Мазмұнға өту

Жаңа

Отандық зауыттар шетелдік нарыққа инновациялар арқылы шығады

Қазақстанның металлургиялық компаниялары халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болып тұр. Еліміздің металлургия зауыттары инновациялық технологияларын Мәскеуде өткен «Металл-Экспо-2015» көрмесінде таныстырды. Оған әлемнің үздік деген 32 компаниясы қатысты. Ақтөбенің рельс арқалықтарын шығаратын зауыты өндірісін былтыр бастаған. Бұл – елімізде экологиялық технологияны алғашқы пайдаланушы инновациялық кәсіпорын. Осы көрмеде шетелдік компаниялардың қызығушылығын тудырған тағы бір отандық өндіріс – металлургиялық пештерге сумен салқындатқыш элементтерді құятын технологияны енгізген «Кастинг» компаниясы. Зауыт өз өнімдерімен Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оңтүстік Корея, Англия, Шотландия, Германия мен АҚШ-ты қамтамасыз етеді. Виталий Чевтаев, «Кастинг» компаниясының директоры: -…

1
0
617

Астанада «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференция өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты xалықаралық конференция өтуде. Аталмыш шараны ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global жобасын дамыту коалициясы», Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, Қазақстанның еріктілер альянсы ұйымдастырып отыр. Форум қатысушыларына ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов құттықтау сөзін жолдады. Құттықтау сөзді ҚР Энергетика министрі В. Школьник оқып берді. «Қазақстанда 2017 жылы Болашақ энергиясы тақырыбында ЭКСПО көрмесі өтеді. Астана күн, жел, биогаз, теңіз және термальді сулардың энергиясын қолдану бойынша әлемдік жаңалықтар мен трендтер ұсынылатын алаңға айналады. Баламалы энергетиканы пайдалану бойынша әл…

1
0
332

Қазақстан технологиялық келешекке нық қадам басты

Батыстың технологиясына қарап бой түзеудің қажеті жоқ, Силикон алқабы Қазақстанға өзі келеді. Ал дәл қазіргі қысылтаяң кезеңді инноваторлар тиімді пайдаланып қалуы тиіс. Өйткені ең жақсы бастамалар дағдарыс кезінде іске асады. 2 мың 700 адамның басын қосқан Techconnect технологиялық конференциясына келген шетелдің азулы сарапшылары форумды осындай айшықты пікірлермен түйіндеді. Ақыл-ой мен қиялдың жемісі шам болып жанса, Астана бүгін күллі Еуразияға сәуле шашатын жарық қалаға айналар еді. Себебі Techconnect Орталық Азия, Еуропа, ТМД мен АҚШ-тың озық ойлы сарапшыларымен Қазақстанның үздік стартап авторларын бір алаңда тоғыстырды. Бұл – отандық жас инноваторлардың шағын идеяларына кең өріс ашып, бірден өндіріске қосуға жол ашатын таптырмас әрі алғашқы форум. Шараның кіріспесін бастап, Елбас…

1
0
486

Əлі де сені ойлаймын..

Мен қайта оралдым. Бірақ сіздер білетін Акония емес мулдем басқа адам. Жан дүнием өзгеріп сала бергендей.Мені өткеннің елестері мазалағанын əлі де қойған жоқ. Хабарласты сөйлестік басында оны сағынғаным соншалық құшағына құладым құлап бара еш əрекет жасамады.Қайта жарасы енді ғана бітіп жазылған жүректі тағы бір қансыратты. Осы жолы сені ұмыттым деген сөз емес 《Мен басқа қызды сүйіп қалдым》дегені. Сол сəтте айнала бір мезетте қатып қалып телефонның ар жағында ало-ало деген сөздер еміс -еміс құлағыма келе бастады... Ия жақсы болыпты екеуіңе бақыт тілеймін деген сөз көмейімде тұрып, ары сыртқа шыға алмады оны шығарам деп талпынсам да болмады. Осылай 7ай зарыға күткен адамыңмен əңгіме осылай болды. Ұмытып кеттім дейді бірақ мұның бəрі өзін алдау құр босқа жалған сөз. Ол қызы жайлы айтып кеп…

0
0
656

Ауылдың ажарлануы – ел дамуының кепілі

Елімізде ірі қалалармен қатар, ауылдық жерлерді көркейтуге айрықша назар аударылуда. Жыл сайын осы мақсатқа қыруар қаржы бөлініп, ауылдағы ағайынның әлеуетін көтеруге бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жемісті жүзеге асуда. Соның арқасында елді мекен тұрғындары екі қолға бір күрек тауып, бай-қуатты күн кешіп отыр. Мұның бәрі – Мемлекет басшысының ауылдықтарға деген зор қолдауы дейді, олар. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары ауылды гүлдендіру ісі жіті қолға алынды. Көптеген елді мекендерде жаңадан балабақшалар, мектептер, дәрігерлік пункттер бой көтерді. Нәтижесінде, жаңа жұмыс орындары ашылып, ауыл адамдарының тұрмысы жақсара бастады. Бір кездері қаңырап қалуға шақ қалған ауылдар күн санап ажарлана түсті. Бір сөзбен айтқанда, ауыл тірлігіне жан бітті. Мемлекеттік «Дипломмен…

0
0
598

Қазақстандық банк ЭКСПО-2017 аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау бойынша инфрақұрылым жасайды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК және «Казкоммерцбанк» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды және банк «Ресми Банк – Көрменің серіктесі» айрықша мәртебесіне ие болды. Меморандумға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Мағжан Әуезов қол қойды, деп хабарлады Ұлттық компания. «Қазақстандық аса ірі банкпен серіктестік қарым-қатынас орнату ЭКСПО-2017-ге дайындықтың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Біз бүгін аймақтық деңгейдегі бәсекелестері үшін сапа стандарттарын беретін, Қазақстанның аса ірі компанияларының бірімен кезекті меморандумға қол қойғанымызға өте қуаныштымыз», - деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Басқарма Төрағасы А. Есімов. Меморандум аясында, Казкоммерцбанк ақша салымын ұсынып, ЭКСПО-2017 аумағында қолма-қол…

0
0
380

Ақтөбе қаласында Қазақстанда ғылыми-техникалық қосымша білім берудің дамуы талқыланады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе қаласында қосымша білім берудің ғылыми-техникалық бағыттағы бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлады БҒМ. Отырысқа заң шығарушы және атқарушы органдардың, ҚР білім және ғылым, әділет, инвестициялар және даму, ішкі істер министрліктерінің өкілдері, балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы бағдарламаларын жүзеге асыратын жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес және коммерциялық құрылымдардың өкілдері қатысады. Үйлестіру кеңесінде Балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытудың…

0
0
554

ЕҚДБ «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық жобаларын қаржыландырады

ЕҚДБ «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық жобаларын қаржыландырады, деді ОКҚ-да «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев. «2015 жылы индустрияландыру картасы аясында Ерейментау қ. ауданында қуаты 45 МВт жел электр станциясын салу бойынша жобаның аяқталуы қамтамасыз етілді. Станция өндіретін электр энергиясы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме объектілері инфрақұрылымының мұқтаждары үшін пайдаланылатын болады. Таза Технологиялар қорымен бірлесіп, жобаны жел паркінің қуатын 50 МВт-ға кеңейту бойынша дайындық жүргізілуде, оны Еуропа Қайта құру және Даму Банкі қаржыландырады», - деді А.Сәтқалиев. 2016 жылы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да қуаты 30 МВт жаңа турбиналы генераторды іске қосу жоспарлануда, бұл станцияның қуатын 88 МВт-дан 118 МВт-ға дейін ұлғайтады. «2-МҮИИДБ аясында Оңтүстік Қазақстан о…

0
0
331