Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бала құқығы»

2015 жылдың 3 қарашасында құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында Орал қаласының №40 жалпы орта білім беретін мектебінде «Бала құқығы» ашық сабағы оздырылды.

Сабақтың ой-талқы бөлімінде қатысушылар «бала», «бала құқығы», «баланың міндеттері», «ата-ана» т.с.с. сөздер туралы түсініктерін айтты.

Қызықты болып «Жылдар сөйлейді», «Тәртіп және заң» мен «Жалғасын тап» кезеңдері болды. Өйткені оқушылар экранда шыққан сөздерді өз тәртібімен қойып, жартылай жасырылған мақал-мәтелдердің жалғасын жарыса айтты.

Іс-шарада оқушылар төмендегі талаптарды орындалуына жауапты екендерін ұғынды:

-         Әрбір оқушы ҚР-ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

-         Басқа адамның құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін сақтауға;

-         Табиғатты қорғауға;

-         Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға міндетті.

 

Шара соңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, заң нормаларын сақтау бойынша дәріс оқыды.

0
0
1303

Осы тақырып бойынша

«Бала құқығы» - Yvision.kz