Мазмұнға өту

Жаңа

«Әйел бақыты» хабары стиліне көңілі толмайтын аруларға көмектеседі

Екі аптада бір рет қайталанып отыратын тұрақты шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:00-де көріңіз.

Жасқа, дәрежеге, материалдық және психологиялық жағдайларға қарамастан, әйел адам әдемі болып жүруі тиіс. Әдемі болып көрінудің еш қиындығы жоқ.  Бар болғаны, еріншектікке жол бермеу.

Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды.

Себебі, психологтардың айтуынша, сырт келбеті арқылы әйел әлемге өзін таныстырады.

Әр әйел әдемі болуға лайық, сондықтан «Әйел бақыты» хабары өзіне сенімсіз, стиліне көңілі толмайтын аруларға көмек береді.

Екі аптада бір рет қайталанып отыратын тұрақты шығарылымды бүгін Ұлттық арнадан сағат 15:00-де көріңіз.

0
0
334

«Kazsport»телеарнасы самбодан әлем чемпионатын көрсетеді

Қарашаның 13-і мен 15-ші жұлдызы аралығы Марокконың Касабланка қаласында самбодан әлем чемпионаты өтеді. Аталған спорт түрімен айналысатын барлық жұлдыздардың басы қосылар жарыста қазақстандықтарды да ерекше атап өтуге болады. Қазақстан құрамасының алдына қойылған мақсат – былтыр Жапонияда өткен әлем чемпионатындағы нәтижеден кем түспеу. Күншығыс елінде отандастарымыздың 3 алтын, 1 күміс және 6 қола жүлде ұтып алғанын естеріңізге сала кетеміз. Бұл жылы да ұлттық құрама жетекшілері спорттық самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыровқа, әскери самбодан үш дүркін әлем чемпионы Алмас Сүлейменовке, әскери самбодан екі дүркін әлем чемпионы Арман Оспановқа ерекше сенім артады. Команда қатарында талантты жастар да жоқ емес. Солардың бірі қыздар арасындағы спорттық самбо шебері – Ділдәш…

0
0
470

Елжан Біртанов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 901 қаулысымен Біртанов Елжан Амантайұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды. Тағайындауға дейін Е. Біртанов «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС Басқарма басшысы қызметін атқарды. Елжан Біртанов 1971 жылдың 18 қазанында Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ол Алматы медициналық институтында, Аризона штатының университетінде, Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясында, Шарите университеттік клиникасында (Германия), Тұран университетінде, Duke University, Fuqua School of Business (АҚШ), Global Executive MBA магистратурасында білім алған. Ол Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету емханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсиколог…

0
0
326

Қазақстандықтардың 98 пайызы қазақ елінің азаматы болғанын мақтан тұтады

Қазақстандықтардың 98 пайызы қазақ елінің азаматы болғанын мақтан тұтады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім мәдениеті» атты ІІ халықаралық медиа форумның жалпы сессиясында ҚХА Төрағасының орынбасары - хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов айтты. «Соңғы әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес халықтың 98 пайызы біздің еліміздің азаматы екендігін мақтан тұтатындығын білдірген. 95 пайызы басқа барлық этностардың өкілдеріне оң қөзқараста екендігін атап өткен», - деді ол. Сонымен қатар Е.Тоғжанов бұл бос сандар еместігін, елдегі шынайы ахуалдың нақты көрінісі екендігін атап өтті. Елімізде жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың айқын нәтижесі екендігін баса айтып, биылғы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы екендігіне ерекше тоқталды. «Қазақстан халқы…

0
0
288

Инсулинді енгізудің жаңа әдісін тапқан жас ғалым 7,5 млн. теңгелік грантты жеңіп алды

Бүгін Астанадағы «Қазақстан - жаңа жаһандық инновациялық хаб» халықаралық инновациялық форумы аясында жылдың үздік ең жас ғалымдары белгілі болды. Жалпыұлттық инновациялар байқауындағы «Үздік жас ғалым» аталымына 100-ден астам өтінім келіп түскен. Оның қорытындысы бойынша сарапшылық комиссия 10 финалисті іріктеді. Бүгін конференция аясында 10 жас ғалым өздерінің жобалары бойынша таныстырылым өткізді. Айта кетерлігі, осы аталымға қатысуда ең жоғары белсенділікті Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары танытты. «Жылдың үздік жас ғалым» атағы мен 7 500 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені Назарбаев Университетінің түлегі Дана Ақылбекова жеңіп алды. Ол байқауға денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеуін ұсынды. Жас ғалым диабеттің екінші типімен ауыратын адамдарға инсулин енгізуді…

0
0
277

«Нұр Отан» партиясында дуальдік білім беруді дамыту мен ТжКБ ұйымдары түлектерін жұмысқа тұрғызу мәселелері талқыланды

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, партиялық куратор Г.И.Исимбаеваның Сайлауалды тұғырнаманың «Білім беру және ғылым» бағытындағы сарапшы тобының отырысы өтті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. Шара барысында партия кураторы Г.Исимбаева партиялық тұғырнаманы іске асырудағы соңғы 3,5 жылда көрсеткіштердің жоспарға сәйкес орындалып жатқанын атап өтті. Айталық, партия тұғырнамасында дуальдік білім беруді енгізіп жатқан колледждер санын арттыру қарастырылған. 2013 жылмен салыстырғанда, ағымдағы жылы мұндай колледждер саны 176-дан 348-ге, яғни, 2 есеге өсті. Бұдан бөлек, еліміздің барлық өңірлерінде кәсіби техникалық колледждер құрылуда. Сонымен қатар, ол қатысушыларды дуальдік білім беру мәселелерінің бірқатары реттелген «Білім туралы» Заң жоба…

0
0
382

Елбасы Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды. Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды: -Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, жер учаскесін мақсатты пайдалану ресімдерін жеңілдету бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы; Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық пайдалануға жағдай жасау, жеке кәсіпкерлік субьектілерді ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту жолымен ғылыми саланың тиімділігін, иннова…

0
0
279

Сенат мүгедектердің құқықтарын қорғауға бағытталған заңды қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын екі оқылымда қарап, қабылдады. Аталған Заң Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 20 ақпанда қол қойған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңды іске асыру шеңберінде әзірленген. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, оңалту саласындағы көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, олардың қажеттіліктерінің ерекшелігін ескере отырып, еңбек етуге, физикалық қоршаған ортасына, оның ішінде көлікке, ақпарат пен байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау мақс…

0
0
266

Майя Маслова-Исмаилова: Қазақтың термесі философиялық мағынасының тереңдігімен ерекше

Термеші, дәстүрлі әндердің орындаушысы Майя Маслова-Исмаилова - «Таңшолпанда» қонақта.

«Түркі халықтары музыкасының тамыры бір. Бала кезімнен түсінбесем де, Әзірбайжан халқының  мугам деген дәстүрлі әнін тыңдайтынмын.

Оның ішінде қазақтың термесі зор мәнділігімен, философиялық мағынасының тереңдігімен ерекше. Қолыма домбыра алып, жыр-толғаулар орындауыма Сарайшықтың киелі топырағы да әсер еткен болар», дейді әнші.

Өнер иесі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тыңдармандарына «Бейбарыс баба» әніне түсірілген бейнебаянын ұсынбақ. Ал, әншінің орындауындағы Махамбет Өтемісұлының «Мен, мен едім» термесін «Таңшолпаннан»тыңдай аласыздар.

0
0
2361

Бүгін — Евгений Брусиловскийдің туған күні

Евгений Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнаған жан.

1905 жылы Дондағы Ростов қаласында дүниеге келген. Қазақ музыкасын тереңінен зерттеген композитор 1934 жылы алғаш рет «Қыз Жібек» операсын көпшілікке ұсынды.

1934-1938 жылдары Қазақ музыкалық театрының музыкалық жетекшісі, 1944-1951 жылдары Қазақ филармониясының көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.

Саналы ғұмырында тоғыз опера, екі балет, тоғыз симфония жазды. Қазақтың 250-ден астам ән-күйін жазып алып, 500-ге жуық әндер мен романстарды өмірге әкелді. Оған өнерге сіңірген еңбегі үшін КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Композитордың шығармашылық жолы туралы толығырақ «Таңшолпанда».

0
0
401