Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елімізде Ильич шамының балама түрі шығарыла бастады

Отандық ғалымдардың айтуынша жаңа тауар әлдеқайда тиімді әрі залалсыз.

Өндірісті астаналық Led System компаниясы жүзеге асырды.

Жергілікті мамандар құрылымы күрделі қондырғының жұмыс тәртібін жан-жақты меңгеріп алған. Олар өткен ғасырда шығарылған Ильич шамының жаңа түрін жасауды ТМД кеңістігінде алғаш болып қолға алды. Мамандардың айтуынша, экологиялық зардабы мен энергиялық тәуелділігі төмен тауардың жарамдылық мерзімі 10 жылға жетеді.

Сәбит Нұрахметов, өндіріс директорының орынбасары:

- 1, 2, 3 минуттың ішінде мынадай заттардан кәдімгі шам шығарамыз. Бұл зауытта менен басқа 40 адам жұмыс істейді.Қазіргі уақытта бәріміз жаңа технологияны үйреніп, меңгеріп жатырмыз. Өндіріске шетелдік қондырғы орнатылған. Күн сайын мұнда 5 мың филаментті шам жасалып, арнайы зертханада тексеріледі. Өнімнің әр данасы жоғары кернеулі тоққа қосылып, сапасы сыналады. Кәсіпорында дайындалатын диодты шамдардың бірнеше түрі бар. Әсіресе қуат көзі қалыпты деңгейден аз жұмсалатын бағдаршамдарға деген сұраныс артып келеді.

Амангелді Таукенов, Led System ЖШС директоры:

- Бағдаршамдар жобасын серіктесімізбен бірлесіп жүзеге асырып келеміз. Бүгінге дейін 50 данасын шығардық. Олар Павлодар, Тараз сынды қалаларда орнатылған. Алдағы уақытта диодты бағдаршамдарды EXPO қалашығына қоюға келісім жасаймыз.

Филаментті шамның бірнеше бөлігі импорттың еншісінде. Себебі оған қажетті жұмыр шыны мен тоқ желісі шетелден келеді. Қалған өнім ішкі нарыққа тиесілі. Осылайша, дайын тауар отандық өндірісіміз арқылы тұтынушыға жол тартады. Кәсіпорын аясында қалдықтарды кәдеге жарату орны жұмыс істейді. Жергілікті ғалымдар ойлап тапқан қондырғы жарамсыз шамдарды түгелдей жойып жібереді. Бұл қоршаған ортаны зиянды заттардан сақтаудың амалы.

http://gbpp.org/kz/2015/10/10634

 
1
0
256

Осы тақырып бойынша

Елімізде Ильич шамының балама түрі шығарыла бастады - Yvision.kz