Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат FM толқынында

«Қазақстан РТРК» БҚОФ-мен қол қойылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Жоспары аясында 2015 жылдың 4 қараша күні Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Н.Масимова радионың «Қазақстанның көкжиегі» бағдарламасы тыңдаушыларының алдында сөйледі.

Өз сөзінде В.Н.Масимова радио тыңдаушыларды Департаменттің қызметімен, соның ішінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің жұмысы туралы айтып, бұл орайда жаңа құрылған Агенттіктің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігіне назар аударылды. Одан әрі қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресін шоғырландыру, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптардың білім бағдарламасына қосылуы және БАҚ рөлі жөнінде айтылды.

В.Н.Масимова сұхбатының соңында радио тыңдаушыларды заң нормалары бойынша және сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болғанда Агенттіктің 1494 Кеңес орталығына қоңырау шалу арқылы кеңестер алуға болатындығы туралы ақпараттандырды.

 
0
0
459

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат FM толқынында - Yvision.kz