Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментіндегі семинар-кеңес.

2015 жылдың 27 қазанында Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департамент мамандарының құқықтық сауатталығын арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш, мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарынан туындайтын кәсіби, автономды мемлекеттік аппарат қалыптастыру, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының жаңа жобасы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының мақсаты мен міндеттері және оның жүзеге асырылуы туралы, Қылмыстық Кодекстің сыбайлас жемқорлық нормалары жөнінде баяндамалар оқыды.

 

0
0
430

консультации для молодежи в консалтинг центре «Кеңес орталығы»

Специалист МК «Жас Отан» ведет консультации для молодежи по реализующимся государственным программам, в том числе «Жастар тәжірибесі», «Сәтті қадам», «Молодежный кадровый резерв», рассказывает о деятельности молодежных организаций регионального и республиканского уровня.

Ждем Вас по адресу: ул. Камзина 171, ТД «Караван»

0
0
285

Студенттер қатарына қосылу

Жастарға қызмет көрсету орталығының холында мерекелік көңіл орнады. Түрлі түсті шарлар, қарқынды әуен, жарқын бейнелі, әзілді плакаттар, барлығы да студенттік тақырыпты танытып тұрды. Ал міне, хол енді салтанатты рәсім кейіпкерлеріне – бірінші курс студенттеріне толды.

Павлодар қаласының басқару колледжі өзінің жаңа тәрбиеленушілеріне нағыз  студент қатарына қосылу шарасын ұйымдастырды. Сахнада ұядан ұшқалы тұрғандардан тілек сөздер естілді. Ұстаздар студенттер жайлы жүргізушілердің қисын сұрақтарына жауап бергенінен өз тәрбиеленушілерін әлде қайда жақсы танып үлгергенін байқадық. Кештің соңында «Апрель» рок тобы шығып өнер көрсетті. Бұл топ мүшелері де басқару колледжінің студенттері.

0
0
742

Н.Раззак: ҚР Конституциясы балаларға өмір сүру құқығы мен еркіндікті және отбасында тәрбиеленуді кепілдендіреді

Астана қаласы жасөспірімдер істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Нәзилә Раззак «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында Қазақстан Республикасы Конституциясының бала құқығына байланысты кепілдемелері туралы әңгімелеп берді.

Ағымдағы Қазақстан Конституциясының 20 жылдығын атап өтеді. Ел Конституциясының 12 бабында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк берiледi. Адам құқықтары мен бостандықтары әркiмге тумысынан жазылған, олар абсолюттi деп танылады, олардан ешкiм айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.

Алайда балалар өз жастарының ерекшелігіне байланысты заңды құқығын толығымен өз бетінше қолдана алмайды. Біздің сұхбатымызда Нәзилә Раззак  Қазақстан Республикасы Конституциясының бала құқығына байланысты кепілдемелері туралы әңгімелеп берді.

«Ағымдағы жылы Ата заңға 20 жыл толады. Осы жылдар бойы әкелік және аналық туралы баптар заң институтымен тығыз байланысты. Әрине отбасы институтына көбірек көңіл бөлінеді. Мысалы, аяғы ауыр әйелдерге немесе көпбалалы отбасыларға. Мемлекет оларға мүмкіндігінше көбірек грант бөлуге тырысуда», - деді Нәзилә Раззак.

Ол атап өткендей, Қазақстанда ерекше шаралар қарастырылған, себебі Конституция азаматтың негізгі құқығын туылған сәтінен бастап бекітеді.

«Неге туылған сәттен бастап құқық бекітіледі? Осы ретте Қазақстандағы құқықмүмкіншілігі мен ақыл есінің дұрыстығы арасындағы айырмашылықты ажырата білу керек. Адамның негізгі құқығы алынып тасталмайды және ол оған туылған сәттен бастап тиесілі. Балалар ол 18 жасқа толмаған тұлғалар. Мемлекет балалық шақты адам өміріндегі маңызды кезең ретінде мойындайды, Қазақстанда оған ерекше көңіл бөлінген», -  деп атап өтті төраға.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабында әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы деп көрсетілген. Сонымен қатар,  Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар деп баса айтылған», - деді Нәзилә Раззак.

Ақпарат көзі

 

0
0
460

Астанадағы қоғамдық көліктер үшін жеңілдікті санаттағы азаматтарды фототіркеу 2015 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды

Астанадағы қоғамдық көліктер үшін жеңілдікті санаттағы азаматтарды фототіркеу жобасы 2015 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды, деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова брифингте.

2015 жылдың тамыз айының 1-нен бастап Астана қаласында жеңілдікті санттағы азаматтарды ақысыз фототіркеу жобасы басталған болатын. Бұл үрдіс жергілікті әкімдіктің қолдауымен қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесін енгізу шарасының шеңберінде өткізіліп жатыр.

«Естеріңізге сала кетейін, жеңілдікті санаттағы азаматтар қатарына: ҰОС ардагерлері мен қатысушылары; зейнеткерлер; отбасы асыраушысынан айырылуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік ақы алушылар; көпбалалаы жанұялар; физикалық мүмкіндігі шектеулі жандар; 16-қа дейінгі мүгедек балалар жатады», - деді А.Жамалова.

Оның айтуынша, фототіркеу үрдісінің басты мақсаты – жеңілдікті санаттағы азаматтардың фотосуреттерінің базасын жинап, арнайы жекешелендірілген жол ақысын төлеу картасын жасау. Кейін, жол ақысын электронды төлеу жүйесі іске қосылғаннан кейін біз жекілдікті санаттағы азаматтардың нақты санын білетін боламыз.

Фототіркеу үрдісі үшін Астана қаласында 25 орын ұйымдастырылған болатын. Әрбір орында арнайы оқудан өткен еріктілер қызмет көрсетуде. Айта кететін жайт, азаматтар 25 орынның кез-келгенінде фототіркеуден өте алады.

«Айрықша атап өтетін жайт, бұл жүйе қоғамдық көлікте мынадай мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді: бір жолғы билеттер есебінің болмауы, жолаушылар ағымының нақты көрсеткіштерінің болмауы,, қоғамдық көлік жұмыскерлерінің кіріс мөлшерін жасыруы,  бүгінгі жол ақысын төлеу жүйесінің қолайсыздығы. Сондай-ақ, жол ақысын электронды төлеу жүйесі қоғамға қызмет көрсету сапасының деңгейін көтеруге, қаржы ағымының және салық жиналымының таза болуына, билетсіз жүретін азаматтардың болмауына көмегін тигізеді», - деді А.Жамалова.

«Егер статистикалық көрсеткіштерге келетін болсақ, бірінші кұні фототіркеуден 401 адам өтті. Келесі күндері олардың саны 10 есе артты да, орташа есеппен алғанда күніне 4500 адамды құрады. Бүгінгі таңда фототіркеуден барлығы 45 мыңға жуық жеңілдікті санаттағы азаматтар өткен болатын. Алайда, соңғы күндері бұл көрсеткіш төмендеп жатыр. Сондықтан, фототіркеуден тамыздың он бесіне дейін өтіп үлгірмеген азаматтар үшін бұл үрдіс мерзімінің ұзарылғандығын естеріне саламыз. Әлі тіркелмеген азаматтар, 25 пункттың кел-келгеніне келіп, фотосуретке түсе алады», - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары үшін де жекешеленген жол ақысын төлеу карталарын жасау жоспарланып отыр. Сондықтан, қыркүйек айында олар үшін фототіркеу шарасы ұйымдастырылады. Алайда, бұл туралы әлі қосымша хабарланатын болады. Қосымша сұрақтарға жауап беру үшін арнайы кол-центр ұйымдастырылған болатын. Оның нөмірі 57-47-77.

Ақпарат көзі

 

0
0
372

ҚР-да ЖҚЖК аясында шамамен 82 мың адам жұмысқа орналастырылды – ДСӘДМ

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тұрғындарды жұмыспен қамту үшін белсенді түрде шараларды қолдануда. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 82 мыңға жуық адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 63 мың, уақытша жұмыс орындарына 18,8 мың азамат жұмысқа орналастырылды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.

Аталып өткендей, 2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 513 жобаның жүзеге асырылуы қолға алынып, оның 151-і өз жұмысын аяқтады. 6,6 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды.

Екінші бағыттың аясында 2,2 мың адам кәсіпкерліктің негіздері бойынша оқыды. Оның ішінде 2063 қатысушы 4,8 млрд. теңге сомасына несие алды, оның 1377-і тұңғыш рет өз бизнесін ашты, 911 қайтарылған қаражат есебінен микронесие алды. Несие алушылар қосымша 2,5 мың жұмыс орындарын ашты.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 13,8 мың адам кәсіби оқумен қамтамасыз етілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 8,2 мың азамат орналастырылды. Жастар практикасына 7,7 мың адам бағытталды. Сонымен қатар, 40 мың азамат мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланусыз жұмысқа тұрды.

Сондай-ақ, үшінші бағыт бойынша азаматтарды депрессиялық аймақтардан әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары және экономикалық өсім орталықтарына өз еркімен көшуге ықпал ету есебінен еңбек ресурстарын жұмылдыруды ұлғайту жобаланып отыр. Сонымен, 2015 жылы 454 адам қоныс аударды.

«Қазақстанда азаматтарды «ЖҚЖК 2020» жобасына тарту мақсатында бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың наурыз-тамыз айларында жұмылдыру топтары 620 ауылдық елді-мекендерге барды. Жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтамасыз етілген 93,6 мың азаматтар түсіндіру жұмыстарына қатысты. Қазіргі таңда 21 мыңнан астам ауыл тұрғындары «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысуға өтініш білдірді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағаннан бері 461 мың адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Оның  60%-ы - жұмыссыздар, 30%-дан астамы өздігінен жұмыспен қамтылғандар және 9%-ға жуығы еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтар.

Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға 37,3 млрд. теңге (2014 ж. – 94,3 млрд. теңге, 2013 ж. – 102,9 млрд. теңге, 2012 ж. – 57,6 млрд. теңге) қарастырылып отыр.

Ақпарат көзі

 

0
0
259

Б.Сапарбаев: Алматы Қазақстанның барлық өңірлеріне білім саласында үлгі болуы тиіс

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Алматыға барды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сапар барысында вице-премьер мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуымен, жаңа оқу маусымына дайындығымен танысып, Алматының қысқы Универсиада-2017-ге дайындық барысын тексерді, сондай-ақ Азиада нысандарын пайдаланудың тиімділігін тексерді.

Атап айтқанда, ол «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенін қарап шығып, Универсиада нысандарын таныстыру өткен салынып жатқан Мұз ареналарын, сондай-ақ 5 мың спортшыны қабылдауға арналған Атлеттер ауылын аралады.

Сонымен бірге, Б.Сапарбаев республикалық және қалалық қан орталықтарын, жалпы білім беретін мектепті, спорт сарайын және Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайын аралап, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытумен танысты.

Сапар барысында вице-премьер қала активінің қатысуымен кеңес өткізді, онда білім мазмұнын жаңарту және оның болашаққа бағдарлануы мәселелері қаралды.

Өз сөзінде вице-премьер Алматының білім беру саласының проблемалы мәселелеріне баса назар аударды.

Бірінші кезекте, бұл мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігіне қатысты екендігін айтып өтті. Б.Сапарбаев қалалық әкімдікке жеке сектор, МЖС және меценаттарды тарту есебінен балабақшалар ашу бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Тағы бір мәселе, оның айтуынша, балалардың қосымша білім берумен аз қамтылуы болып отыр.

«Қосымша білім беру – балаларды өзін-өзі дамытуға үйретудің және оларды еңбекке, спортқа және мәдениетке тартудың тиімді тетігі. Қосымша ұйымдар желісін, оның ішінде жеке сектор арқылы белсенді дамыту қажет», - деп баса айтты вице-премьер.

Вице-премьер колледждер мен ЖОО-дарының түлектерін еңбекпен қамтуды да аса маңызды мәселе деп есептейді.

«Алматы оқу орындарында кадрларды келісім-шартты даярлау және дуальді білім беру жүйесін мүмкін жерлерде белсенді енгізу қажет. Қалалық ЖОО-дары мен колледждердің барлығы өз жұмысында Алматы қаласының даму жоспарын ескеруі тиіс. Кадрлар жергілікті нарық сұраныстары мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға сәйкес даярлануы тиіс», - деп толықтырды ол.

Кеңесті қорытындылаған Б.Сапарбаев басты міндет Мемлекет басшысының білім сапасын арттыру бойынша тапсырмаларын мүлтіксіз орындау болып табылатынын баса айтты. Ол мемлекеттік органдарға мегаполистің білім саласын одан әрі дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

«Алматы Қазақстанның барлық өңірлеріне үлгі болуы тиіс. Сондықтан, біз қаланың білім саласы жақсаруы үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек», - деп түйіндеді вице-премьер.

Ақпарат көзі

 

0
0
267

Н. Назарбаев: Инфляциялық таргеттеуге көшу – мәжбүрлік

Инфляциялық таргеттеуге көшу – ол мәжбүрлік, бүгінгі жағдайда бізде басқа таңдау болмады, жан-жақты сараптай келе теңгенің еркін бағамына көшуді дұрыс деп шештік, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы еліміздің ірі өндірушілерімен кездесу барысында.

«Бүгінде жұмысқа орналасу, жалақыны төлеу жағдайы нашарлап барады. Бүгіннің өзінде бюджетпен байланысты жағымсыз жағдайларды байқап отырмыз. 2015 жылы бағалау бойынша  бюджетке 264 миллиард теңге қаржы түспей қалған. Ал, бұл қаржының барлығын біз көптеген құрылыс жұмыстарына, бағдарламаларға шығындауды жоспарлаған болатынбыз. Осыған дейін хабарлағанымдай,  біз өзіміздің барлық шығындарымызды барыншы қысқартуға мәжбүр болдық, әрине әлеуметтік шығындарды алмағанда», - деді Елбасы.

Н. Назарбаев атап өткендей, мұндай жағдайда Қазақстанның алдында үш таңдау болды және инфляциялық таргеттеуге көшу ол ең дұрысы.

«Осындай қиын қыстау кезеңде үш таңдауымыз болды. Алғашқысы ештеме жасамай қарап отыру, бұл өз кезегінде өндірісімізді төмендетіп, валюталық резервіміздің күлін көкке ұшыру болар еді. Екіншісі теңге бағамын белгілі дәліз аралығында толығымен құнсыздандыру болып табылады. ҚР Ұлттық банкі бұл саясатты соңғы жылдары ұстанып келді. Алайда бұлда алтын-валюталық қордың шығындалуын қажет етеді. Яғни, жаппай шығынға ұшыратады. Сондықтанда, біз жан-жақты сараптай келе теңгенің еркін бағамына көшуді дұрыс деп шештік. Бағам сұраныс пен ұсыныстар негізінде анықталатын болады», - деді Ұлт көшбасшысы.

«Турасын айту керек, инфляциялық таргеттеуге көшу –  ол мәжбүрлік, бүгінгі жағдайда бізде басқа таңдау болмады. Өздеріңіз білетіндей біз өзіміздің бағдарламаларымызды басқаша жоспарладық, алайда дағдарыс әрдайым өз түзетулерін енгізеді. Индустриалды – инновациялық бағдарлама, қайта өңдеу өнідірісін салу осы мәселе бойынша алдын-ала дайындық болатын. Жақсы кездерде ақшаны жинау, қор құру олда дайындық болатын», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент толықтырып кеткендей, Қазақстанның ЕАЭО бойынша серіктестері де өз валюталарын долларға шаққанда құнсыздандырған.  Ресейлік рубль екі есе, беларусиялық 56 пайызға, армениялық валюта 17 пайызға құлдырап кеткен. Осылайша көптеген елдер өз валюталарын жаппай құнсыздандырған. «ҚР Ұлттық банкінің бағалауы бойынша, еліміздің экспорты алғашқы жарты жылдықта 73 пайызға төмендеген. Импорт өсіп, елміздің сауда балансы азаюда. Бүгіннің өзінде біз кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігінің төмендегенін көріп отырмыз және оның бәрі жұмысшыларға әсер етуде», - деп түйді Елбасы.

Ақпарат көзі

 

0
0
398

WorldSkills Competition халықаралық техникалық мамандықтар чемпионатында колледж студенттерінің ұлттық құрамасы жеңіске жетті

WorldSkills Competition халықаралық техникалық мамандықтар чемпионатында колледж студенттерінің ұлттық құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлады ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Аталып өткендей,  Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тарихында алғаш рет, еліміздің колледж студенттері Сан-Пауло (Бразилия) қаласында 11-16 тамыз аралығында өткен, WorldSkills Халықаралық техникалық Конкурстың, чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Құраманың чемпионатқа қатысуы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық оператор «Кәсіпқор» Холдингінің қолдауының арқасында өткізілді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 1200-ден астам қатысушылар үздік деген атақ үшін түрлі құзыреттіліктерде жарысты. Қазақстан құрамасын Әлемдік аренада WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары  таныстырды: Анвар Дауренов (Сылақ және гипс жұмыстары), Сергей Белоносов (Аспаздық іс), Нурлыбек Мухамедияров (Дәнекерлеу жұмыстары), Адлет Токежанов (Дәнекерлеу жұмыстары), Канат Ерман (Кірпішті қалау), Анар Жанбосынова (Шаштараздық іс), Райымбек Ишангалиев (IT- жүйелерін басқару).

«Қазақстан ұлттық құрамасының қатысушылары байқауда тәжірибесі бар басқа елдердің қарсыластарымен қатал бәсекелестік жағдайда өздерінің икемділіктері мен тәжірибесін көрсетіп, төзімділік пен шыдамдылық танытты», - делінген хабарламада.

Чемпионаттың нәтижесінде Сергей  елоносов «Best of Nation» номинациясының медалін жеңіп алды, Әділет Төкежанов «Қырнаушылық іс» командалық жарысында жеңіске жетіп, «WorldSkills Competition» медаліне ие болды. Біздің құраманың сарапшысы «Кірпішті қалау» құзыреті бойынша Қуаныш Айтжанов «WorldSkills Competition Expert»  арнайы атағын алды және WorldSkills International сарапшылар қоғамдастығының толық мүшесі болды. Техникалық делегат WorldSkills Kazakhstan Ұлан Жармухамедов «Шаштараз ісі» құзыреті бойынша қазылар алқасының төрағасы ретінде еңбегі сіңгені үшін WorldSkills Jury President алтын медалін алды.

Айта кетерлік жайт, Қазақ ұлттық құраманың барлық қатысушылары - осы жылы елімізде алғаш рет өткізіліп отырған  WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының жеңімпаздары. Енді чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жыл сайынғы іс-шара болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, WorldSkills – мақсаты жұмысшы кәсібі дәрежесін жоғарылату жеке мемлекттермен қатар бүкіл әлемде кәсіби шебер конкурстарын ұйымдастыру мен өткізу арқылы және  ең жақсы тәжірибені үйлестіру мен жалпы әлемдік стандартта  кәсіби білімді дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс.

Ақпарат көзі

 

0
0
640

Н. Назарбаев: Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы еліміз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала алады

Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы біз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала аламыз, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы елімізді ірі өндірушілерімен кездесу барысында.

«Үкімет пен Ұлттық банктың қабылданған шешімі экспорттаушылардың, «Атамекен» ҰКП мен шағын және орта бизнес өкілдерінің өтініші негізінде қабылданды. Бәсекелестікті қалпына келтіру арқылы біз кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтап қала аламыз», - деп сендірді ҚР Президенті.

Н. Назарбаев атап өткендей, Қазақстанда миллиондаған адамдар өз жұмыс орындарын сақтап қалып, жұмысын одан ары жалғастыруда. «Экспорттаушы кәсіпорындарда қалыптасқан жағдай оның жұмысшыларының жалақысына әсер етпеу керек, келешекте жағдай жақсарады деген ойдамыз, ол бізге еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді  Елбасы.

Президент баса айтқандай, соңғы жылдары әлемдік экономиканың күрт нашарлауы байқалып келеді.

«Дағдарыс барлық бағыттар бойынша кеңінен етек жаюда: шикізат тауары, валюта, қаржы нарығы. Сондықтан бұл «дауылдан» ешкім қашып құтыла алмайды. Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры әлем экономикасының өсімі бойынша болжамдарын тағы да төмендетті. Яғни, 3,5 пайыздан 2,8-2,5 пайызға дейін. Біздің маңызды экспорттық әлеуетіміз мұнай бағасының төмендеуі жалғасуда», - деп түсіндірді Н. Назарбаев.

Сонымен, Елбасының айтуынша, теңге өткен жылдың маусым айындағы 115 доллардан 48,5 долларға дейін төмендеді. Құлдырау 2,4  есе болды. 2011 жылы басталған металл бағасының төмендеуі әліде жалғасуда. Металл бағасының индексі 45,5 пайызға төмендеді. Тек, ағымдағы жылдың өзінде мыстың бір тоннаға құны 6300-ден 5100-ге дейін төмендеді. Мұнай мен металлдың төмен бағасы сақталуда және алдағы бес жылда жағдай солай қалып қоюы мүмкін. «Ішкі жағдайларына байланысты ірі сауда серіктестеріміз Ресей мен Қытай тарапынан қазақстандық экспорттық өнімге деген сұраныс күрт төмендеп кетті. Бұл тенденцияда қысқамерзімді болып келмейді. Ресей экономикасының түсімі екі еседен астам күшейіп кетті. Қытай экпорты шамамен 8%-ға азайды. 2014 жылдан бастап доллардың өзге валюталарға қарағанда нығаюы байқалып келеді. Тек соңғы жылдары еуро долларға қарағанда 26 пайызға, жапон йені 22 пайызға, австралиялық доллар 27 пайызға, канадалық доллар 23 пайызға, норвегиялық крон 35 пайызға,  малазиялық валюта  30 пайызға, чили песосы  18 пайызға, бразилиялық реал 55 пайызға арзандады. Барлық жерлерде жағдай төмендеуде», -  деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Президент толықтырып кеткендей, Қазақстанның ЕАЭО бойынша серіктестері де өз валюталарын долларға шаққанда құнсыздандырған.  Ресейлік рубль екі есе, беларусиялық 56 пайызға, армениялық валюта 17 пайызға құлдырап кеткен. Осылайша көптеген елдер өз валюталарын жаппай құнсыздандырған. «ҚР Ұлттық банкінің бағалауы бойынша, еліміздің экспорты алғашқы жарты жылдықта 73 пайызға төмендеген. Импорт өсіп, елміздің сауда балансы азаюда. Бүгіннің өзінде біз кәсіпорындарымыздың бәсекеге қабілеттілігінің төмендегенін көріп отырмыз және оның бәрі жұмысшыларға әсер етуде», - деп түйді Елбасы.

Ақпарат көзі

 

0
0
328