«Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды
Марапат Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.

Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты II Халықаралық медиафорумында «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі Рүстем Жүніс марапатталды.
Форум мақсаты - қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту мен дамыту, отандық БАҚ-тың бәсекелестігін арттыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік моделін насихаттау.
Марапат Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала елі» республикалық экспедициясынаатсалысқаны үшін Қазақ географиялық қоғамы атынан табысталды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
