Ашық келісім жасау арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспары
Бұқаралық ақпарат құралдарымен, мәдениет қайраткерлерімен, кинематографиялық ұйымдармен және басқа да мәдениет ұйымдарымен ашық келісім жасау арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспары
2015 жылдың 13 қараша күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік) бейне байланыс жүйесі арқылы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бұқаралық ақпарат құралдарының, журналисттердің, кинематографиялық мекемелердің, мәдениет қайраткерлерінің рөлі» тақырыбында ашық келісім алаңы өткізіліп, аталған іс-шараға Республиканың аумақтық департаменттері қатысты.
Ашық келісім жасаудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелерін кеңінен жариялау және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізетін саясаты арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарын шоғырландыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін көркем және мәдени құндылықтарды пайдаланумен жағдайлар жасау болып табылады.
Аталған іс-шарада Агенттіктің мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын-алу Департаментінің басшысы А.А. Көмекбаев бейне байланыс жүйесі арқылы өзінің құттықтау сөзін жеткізді.
Сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау басқармасының қызметкері К. Айтақын бірлескен іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Іс-шара барысында ҚР кинематографиялық ұйымдардың және БАҚ белсенділері сөз алды. Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ң баспасөз хатшысы А. Жумагалиев, Қазақстанның Интернет Ассоциациасының президенті Ш. Сабиров, Қазақстан журналистер одағының төрағасы С. Матаев, Қазақстан кинематографиялық ұйымының төрағасы И. Вовнянко баяндамалар жасады.
Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылауға БАҚ басшылары және ОҚО мәдениет қайраткерлері қатысты.
Іс-шара соңында бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашық келісім жасауға өз ұсыныстарын ортаға салды.
