Белгілі «сырқаттарды» байқатпай емдеу
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік кағидатын қалыптастыру және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің негізгі бағыттарын кеңінен жариялау мақсатында «Облыстық стоматологиялық балалар емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңес барысында қатысушылар 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарымен, Қылмыстық және Әкімшілік Кодекстердегі өзгерістерімен таныстырылды, сонымен бірге 1494 Кеңесші орталығы туралы мәлімет берілді.
Семинар-кеңестің соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.

