қару, спутниктік телефон сатып алуға шамасы келетін адамдар айналысады. Олар ақбөкеннің етін алмайды десе де болады. Байғұс жануарды атып өлтірген соң, мүйізін алып, денесін тастап кетеді. Бұл қылмыстық бизнеске орасан зор қаржы жұмсалады. Сәйкесінше, қылмыскерлер мүйіздерді шет елге қымбат бағаға сатады», – деді Е. Әлзақов.

Сонымен қатар ол, браконьерлік әрекеттермен ұсталып жатқан мемлекеттік қызметкерлердің саны жылдан жылға өсіп жатқандығын жеткізді.«Бұл, ұйымдасқан қылмыстық топтардың әр түрлі мемлекеттік құрылымдарға енгендігін білдіреді. Әр түрлі деңгейдегі лауазымды тұлғалар сұғанақ аңшылықпен айналысуға жиіркенбейді. Мысалы, ағымыдағы жылдың 17-ші қазанында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы аумағында Қызылорда облысының 6 тумасы мінген екі жол талғамайтын автомашина тоқтатылды. Тексеру барысында көліктерден киіктердің жаңа кесілген 100 мүйізі табылып, тәркіленді. Заң бұзушылардың бірі 1974 жылы туылған «Н» есімді азамат Қызылорда қаласының полиция майоры, ішкі істер бөлімінің жедел басқару орталығының аға кезекші инспекторы болып шықты. Міне, сондықтан, браконьерлікпен басқа да табиғатты қорғау құрылымдарымен бірлесе отырып күресуіміз қажет», – деді Е. Әлзақов.

Айта кетелік, соңғы екі жылда елімізде киікті заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау мен жою бойынша 139 қылмыстық іс қозғалған. 90 қылмыстық іс сот органдарына жіберіліп, 126 азамат сотталды. Бүгінгі жұмыс отырысына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Автор: Жаппарберген Айбота

 
0
0
565

Қазақстанда ақбөкендерді заңсыз аулау фактілерін анықтау соңғы жылдары 50 пайызға өсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанда соңғы 4 жыл ішінде ақбөкендерді заңсыз аулау фактілерін анықтау 50 пайызға артты. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Ерзат Әлзақов мәлім етті.
Оның айтуынша, 2012 жылы қылмыстық жазаланатын 33 қаскөйлік әрекеттің жолы кесілген болса, 2014 жылы осындай 71 әрекет анықталды.

«Ал 2015 жылдың басынан күні бүгінге дейін 63 қылмыстық жазаланатын браконьерлік әрекет анықталды. 2012-2015 жылдар аралығында біздің кәсіпорынның инспекторлары ақбөкенге және басқа да өте сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулауға қатысты 213 қылмыстық жазаланатын браконьерлік әрекетті анықтады. Сөйтіп, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандарға қатысты 814 әкімшілік материалдар дайындалды», – деді Е. Әлзақов.

Бұл жерде Ерзат Уәлиханұлы елімізде ақбөкендер мен сирек кездесетін және құрып кетудің алдында тұрған жануарларды мемлекеттік тұрғыда қорғау мақсатында инспекторлардың саны мен техникалардың көбейтіліп жатқанын жеткізді.

«2003 жылы біздің кәсіпорынның базасында тұңғыш рет киіктерді, яғни аөбөкендерді мемлекеттік қорғау қызметі құрылып, бұл жұмысқа 59 инспектор жұмылдырылған еді. Биыл, киіктер және сирек кездесетін басқа да жан-жануарларды қорғау және сақтау аясында біздің кәсіпорынның базасында Бақылау-инспекторлық басқарма құрылды. Оның құрамында үш өңірлік филиал бар. Орталық филиал Астанада, Батыс филиал Ақтөбеде және Оңтүстік филиал Шымкентте орналасқан. Сондай-ақ 15 тірек пункттері бар. Бүгінгі таңда барлығы 220 инспектор өз жұмысында 91 жеңіл автокөлікті, 13 жүк көлігін және қарда жүргіш көліктер мен мотоциклдерді пайдаланады», – деді Е. Әлзақов.

Айта кетелік, өткен ғасырдың елуінші жылдары Қазақстанда ақбөкендердің саны 1,5 млн. жуық болған екен. Алайда, әр түрлі індеттер, қатты аяздар, жыртқыш аңдар және жаппай сұғанақ аңшылық әрекеттердің салдарынан 2003 жылға қарай, елімізде 21 мыңнан сәл ғана астам киіктер қалды.

Ал қазіргі таңда оларды қорғауға қатысты қолданылған мемлекеттік шаралардың арқасында киіктердің саны жылдан-жылға өсіп келеді. Қазақстанда киіктер, яғни ақбөкендер үш аймақта өмір сүретіні белгілі. Бүгінгі таңда Бетпақдала тобында 25-30 мың шамасында, Үстірт тобында 2 мыңға жуық, ал Жайық тобында 51 мыңдай ақбөкен өмір сүреді.

Жалпы, ақбөкендер өсіп-өнуінің тығыздығы мен үйір көлемі азая тұрса да, таралу аймағы және мекендеу алаңы өзгеріссіз қалды. Ол 123 млн. гектарды құрайды. Демек, инспекторлардың жұмысы да, оларға жүктелген жауапкершілік те төмендеген жоқ деген сөз. Олар жануарлардың барлық мекендеу аумақтарын күзетумен айналысуда.

Автор: Жаппарберген Айбота

 
0
0
421

Одағының Қонақтар

«Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сінде «Павлодар облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлерімен кездесу өтті. Орталықтың қонақтары үшін негізгі мақсат топта жұмыс жасау мен шешендік өнерді меңгеру болып табылатын тренингтер өткізілді. Пікірталасты жүргізудін негіздері де берілді. «Самрұқ» жастар бірлестігінің төрағасы Сәулет Габбас қонақтармен қысқа семинар өткізу арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынасты құру негіздерімен бөлісті.

Бұндай қанық кездесу кәсіподақ мүшелерін қызықтырғанын, Павлодар облысы Кәсіподақ орталығы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сін өзара серіктестікке шақырғанынан белгілі болды.

 
0
0
378

Алматы облысының кәсіпорындары «ЭКСПО-2017» құрылысына қатысатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен кездесті, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Облыстың әкімдігі және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ арасында отандық тауар өндірушілерді «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің нысандарын салуға қатыстыруға бағытталған меморандумға қол қойылды.

«Жақында ғана Елбасы атап өткендей, қазіргі дағдарыс 2007 жылдардағыдан әлдеқайда күрделірек. Сондықтан жаңа жұмыс орындарын ғана емес, қазіргі жұмыс орындарын сақтап қалу ерекше маңызды. Сондықтан да біз осы келісімшарттарға қол қойып жатырмыз », – деді Ахметжан Есімов.

Арнайы ұйымдастырылған көрмеде тапсырыс берушілер өнімнің сапасын өзі көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды.

«Өздеріңізге белгілі, Алматы облысының әлеуеті ауқымды. ЭКСПО-2017» сияқты үлкен жобаға біздің тауар өндірушілеріміздің қатысатындығына біз қуаныштымыз» – деді облыс әкімі Амандық Баталов.

«ЭКСПО» бас мердігерлері ықтимал жабдықтаушылармен болашақтағы бизнес әріптестігін Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен нақты шарттармен баянды етті.

Кездесу барысында ұлттық компанияның бас мердігерлері отандық тауар өндірушілермен 11 келісімшартқа қол қойды.

Атап айтсақ, бас мердігер АО «Сембол Иншаат» бірден 4 келісімшартқа қол қойып, «Plast Invest Production» ЖШС, «Компания Sonik» ЖШС, «ПолимерМеталл-Т» ЖШС және «АЛЮГАЛ» ЖШС компанияларымен жұмыс істеуге келісті.

Осындай келісімдер  «Mabco constructions s.a.» мердігері үш шарт- «КнауфГипсКапшагай» ЖШС,  «Хенкель Баутехник Казахстан» ЖШС және «Галакси» ЖШС компанияларымен жасасты. Сонымен қатар, «АБК Кұрылыс-1» компаниясы«КнауфГипсКапшагай» ЖШС- мен және «Жетісу Гранит» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойды.

«Turkuaz YDA Stroy» компаниясы «Табиғи ресурстарды пайдалану және табиғатты пайдалануды реттеу» мемлекеттік мекемесімен, «САЭС Средазэнергострой» компаниясы «АСПМК-519» акционерлік қоғамымен; «СК «Базис» компаниясы «Мекада» ЖШС, «Текели-гранит» ЖШС, «КнауфГипсКапшагай» ЖШС бірге жұмыс істеу ниетін меморандумда бекітті.

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерімен де, атап айтқанда «Көлсай өзені», «Алтын Эмель», «Іле Алатау» мекемелерімен, сондай ақ «Жібек жолы» және «Asia Discovery» туроператорларымен меморандумға қол қойылды

Компания Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен, сонымен қатар Астана қаласының әкімдігімен отандық тауар өндірушілерді қатыстыру туралы меморандумдар жасап, қол қойды.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10630

 
1
0
481

Елімізде Ильич шамының балама түрі шығарыла бастады

Отандық ғалымдардың айтуынша жаңа тауар әлдеқайда тиімді әрі залалсыз.

Өндірісті астаналық Led System компаниясы жүзеге асырды.

Жергілікті мамандар құрылымы күрделі қондырғының жұмыс тәртібін жан-жақты меңгеріп алған. Олар өткен ғасырда шығарылған Ильич шамының жаңа түрін жасауды ТМД кеңістігінде алғаш болып қолға алды. Мамандардың айтуынша, экологиялық зардабы мен энергиялық тәуелділігі төмен тауардың жарамдылық мерзімі 10 жылға жетеді.

Сәбит Нұрахметов, өндіріс директорының орынбасары:

- 1, 2, 3 минуттың ішінде мынадай заттардан кәдімгі шам шығарамыз. Бұл зауытта менен басқа 40 адам жұмыс істейді.Қазіргі уақытта бәріміз жаңа технологияны үйреніп, меңгеріп жатырмыз. Өндіріске шетелдік қондырғы орнатылған. Күн сайын мұнда 5 мың филаментті шам жасалып, арнайы зертханада тексеріледі. Өнімнің әр данасы жоғары кернеулі тоққа қосылып, сапасы сыналады. Кәсіпорында дайындалатын диодты шамдардың бірнеше түрі бар. Әсіресе қуат көзі қалыпты деңгейден аз жұмсалатын бағдаршамдарға деген сұраныс артып келеді.

Амангелді Таукенов, Led System ЖШС директоры:

- Бағдаршамдар жобасын серіктесімізбен бірлесіп жүзеге асырып келеміз. Бүгінге дейін 50 данасын шығардық. Олар Павлодар, Тараз сынды қалаларда орнатылған. Алдағы уақытта диодты бағдаршамдарды EXPO қалашығына қоюға келісім жасаймыз.

Филаментті шамның бірнеше бөлігі импорттың еншісінде. Себебі оған қажетті жұмыр шыны мен тоқ желісі шетелден келеді. Қалған өнім ішкі нарыққа тиесілі. Осылайша, дайын тауар отандық өндірісіміз арқылы тұтынушыға жол тартады. Кәсіпорын аясында қалдықтарды кәдеге жарату орны жұмыс істейді. Жергілікті ғалымдар ойлап тапқан қондырғы жарамсыз шамдарды түгелдей жойып жібереді. Бұл қоршаған ортаны зиянды заттардан сақтаудың амалы.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10634

 
1
0
283

«ЭКСПО-2017» көрмесіне Катар мемлекеті ғылыми жобаларын ұсынады

Қазақстан сонау Аравия түбегіндегі Катар мемлекетімен де экономикалық, инвестициялық серіктестік аясын кеңейте түспек.

Қысы, жазы ыстық ел күн сәулесін кәдеге жарата білетін Катар мемлекеті баламалы қуат көзі күн энергетикасы бойынша өз тәжірибесімен бөлісетін болды. Қазір катарлық ірі компания Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне ғылыми жобаларын әкелуді көздеп отыр.

Аравия түбегінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Катар мемлекетінің аумағы біздің елдей ұлан-байтақ болмаса да, ауқатты ел болып табылады. Басқа да араб мемлекеттері секілді қара алтын мен көгілдір отынға бай Катардың халқы 2 млн-нан сәл ғана асатынын ескерсек, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімінің 100 мың доллардан көп болуы түсінікті де. Парсы шығанағымен шектесіп, Сауд Арабиясымен шекаралас жатқан шағын мемлекетпен серіктесуге Қазақстанның құлшынысы зор. Олар да ерекше ниетті. Әсіресе күн энергетикасын өндіруде қазақстандықтармен әріптестік орнатуға құлықты. Қысы да, жазы да ыстық Катардың күннен қуат өндіруде мүмкіндігі мол, бұл ретте олар Қазақстанның сапасы әлем қызығатын кремнийін импорттап отыр. Күн энергиясын сақтайтын ұяшықтар, пластиндерді де Қазақстан экспорттайды. Доха қаласындағы Qatar Solar Energy компаниясының өкілдері Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне де қатысуға  ниетті. Катарлық күн батареяларын өндіру процесін көрсеткен зауыт құрылтайшыларының бірі Ахмед Аббаси арнайы жоба барын мәлімдеді.

Ахмед Аббасси, Qatar Solar Energy компаниясының бас менеджері:

- Мен Қазақстан компаниясымен әріптестік орнатқанымызға қуаныштымын. Тұрақты энергетика секторында, баламалы қуат көзін өндіруде Қазақстанның да әлеуеті зор. Біз де осы саладағы тәжірибемізді сіздер ұйымдастыратын халықаралық көрмеде көрсетуді жоспарлап отырмыз. Бізде ғылыми институттардың бірнеше желісі бар. Қандай жоба бойынша жұмыс істейтініміз жөніндегі келісімге жақында қол қойылады.

Катарлық компания өкілдері күннен алынатын қуаттың өнеркәсіптік кешендерді қамтуға қауқары жетпейтінін мойындағанымен, бірнеше жылда оның есебінен халыққа таратылатын энергияның бағасын арзандатуға болады деп отыр.

Набих Шерради, Qatar Solar Energy компаниясы техникалық департаментінің директоры:

- Әлем күн энергиясының маңызына ерекше көңіл бөліп отыр. Біз Қазақстанмен әріптестік аясында сапалы шикізаттан бәсекеге қабілетті модульдер жасап отырмыз. Бізді4 панельдер екі жағынан да энергияны тартып, сақтауға қауқарлы.

Шағын мемлекет Қазақстанмен тек күн шуағының пайдасын көруде ғана серіктесіп қоймай, ауылшаруашылығы саласында өзара әрекеттесуге әзір. Шалғай жатқан араб мемлекетімен арадағы тауар айналымы соңғы 8 айда айтарлықтай аз болса да, алыс-беріс бар. Осыдан 22 жыл бұрын дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан екі елдің инвестициялық байланысы айтарлықтай. Астанадағы «Нұр Астана» мешітін қайтарымсыз көмек ретінде қаржы бөлген де осы – Катар мемлекеті. Сондай-ақ Катар тарабы Семейде ядролық сынақ салдарынан жапа шеккендерді оңалту орталығының құрылысына да ықпалын тигізбекші. Астанада жаңа әмір атындағы мектеп те араб мемлекетінің инвестициясына салынады.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10638

 
1
0
438