Қазақстан Микронезиямен дипломатиялық қатынастарды орнатты
Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Микронезия Федеративтік Штаттарының тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Джейн Чингиял екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату жөніндегі Бірлескен коммюникеге қол қойды, деп хабарлад СІМ. Қол қою рәсімі барысында екіжақты деңгейдегі ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды, сондай-ақ БҰҰ күн тәртібіндегі Қазақстан мен Микронезия үшін маңызды мәселелері талқыланды. Солардың ішінде – Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі, теңізге шығуға жол жоқ елдердің, кіші арал елдерінің мәселелерін шешу және т.б.Тараптар өзара тиімді байланыстарды мәдениет, білім және туризм салалары төңірегіндедамыту маңыздылығын мойындады. Қазақстан тарапы алдағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне…

