Мазмұнға өту

Жаңа

«Нұрлы жол» президенттік бағдарламасына 1 жыл толды

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, жаңа экономикалық саясат туралы айтқанына бір жыл толып отыр. Құжат елдің алдағы уақыттағы мақсаттарының негізгі басымдықтарын анықтайды. Атап айтсақ, ол көліктік-логистикалық даму, индустриялды және энергетикалық инфрақұрылымды ілгерілету. Оның ішінде жұмыспен қамту сынды әлеуметтік аспектілерге аса мән берілген. Қолжетімді баспана, ТКШ жаңғырту, мектеп құрылысы мен ауруханалардың ашылуы да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнестің рөлін күшейту де мақсатқа алынған. 1 жыл аса ұзақ уақыт емес. Бірақ, осы қысқа уақыт ішінде «Нұрлы жол» қабылданғалы қазақстандық қоғамның алға ілгерілегені байқалды. Қазіргі таңда жаңа экономикалық жағдайында аталмыш құжат даму локомотиві бо…

0
0
392

Қанат Ислам: «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарына алғыстан басқа айтарым жоқ

Қанат аға, жиырмасыншы жеңісіңіз құтты болсын! Қазақтың абыройын асқақтатып, беделін тағы бір көтердіңіз. Шын қуандық. Қарсыласыңызды алғашқы раундта-ақ құлаттыңыз. Ең оңай жекпе-жегіңіз осы болған шығар? — Мен бұл жарысқа өте көп дайындалдым. Негізі бұл жекпе-жек сәл ертерек өту керек еді. Түрлі себептермен кейінге шегеріле берді. Шамамен 6 ай бойы осы жарысты күттім. Спорт ол қиындықтардан тұрады. Биік белес бағындырып, қазақтың атын шығару үшін мен соның барлығынан өтуім керек. Сабыр сақтап, шыдамдылық танытып, күнделікті жаттығуымды үзбедім. Тіпті әдеттегіден де көбірек жаттығып, техникалық мүмкіндіктерімді арттыруға күш салдым. Ешбір қарсыласқа анау әлсіз мынау мықты деп қарамаймын. Әр қарсыласқа тиянақты дайындаламын. Бұл жолы 10 раундтық кездесу болады деп, дайындалып шыққан едім.…

0
0
372

«Микки маус клубы» сайысының 10 қараша күнгі жеңімпазы анықталды

«Микки маус клубы» сайысының  10 қарашадағы жеңімпазы анықталды. Ол - Арайлым есімді қатысушы.

Жеңімпаз 15 сұрақтың бәріне дұрыс әрі жылдам жауап беріп,  1000 ұпай жинаған. «Балапан» телеарнасы Арайлымға арнайы Миккиден сыйлық ұсынады.

«Микки маус клубы» сайысы осымен  аяқталды. Бір апта бойы өткен байқауда 7 ойыншы топ жарды. Оларға сыйлықтар табыс етіледі.

Ойынға қатысқан барлық балаға алғыс айтамыз!

0
0
802

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасы 50 жылдығын атап өтуде

Павлодар облыстық телеарнасының жартығасырлық тойын өңір жұртшылығымен бірге бөлісу үшін Мәдениет үйінің акт залында сағат 11.00-ден 13.30-ға дейін салтанатты жиналыс өтеді. Оны көрермендеріміз сол күні тікелей эфир арқылы көре алады. Сол жиында «Қазақстан -Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Аймақтың басты арнасы – Главный телеканал Прииртышья» кітабының тұсауы кесіледі. Сағат 15:00- 16:00 «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арналған «Аймақтық БАҚ-тың қоғамдағы ролі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, «Қазақстан - Павлодар» телеарнасы мен Ресей Федерациясы Алтай мемлекеттік телерадиокомпаниясы арасындағы Меморандумға қол қойылады. Алыстан келген меймандармен «Қазақстан - Павлодар» телеарнасының 50 жылдығына арнап безендірілген трамваймен шағын экскурсия жасап, Павлод…

0
0
886

«Қазақстан-Семей» филиалын «Қазақстан-Өскемен» филиалына біріктіру мәселесі бойынша «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз мәлімдемесі

Қазіргі уақытта «Қазақстан» РТРК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) Корпорацияның тиімділігін арттыру мақсатында оны трансформациялауды жүзеге асыруда. Мемлекет аумағының 98% хабар таратумен қамтитын және әр өңір орталығында орналасқан 13 облыстық және Семей қаласындағы 1 қалалық филиалы бар, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыратын «Қазақстан» телеарнасы Корпорацияның басты медиа-ресурстарының бірі болып табылады. 1997 жылы өңірлерді әкімшілік реформалау кезінде Семей және Шығыс Қазақстан облыстары біріктіріліп, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласындағы бір орталыққа бағындырылды. Нәтижесінде, бір әкімшілік-аумақтық бірлікте бірін-бірі қайталайтын 2 телеарна қызмет атқара бастады. Бұл жағдай мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуына алып келді. Бұдан басқа, «Ақпараттық Қазақстан – 2020…

0
0
995

Бои Ислама и РТРК «Қазақстан»

В последние дни, среди любителей бокса не утихают страсти касательно прошедшего 7 ноября поединка казахстанца Каната Ислама с доминиканским боксером Хонатаном Батистой. АО «РТРК «Қазақстан» регулярно следит за профессиональной карьерой Каната Ислама и старается не упускать возможность освещения поединков с его участием. Как известно, все свои бои на профи-ринге Канат проводит зарубежом. Канат Ислам – как человек новый в мире профессионального бокса, где, как известно, ключевую роль играют рейтинги, занимает только 90-ю строчку в мировом рейтинге проффесиональных боксеров. По этой причине, его бои, в основном, попадают в сетку «разогревочных поединков», которые редко включают в программу международных трансляций. Вечер бокса, в рамках которого Канат провел свой двадцатый бой, соответственн…

0
0
304

«Қазақстан» РТРК және Исламның кезекті жекпе-жегі

Соңғы күндері бокссүйерқауым арасында 7 қараша күні өткен қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен доминиканалық боксшы Хонатан Батистаның жекпе-жегіне қатысты дау басылар емес. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы қадамын үнемі қадағалап, оның қатысуымен өткен барлық сындарға ақпараттық қолдау көрсету мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады. Көпшілікке аян, Қанат жекпе-жектерінің барлығын шетелде өткізіп жүр. Кәсіпқой бокста рейтингтің маңызы зор екені аян. Ал Ислам бұл салаға жаңа келген адам. Оның үздік боксшылар тізімінде бар болғаны 90-шы орында тұрғаны және белгілі. Сол себепті қазірше ол өткізген кездесулер халықаралық трансляциялар тізіміне ілінбеуде. Қанаттың жиырмасыншы жекпе-жегі де аталған себеппен көпшілік назарынан тыс қалды. 7 қараша күні Майамиде өткізілген бокс к…

0
0
389

2015 жылдың Жас Барыстары

Қараша айының 4-7 күндері Орал қаласында қазақ күресінен республикалық « Жас Барыс» турнирі мәресіне жетті.  14-15,  16-17, 18-19 жас аралығында үш топта сынға түскен жас балуандардың бәсекесіне еліміз бойынша 260 спортшы қатысты.


0
0
712

Қызылордалық полицейлер жол көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматтарға көмек берді

2005 жылдың 26 қазанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының бастамасымен қарашаның үшінші жексенбісі жол-көлік оқиғасының құрбандарын Дүниежүзілік еске алу күні болып бекітілген болатын. Аталмыш күн аясында Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қараша айының 09-15 күндері аралығында «Жол жүрісі қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы өткізілуде. Бұл акцияның мақсаты – жол-көлік оқиғасында көз жұмғандарды еске алу және ауыр қазаға ұшыраған отбасылардың қайғысына ортақтасу, өзара сыйластық, жолда қауіпсіздік ережесін сақтау, жүргізушілердің мәдениетін арттыру тұрғысынан жол қозғалысы қатысушыларының санасын өзгертуде әлеуетті қоғамдық қолдау көрсету болып табылады. Аталған акция аясында қараша айының 11 күні Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция бас…

0
0
342