Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар

Ерлердің сырт киімін таңдағанда не нәрсеге мән берген жөн?

Қыз-келіншектер сырт киім таңдағанда көп ойланады. Ал, ер-азаматтар үшін бұл істе жалғыз ғана қағида бар. Ол -  «Сұлуынан жылуы».

Десе де, ерлер сырт киімді таңдауда не нәрсеге мән бергендері жөн?

  • Жігіттердің киімі жылулығымен қоса, сәнді болуы керек;
  • Қысқы қалың бас киімдерді ыңғайсыз көретін ер-азаматтар капюшонды сырт киімді таңдағандары жөн;
  • Көлік айдайтын жігіттер үшін белін жауып тұратын ұзындықтағы киім таңдаған дұрыс. Себебі, көлік іші ыстық болса, сыртқа шыққан жағдайда бірден суық тию қаупі жоғары;
  • Таза былғарыдан тігілген киімдерді таңдайтындар үшін пайдалы тұсы - дақ жұқтырып алған жағдайда, сүртіп кетіру жылдам әрі оңай.

Ал, таза құндызды жасандыдан қалай ажыратуға болады? «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасының кеңестері кәдеңізге жарасын!


0
0
429

Осы тақырып бойынша

«Бірге таңдаймыз!». Сырт киімді таңдауда есте ұстауға тиісті қағидалар - Yvision.kz