Мазмұнға өту

Жаңа

Көкшетау жастары «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясын талқылады

2015 жылдың 8 қазанында «Қоғамдық келісім» КММ-да «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «Әулет» МТЖО жанындағы «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығы бірлесе, этномәдени орталық жастарының,  КХА өкілдерінің, студенттер, мектептегі балалар Ассамблеяларының үйлестірушілері мен көшбасшыларының қатысуымен пікір алмасу алаңын ұйымдастырды. Шара «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен өтті.

Пікір алмасу алаңының басты мақсаты ұлттық тарихты зерделеу арқылы «Мәңгілік Ел» идеясын жастар санасына ұялату, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды насихаттау мен түсіндіру.

Пікір алмасу алаңы барысында  М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың көмегімен ұйымдастырылған «Дамудың сыры - бірлікте, табыстың сыры - тірлікте» атты көрме өтті.

Кездесудің құрметті қонақтары болып Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмолалық хатышылығы жетекшісі, төраға орынбасары Айна Мусралимова, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Мейрамбек Киіков, Ақмола облысының «Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы м.а. Ринат Галлямов, «Шаңырақ» тілдерді оқыту орталығының жетекшісі Күлтай Кәрімжанова, каратэ-додан халықаралық деңгейдегі спорт шебері, ҚР көп дүркін чемпионы, Азия чемпионы (Гонконг, 2012), әлем чемпионы (Токио, Япония, 2013), қара белдік иегері Илья Дик қатысты.

Қазақстанның туын ұстап тұғырда тұрғанда, мен өз мемлекетімнің тарихына өз үлесімді қосқанымды түсіндім! Спортшылардың орасан зор командасын таныстыра отыра, мен сіздермен бірге жаңа қазақстандық патриотизм идеясын алға жетелейтін – Қазақстанның жаңа патриоттарымыз, тәуелсіз елдің азаматтарыз. Әрбіріміз өз ісінде үздік болу керек. Отансүйгіштік деген осы, «Мәңгілік Ел» деген осы», - осылайша, Илья Дик, замандастарын өз Отанының патриоттары болуға шақырды.

Шара соңында «Көкше» академиясы жанындағы колледжіндегі жастар ісі Комитетінің төрағасы - Фарида Хамитова, «Жас Отан» Жастар қанатының бастауыш бөлімшесін ашуды ұсынысына жағымды жауап алды.Жақын арада жасотандықтар қатары аталған коллеж студенттерімен толықтырылатыны жопарлануда.

 
0
0
1172

Келіншекке керек кәсіп қандай?

Үй шаруасындағы табысты әйелдер бүгін 15:00-де «Әйел бақытында» қонақта.

Әуелде әйел заты үй, отбасы-ошақ қасы шаруасына, ал ер адам ақша табуға жауапты деп бөлінген. Бұл ұстаным ұзақ уақыт бойы өмір сүріп, ХІХ ғасырда өзгере бастады.

Қазір жеке кәсіппен айналысатын әйелдердің қарасы көбірек. Үй шаруасындағы табысты әйелдер не дейді? Олар қандай кәсіппен айналысып отыр?

Мұндай кәсіптің кеңседе күн ұзын отырып істеген жұмыстан артықшылығы көп екені ақиқат. Алайда, оның да өзіндік қиындықтары болатыны белгілі. Ол қандай қиындықтар?

«Әйел бақыты» бүгін 15:00-де табысты әйелдердің кәсіптерімен бөлісетін болады.


0
0
423

Ерлан Рысқали: Ән қоржыным үнемі толығып отырады

Әнші Ерлан Рысқали бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Сұхбат барысында аймақтардан гастрольдік сапардан келген әнші халықтың әсері турасындағы ойымен бөлісті.

«Мен «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрінің жеке орындаушысы болып қызмет атқарамын. Біз жоспарлы түрде жыл сайын өңірлерге гастрольдік сапармен шығып тұрамыз. Биыл Орал мен Атырау өңіріне барып қайттық. Бұл аймақтарға бірінші баруым емес. Жиі барып тұрамын.

Бірақ, ұжыммен бірге бару, оның үстіне қазақтың үлкен күйші-композиторы Секен Тұрысбек ағамызбен бірге жүру – бақыт.  Халықтың қошеметі ғажап. Нағыз тыңдарман шалғайда жатыр ма, деп қаласың кейде. Әсіресе, Орал халқы аяғымызды жерге тигізбей, алақанында ұстады. Бар пейілін төгіп, өнеріңді бағалап, ерекше құрмет көрсетті»,-дейді әнші.

«23 қараша күні Алматыда Жамбыл мемлекеттік филармониясының жеке орындаушыларының концерті өтеді. Оның арасында мен де бармын. Сол концертте Тұрсынғазы Рақымов ағамыздың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Керей-Жәнібек» деген әнін алып шықпақпын».

Дауыс баптаудағы сырымен бөліскен әнші: «Дауыс әдебі, мәдениеті деген бар. Оны сақтай білу керек. Дауысқа күтім маңызды. Себебі, күтім көрмеген дауыс 40-тан асқан соң шықпай қалады»,-дейді.

Әншінің орындауындағы «Қайран, өмір» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.


0
0
416

Димаш Құдайберген: Жеке концерт беру жоспарда бар

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Күні кеше Астанада өткен «Сағындырған әндер-ай» концертінде Әлішер Кәрімовпен бірге дуэт орындағанДимаш Құдайберген бұл турасында: «Дуэт орындау қашанда ауырлау. Дегенмен, Әлішер сынды тамаша әншімен өнер көрсету оңай болды. Себебі, екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Оның үстіне биік дауыста ән айтатын өнерпаздар қатарынанбыз»,-дейді.

«Бала кезімнен армандап жүрген бір байқау бар. Ол да «Славян базары» сияқты халықаралық сайыс. Алдағы уақытта сол байқаудан да төбе көрсетіп қалармен деген ниеттемін»,-деген әнші оның қандай байқау екенін әзірге құпия қалдыруды жөн көрді.

«2016 жылы Астанада есеп беру кешімді өткізу жоспарда бар. Концерт жүз пайыз жанды дауыста болады. Тағы бір жағымды жаңалық, жуырда Түркияға концертке бардым. Бұл концертті 70 шақты мемлекетте тікелей эфирде көрсетті. Сондай-ақ, Жапония  концертке шақырып жатыр. Ол да тікелей эфирде көрсетілмек».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.


0
0
396

Егер Котто Альваресті жеңсе, Головкин WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атанады

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин толыққанды WBC чемпионы атануы мүмкін. Ол үшін пуэрторикалық Мигель Котто мексикалық Сауль Альваресті жеңуі тиіс, деп хабарлай Аllboxing.ru.

Мигель Котто жеңіске жететін болса, белбеу иесіз қалады. Сондықтан WBC ұйымы бұл атақты Головкинге береді. Өйткені қазақстандық боксшы бұл тұжырым бойынша «уақытша» Әлем чемпионы.

Алайда, 21 қарашада өтетін жекпе-жекте Сауль Альварес ұтатын болса, онда чемпиондық белбеуді мексикалық спортшы иеленеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBC) 35 жастағы Мигель Коттодан орта салмақтағы Әлем чемпионы атағын қайтарып алды. Себебі ұйым Котто мен Альварестен 600 мың (әрқайсысынан 300 мың) доллар талап еткен еді. Осыған қоса Golden Boy және Roc Nation промоутерлік компаниялары да 25 мың доллардан беру керек еді.

Бұған дейін Roc Nation компаниясы Геннадий Головкинге Альвареспен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік бергені үшін оның командасына 800 мың доллар төлеген. Осының барлығын Котто тым көп сомма деп есептеп, ақша беруден бас тартқан.

Айта кетейік, Котто-Альварес жекпе-жегі 21 қарашада Лас-Вегастағы (АҚШ) «Mandalay Bay» аренада өтеді.

 
0
0
600

«Барыс» хоккей клубы мәскеулік «Спартак» командасын 5:2 есебімен ұтты

Құрлықтық хоккей лига аясында астаналық «Барыс» Мәскеуде жергілікті «Спартак» командасымен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіске жетті.

Құрлықтық хоккей лигасы

«Спартак» - «Барыс» 2:5 (0:2, 1:1, 1:2)

 

Шайбалар:

0:1 - 08:06 Даллмэн (Боченски, Ландин).

0:2 - 08:27 Краснослободцев (Савченко, Худяков).

0:3 - 32:30 Романов (Семёнов, Старченко).

1:3 - 33:17 Мерескин (Глазачев).

1:4 - 49:04 Худяков (Краснослободцев).

2:4 - 54:59 Клименко (Геноуэй, Бодров).

2:5 - 56:58 Сен-Пьер.

 

«Спартак»: Иванников - Геноуэй-Балдаев, Мерескин-Глазачев-Радил; Сорокин-Гилрой, Бодров-Потапов-Клименко; Ермаков-Коробов, Уэллмэн-Лещенко-Шмелёв; Таталин, Воронин-Васильев-Ли, Левицкий;

 

«Барыс»: Лацо - Даллмэн-Ландин, Доус-Боченски-Бойд; Савченко-Эллерби, Худяков-Краснослободцев-Пушкарёв; Трясунов-Семёнов, Руденко-Старченко-Сен-Пьер; Рыспаев, Гренц-Маркелов-Паньшин, Романов;

 

Штраф: 10:22 (2:2, 2:18, 6:2)

 

Бас төрешілер: Алексей Белов, Антонин Йерабек

Жолақтағы төрешілер: Алексей Михель, Евгений Стрельцов

 

17 қараша. Мәскеу. «Сокольники» мұз айдыны. 3331 көрермен.

 
0
0
220

«Түнгі студия» хабары «Rin'Go» тобына «төлқұжат» сыйлады

Кеше «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарында «Rin'Go» тобы қонақта болды.

«Rin'Go» тобы 10 жылдық мерейтойына орай концерт өткізеді. Бұл туралы жігіттер «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарына берген сұхбатында айтты.

«10 жылдық мерейтойымызға орай концерттік бағдарлама дайындап жатырмыз.  Жуырда  әр қалада концерт өткізу жоспарда бар. Басты қалалар – Астана және Алматы», - деді топ мүшесі Данияр Өтеген.

«Түнгі студия» хабарының ұжымы «Rin'Go» тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып,  оларға «төлқұжат» сыйлады.

«10 жыл деген – мектеп сияқты. Сіздер үлкен сахнада мектеп бітіргендей болдыңыздар. Шын жүректен құттықтаймыз. Мектеп бітірген кезде төлқұжат береді. «Түнгі студия» бағдарламасының атынан «Rin'Go» тобына сондай «төлқұжат» ұсынамыз», - деді бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев.

 

Бағдарламаның толық нұсқасы


0
0
437

Шәйнекке қатқан қақты қалай кетіруге болады?

«Бірге таңдаймыз!» хабарын бүгін 13:00-де көріңіз.

Бүкіл отбасының суреттерін орнатуға арналған идеологиялық мәні бар фоторамка жасап үйренгіңіз келе ме?

Қатпарлы қамырдан дәмді пирог қалай дайындалады? Шәйнекке қатып қалған судың қағын қалай кетіреміз?

Суды зиянды микробтардан қалай тазалауға болады? Жылыту батареяларын оңай тазалаудың жолы қандай? Бүгін 13:00-де бірге анықтаймыз.


0
0
2447

Маңғыстау облыстық ХҚКО қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жауапкершілігі туралы семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Ақтау қаласында орналасқан Маңғыстау облыстық Халыққа Қызмет Көрсету Орталығының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының жауапкершілігі туралы семинар өткізілді.

Семинар барысында аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы Сұлтан Сахан сыбайлас жемқорлықтың тигізетін әсері туралы және мұндай жағдайларға Қазақстанның әр азаматы жол бермеуі тиіс екендігі жайлы түсіндіріп өтті.

Кездесудің басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау және жолын кесу, ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауға және мемлекеттік қызметте тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылады. Сол себептен Департаменттің сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған істер жөніндегі баяндамасы тыңдалды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kzсайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, сауалнама жүргізілгеннен соң,  тақырыптық  бейнероликтер көрсетілді.

0
0
622

Жаңаөзен қаласында гимназия орта мектебінің оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жаңаөзен аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  29 қазанында Жаңаөзен қалалық № 5 Гимназия Орта мектебінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Елдос Таушанов  ұстаздар мен оқушыларға іс-шараның мақсаты, Бөлім қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті және «Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде» атты тақырыпта дәріс оқыды..

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының www.anticorruption-mangystau.kz ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
560