Мазмұнға өту

Жаңа

«Kazsport» телеарнасы Алматы қаласында комментаторларға кастинг өткізеді

Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22:00-ге дейін [email protected] адресіне жіберу қажет. «Kazsport» телеарнасы 14 қараша күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының ғимаратында (Желтоқсан даңғылы, 177) комментаторларға кастинг өткізеді. Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22:00-ге дейін [email protected] адресіне жіберу қажет. Алматы қаласында спорттық шаралар көп өткізіледі. Сол себепті телеарнаға еліміздегі ең ірі қалада тұратын жергілікті комментаторлар аса қажет. «Kazsport» телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады. Айта кетейік, бұл телеарнаның 2015 жылы төртінші, Алматыда өткізіп отырған бірінші…

0
0
225

«Kazsport» Мароккода өтетін самбодан Әлем чемпионатын көрсетеді

13-15 қараша аралығында Марокконың Касабланка қаласында самбодан Әлем чемпионаты өтеді. Айта кетейік, әлемдік дода Африка құрлығында тұңғыш рет ұйымдастырылады.

«Kazsport» телеарнасы Әлем чемпионатының 3 жарыс күнін көрсетеді.

КӨРСЕТІЛІМ КЕСТЕСІ:

 

14 қараша

09:20. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 1-ші күн

 

15 ноября

13:45. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 2-ші күн

01:00. САМБО. Әлем чемпионаты. Касабланка (Марокко). 3-ші күн. Тікелей эфир

0
0
297

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Онлайн дауыс» байқауының 2-ші кезеңі басталды

12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 30 қазан мен 11 қараша аралығында «Онлайн дауыс» байқауының 1-ші кезеңі өтті. Оның қорытындысы бойынша 35 үміткер іріктелді.

Енді 12-15 қараша аралығына байқаудың дауыс беру кезеңі өтеді. Үміткерлерді қолдау үшінonlinedauys.kaztrk.kz сайтында дауыс беруге болады.

Байқау жеңімпазы 17 қарашада анықталады. «Онлайн дауыс» байқауының жеңімпазы бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы өзі таңдаған бағдарламаға қонақ ретінде қатысады.

 

Бағыңды сына!  Онлайн бол!

0
0
398

«Таңшолпанда» Құрмаш Маханның Тайландтың Пхипхи аралында түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді

Әнші, сазгер Қ.Махан - «Таңшолпан» студиясында қонақта.

Ұлттық арна эфирінен «Шаттығым» атты әнге Тайландтың Пхипхи аралында түсірген бейнебаянының тұсауы кесілді.

«Бұдан да бөлек, жаңа әндер жазылуда. Халық бағасын бере жатар. Келер жылы шығармашылық концерт өткізу жоспарда тұр. Жеке кеш ұсыну да - ойда жүрген істердің бірі.  Тыңдармандарыма сахнада жүрген 25 жылдық еңбегімнің есебін берсем деймін», дейді әнші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

0
0
254

Әнші Бүркіт: Әскердегі соңғы жарты жылым гастрөлдік сапарлармен өтті

Әнші Бүркіт Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта.

Жуырда әншінің «Айналайын» атты жаңа әні жарыққа шықпақ.  Сондай-ақ, желтоқсан айында тыңдармандарына«Мемлекетім» атты әнге түсірілген бейнебаянын ұсынатынын жеткізді.

Шығармашылық жолы туралы әңгімелеген өнер иесі «Музыка әлеміне домбыра арқылы келдім. 7 жыл домбыра мектебінде оқыдым. Бұл аспап әрқашан өзіммен бірге.

Әскер қатарында жүріп те «Нұрсат» деген музыкалық топтың құрамында болғанмын. Тіпті әскердегі соңғы жарты жылым гастрөлдік сапарлармен өтті», дейді.

Әншінің продюсерлігімен қазақ сахнасына жуырда жаңа топ қосылмақшы. Толығырақ «Таңшолпаннан»көріңіздер.

0
0
246

Тұрғындар тұрмысы билік назарында!

Елімізде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға айрықша мән берілуде. Осыған орай, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» және өзге де бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қанат қақты. Бастысы, бұл бағыттағы іс-шаралар барлық өңірде өз деңгейінде қолға алынуда. Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – тұрғындар тұрмысын көтеру. Әсіресе, жұмыссыз жүрген жандардың еңбекке орналасуына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта жүзеге асып жатқан «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бір миллионнан астам қазақстандық екі қолға бір күрек тапты. Қалалар мен елді мекендерде жаңа жұмыс орындары ашылды. Жергілікті билік өкілдері ірі кәсіпорындармен, шаруа қожалықтарымен келіссөздер жүргізіп, қарапайым халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасады. Соның нәти…

0
0
427

Сенат мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңды қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын екі оқылымда қарап, қабылдады. Аталған Заң Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 20 ақпанда қол қойған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңды іске асыру шеңберінде әзірленген. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, оңалту саласындағы көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, олардың қажеттіліктерінің ерекшелігін ескере отырып, еңбек етуге, физикалық қоршаған ортасына, оның ішінде көлікке, ақпарат пен байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау мақсатында Заң жобасы арқылы 24 заңнамалық актіге, оның ішінде…

0
0
297

Ауыл шаруашылығының ЖІӨ-сі 9 ай ішінде 2 млрд теңгені құрады – АШМ

Ауыл шаруашылығы саласын осы жыл бойынша қорытындылай келе, республика бойынша 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 1866,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкесінше уақыт көрсеткішінен 3,1% есеге артық, деп хабарлады ведомство. Бұған өсімдік шаруашылығындағы өнім өндірісінің көлемінің 3,1%-ға, еттің барлық түрінің – 2,5%-ға, сиыр сүтінің – 2,4%-ға, тауық жұмыртқасының – 11,8%-ға өсуі сеп болды. Ұйымдасқан шаруашылықтарда мал басының саны да арта түсті. Сонымен, жылқы саны 2 132,5 мың бас, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға жоғары. ІҚМ – 6 649,8 мың. бас (2,6%-ға артық), қой және ешкі 20 556,3 мың бас (0,9%-ға артық), құс – 38 479,8 мың бас (5,2%-ға артық). Сондай-ақ, саланы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламасы да сәтті ж…

0
0
389

Қазақстандық экономиканың еуразиялық бірлестікке қатысуы ТШИ ағымын 65%-ға дейін арттырды

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Strategy2050.kz» АА Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдары ұсынған жаһандық бастамаларының 10-дығын жариялайды. 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы ММУ-де Қазақстан Президенті алғаш рет Еуразиялық одақ құру туралы идеясын ұсынды. Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық туралы идеясы мыңдағын жылдар бойы еуразиялық халықтардың рухани-адамгершілік және мәдени-тарихи қарым қатынасына негізделген. Еуразиялықтың негізінде ашықтық, төзімділік, жаңашылдықты және пайдалы дүниені қабылдауға деген дайындық жатыр. Қазіргі таңда еуразиялық бастама бұрынғы КСРО аумағында, атап айтқанда Қазақстанның еуразиялық идеясы соңғы кездегі экономикалық интеграциямен үндеседі – Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) пен Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО). «Жалпы Қаза…

0
0
486

Шымкентте қаланың бес жылдық даму тұжырымдамасы таныстырылды

ОҚО әкімдігінде өңір әкімі Б.Атамқұловқа қала әкімі Ғ.Әбдірахымов Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасын таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Шаһардың бес жылдық даму жоспарындағы басты тапсырмалар мен мегаполистің тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерді қамтитын құжатта тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, білім мен мәдениет, денсаулық сақтау және қауіпсіздік, қала құрылысы мен сәулеті, кәсіпкерлік сынды бірқатар салалар да қарастырылған. Тұжырымдамада қаладағы инфрақұрылымды дамытуға басты назар аударылған. Мәселен, Шымкентке кейіннен қосылған аудандарда бес су тазарту құрылысы салынып, қаладағы «Бадам» мен «Қошқар Ата» су тоғандарына ағатын кәріз сулары тоқтатылатын болады. Мұнан бөлек, автомобиль жолдарындағы көлік кептелістер…

0
0
430