Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада «Нұрлы жол» жобаларының құрылысында пайдаланылып жатқан отандық құбырлар таныстырылды

Астанада «ТКШ – ЭКСПО – 2015» халықаралық мамандандырылған көрме ашылды. Оған 103 компанпия қатысуда, оның ішінде 20 отандық кәсіпорын. Сонымен қатар, көрмеге Ресей, Беларусия, Украина, Германия, Түркия мен өзгеде елдердің өкілдері қатысуда.

«ТКШ – ол «жасыл» экономиканың драйвері.  Бүгінгі шара Қазақстанның «жасыл» экономикаға бет алғанын байқатады. Бізде стратегиялық құжаттар бар, ол бүкіл Қазақстанды және ТКШ саласын жаңа инновациялық  технологияларға, энерготиімділікке  көшуге итермелейді»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева.

«ТКШ – ЭКСПО – 2015» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қатысушыларының бірі – Павлодар облысының өнеркәсіптік құбырлар өндірісі бойынша кәсіпорны.

«ArInvest» компаниясы – Павлодар облысының заманауи жоғары технологиялы кәсіпорны, ол полиэтилен және алдын ала бекітілген құбырлардың өндірісімен айналысады. Бүгінгі таңда біздің өнім Қазақстанның түрлі аймақтарында құбырларды жүргізу барысында пайдаланылады»,  – деді аймақтық сатылымдар бойынша коммерциялық бөлімнің қызметкері Олег Стегайло.

Компания өкілінің айтуынша, зауыттың қуаттылығы жылына  алдынала оқшауланған 350 000 метр және 500 000 метр полиэтилен құбырларын, сонымен қатар қалыпқа құйылған өніндердің 20 000 данасын өндіруге жетеді.

«Компания 2009 жылы іске қосылды, ал 2010 жылы алғашқы өнім шығарылды. 2011 жылы өндірілетін өнім түрлері ұлғайтылды. 2012 жылы негізгі өнім түрінен басқа су қысымына шыдас беретін полиэтилен құбырларын  өндіруге мүмкіндік туды», – деп толықтырды ол.

Бұл құбыр түрінің артықшылығы жылуды барынша аз көлемде жоғалтуында. «Егер қарапайым жылу трассалары 5-6 жыл қызмет етсе, аталмыш өнім 30-50 жылға дейін шыдас береді. Біздің құбырлар «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында пайдаланылып келеді, сонымен қатар олар бұған дейін «Хан Шатыр» СОСО сынды ірі нысандардың құрылысында пайдаланған. Қазақстанда біз кеңінен танымалмыз, барлық аймақтарда өкілдіктеріміз бар. Біздің көрмедегі мақсатымыз – өнімді сату кеңістігін кеңейту», – деп толықтырды маман.

http://gbpp.org/kz/2015/11/11951

 
1
0
437

Футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан соғылған гол

Қақпашының өз алаңынан екінші қақпашыға гол соғуы сөз жоқ ерекше шеберлікті қажет етеді.

«Сток Сити» футбол клубының қақпашысы Асмир Беговичтің голы өз алаңынан соғылған. Бұл гол ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Себебі, бұл гол футбол тарихында ең алыстан соғылған  гол ретінде тіркелді.

Бұл оқиға 2013 жылдың қарашасында  болған, онда англиялық футбол Лигасының чемпионатында Асмир  Бегович қарсыластарының қақпасына таң қаларлық гол соқты. Аталмыш гол ойынның 13 секундында соғылған.

Сарапшылар, голдың қарсылас қақпасынан 91,9 метр арақашықтықта соғылғанын анықтаған. Басқа қақпашыларға тоқталар болсақ, Англия чемпионатында А.Беговичтен басқа  Петер Шмейхель, Брэд Фридель, Пол Робинсон және Тим Ховард алыстан қақпаға гол бағыттаған.

Ал, Асмир  Бегович өз қақпасынан қарсы қақпаға  бағыттап  гол соққан 5-ші рекорд иесі.


0
0
418

Ұлттық арнада — «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі

Фильмде басты рөлдерді Нұрмұхан Жантөрин, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков сынды майталмандар сомдаған.

Режиссер Мәжит Бегалиннің бала күнінен мазалап келе жатқан бір арманы бар еді. Ол – Шоқан образын сомдау болатын.

Ұлы адамның бей­несін экранда көрсету парыз ғана емес, қазақ хал­қы үшін зор мақтаныш, үлкен жеңіс еді. Өзіне қойыл­ған осы жауапкершілікті жақсы түсінген Мәжит Бегалин күн демей, түн демей ізденеді.

Оған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, әкесі де көмекке келді. Режиссер  Шоқан образын шығаруға бақандай он жыл уақытын сарп етті.

Бүгін 22:45-те Ұлттық арнадан ерекше құлшыныс пен зор еңбектің арқасында дүниеге келген «Шоқан Уәлиханов» туындысын көріңіз.


1
0
961

В СКО стартовал двухдневный турнир по мини-футболу, посвященный памяти «Халық Қаһарманы» капитана полиции Газиза Байтасова

В торжественной церемонии открытия спортивного мероприятия, проводимого в ДЮСШ «Виктория», приняли участие супруга Гульжамал Тажиева, сын Адильжан Байтасов, руководство, личный состав ДВД и ветераны ОВД.

«Газиз Байтасов был не только хорошим отцом и сыном, но и профессионалом своего дела, его всегда отличала хорошая спортивная подготовка. Поступок Газиза служит примером для молодых и будущих поколений сотрудников органов внутренних дел. Его имя навсегда останется в истории казахстанской полиции», – отметил заместитель начальника ДВД СКО полковник полиции Енбек Сембин открывая турнир.

Далее всем собравшимся был продемонстрирован видеоофильм о героическом подвиге капитана полиции Байтасова. 12 ноября 2011 года в городе Тараз при обезвреживании преступника погибли 7 человек, в том числе 5 полицейских. В момент самоподрыва преступника командир взвода отдельного батальона управления дорожной полиции капитан полиции Газиз Байтасов накрыл преступника своим телом.

После показа видеофильма супруга героя Гульжамал Тажиева вместе с сыном поблагодарили руководство областного полицейского ведомства за внимание и дань памяти героически погибшего офицера.

Офицеры, участники турнира, гости почтили память героически погибшего капитана полиции минутой молчания.

В турнире принимают участие команды ДВД СКО, ДКНБ по СКО, УССО ДВД СКО, воинской части 6637, Военного института НГ МВД РК, пограничной службы КНБ РК, Департамента гос.доходов, ДУИС, Департамента по делам государственной службы и противодействию коррупции, областного суда.

Итоги турнира будут подведены 22 ноября.

Нурбек Баекин,
Пресс-служба ДВД СКО
http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

0
0
686

Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тонна астық экспорттайды – Елбасы

Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тонна астық экспорттайды, деді Ауғанстан Ислам Республикасының Президентi Мұхаммед Ашраф Ганимен кездесу барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздердің кездесуімізде елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандыру, достық, сенім жағдайын көтеру мәселелері қаралды. Өйткені тұрып жатқан өңіріміз біреу. Бәріміздің салтымыз, ғұрпымыз, экономикамыздың түрі, жағдайы бірдей. Сондықтан біз сізбенен бүгін үлкен, тереңдетілген келіссөздер жүргіздік.Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты мәселелер талқыланған. Сонымен қатар екі елдің экономикалық қарым-қатынасын жандандыруға баса назар аударылған. Қазіргі 400 млн. долларға жетпейтін сауда ол әрине, өте аз. Сондықтан біз сізбенен ол жөніндегі көптеген мәселелерді келістік», - деді Елбасы.

Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тоннадан артық бидай экспорттайтын болады.

«Осы жылдар ішінде ауған елінің қиын-қыстау жағдайына байланысты Қазақстан әр уақытта да бауырлық көмегін көрсетіп отырды. Біз осы кезең ішінде 20 млн. долларға жуық гуманитарлық көмек көрсеттік», - деді Елбасы.

«Қолымыздан келген көмекті әрі қарай да елдің экономикасы өркендеуі үшін жасай беретін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, кездесу барысында «Ауғаныстан аймағындағы геологиялық барлау; Ауғанстан ішіндегі жағдай. Орталық Азия елдеріне төнетін қандай қауіп бар, біздің қауқарымыз. Біздің құқық қорғау органдарымыз лаңкестік кезінде бірлесіп қалай жұмыс істемек».

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей,  Қазақстан мамандары Ауғанстан жерінде геологиялық барлауы жұмыстарына атсалысатын болады.

Осы орайда, кездесу барысында ҚР Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасында мәдениет, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша келісімдерге қол қойылды.

«Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның ежелден ортақ бай мәдени және тарихи құндылықтары бар. Мен Сіздің елде болып жатқан оқиғаларды жақсы білемін. Біз кезінде бұрынғы Президент Х.Карзаймен көп ынтымақтастықта болдық. Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің елге гүлденген Ауғанстан керек, біз осындай елмен жақын қарым-қатынас орнатқымыз келеді»,– деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанның терең түсіністікпен қарайтынын айтты.

«Соңғы жылдары тұрақтану үдерісі байқалып отыр, біз бұған қуаныштымыз. Сіз бүкіл халықты біріктіріп, ұлттық бірлік үкіметін құруға талпынып отырсыз. Бұл – маңызды ниет және оны біз қолдаймыз», – деді Қазақстан Президенті.

М.Ғани өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарына назар аударды.

«Сіз «Қазақстан-2030» Стратегиясын жариялағаныңызда, әлемде оған көп ешкім сенбеді. Алайда Сіздің басшылығыңызбен және жан-жақты әрі жедел қабылданған шаралардың арқасында жария етілген мақсаттарға қол жеткізіліп қана қоймай, олар асыра орындалды да.  Қазақстанда осылайша жүзеге асқан өзгерістер бүкіл өңірге жарқын үлгі бола алады. Осыған байланысты Сіздің 1997 жылы айтқан «Кеше әлі ерте болатын, ал ертең кеш болуы мүмкін» деген сөзіңізді еске алғым келеді», –  деді Ауғанстан Президенті.

Ақпарат көзі

 

0
0
350

Ауғанстан өз экономикасына Қазақстандық инвестицияның құюлуына қызығушылық танытып отыр

Ауғанстан Ислам Республикасының Президентi Мұхаммед Ашраф Гани бүгiн Ақордада ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен ресми кездесуi мәресіне жетті.

«Мен және менiң қызметтестерiме бүгiн өзiңiзбен жеке кездесу өткiзудiң мүмкiндiгi туды. Сыртта аяз екенiне қарамастан, бiздiң жүректерiмiз жылуға толы және бiз мұны бүгiн сезiніп, түйсiндiк. Ауған және қазақ халқы ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынаста болып келдi және ол жалғаса беретiн болады», - деді Ауғанстан Президентi.

«Кеңес Одағы деп аталатын «үзiлiс» кезiнде Ауғанстан мен Қазақстан бiр-бiрiнен бiршама алыстап кеттi. Сiздiң басшылық етуiңiзбен сiздiң мемлекетiңiздiң тәуелсiздiк алуынан кейiн бiздiң өзара қарым-қатынасымыз күннен-күнге тереңдеп, кеңейiп келедi. Ең алдымен мен қазақ халқын құттықтағым келедi. Кездесулердiң бiрiнде сiз «мемлекет құру мәртебесiне ие болдым» деген едiңiз. Сiз мемлекет құрып қана қоймай, сiз тұрақты, өркендеушi және көркейiп келе жатқан мемлекет құра білдіңіз», - деп толықтырды Мұхаммед Ашраф Гани.

«Сіздің басшылығыңызбен мемлекетіңіз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап біздердің өзара қарым-қатынастарымыз тереңдеп, кеңейе түсті. Ең алдымен мен сізді және барша қазақ халқын кездесулердің бірінде өзіңіз атап өткен табысты мемлекет құра алғандықтарыңызбен құттықтаймын. Сіз тек қана мемлекет құрып қана қоймай, оны тұрақты, гүлденген және табысты елге айналдырдыңыз», - деді Мохаммад Ашраф Ғани.

М.Ғани Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері екі елдің өзара қарым-қатынастары нығайып келе жатқанын айтты. Ауғанстан Президенті сондай-ақ Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен тұрақты және гүлденіп келе жатқан мемлекет құра алғанын атап өтті.

«Біздердің кездесуімізде елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандыру, достық, сенім жағдайын көтеру мәселелері қаралды. Өйткені тұрып жатқан өңіріміз біреу. Бәріміздің салтымыз, ғұрпымыз, экономикамыздың түрі, жағдайы бірдей. Сондықтан біз сізбенен бүгін үлкен, тереңдетілген келіссөздер жүргіздік.Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты мәселелер талқыланған. Сонымен қатар екі елдің экономикалық қарым-қатынасын жандандыруға баса назар аударылған. Қазіргі 400 млн. долларға жетпейтін сауда ол әрине, өте аз. Сондықтан біз сізбенен ол жөніндегі көптеген мәселелерді келістік», - деді Елбасы.

Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тоннадан артық бидай экспорттайтын болады.

«Осы жылдар ішінде ауған елінің қиын-қыстау жағдайына байланысты Қазақстан әр уақытта да бауырлық көмегін көрсетіп отырды. Біз осы кезең ішінде 20 млн. долларға жуық гуманитарлық көмек көрсеттік», - деді Елбасы.

«Қолымыздан келген көмекті әрі қарай да елдің экономикасы өркендеуі үшін жасай беретін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, кездесу барысында «Ауғаныстан аймағындағы геологиялық барлау; Ауғанстан ішіндегі жағдай. Орталық Азия елдеріне төнетін қандай қауіп бар, біздің қауқарымыз. Біздің құқық қорғау органдарымыз лаңкестік кезінде бірлесіп қалай жұмыс істемек».

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей,  Қазақстан мамандары Ауғанстан жерінде геологиялық барлауы жұмыстарына атсалысатын болады.

Осы орайда, кездесу барысында ҚР Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасында мәдениет, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша келісімдерге қол қойылды.

Ақпарат көзі

 

0
0
338

Ауғанстан Президентінің Астанаға ресми сапары екі ел қарым-қатынастарына тың серпін береді – Н.Назарбаев

Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанидің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Елбасы Ауғанстан Президентінің Астанаға алғашқы ресми сапары екі ел қарым-қатынастарына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Дала Елі мен Ауғанстанның тарихи тұрғыдан қалыптасқан дәстүрлі достық қарым-қатынастары, берік мәдени-рухани байланыстары бар екенін айтты.

Қазақстан Президенті сондай-ақ елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас бірнеше ғасыр бұрынғы Қазақ хандығы мен Ахмат-шах Дурранидің кезінен бастау алатынына да назар аударды.

Мемлекет басшысы Ауғанстанда 30 жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғыс халықтың әл-ауқатына қатты әсер еткенін, сондықтан біздің республика М.Ғанидің елді тұрақтандыру және дамыту жөнінде жүргізіп жатқан бүгінгі жұмыстарын толық қолдайтынын айты.

Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілікті сақтау жөніндегі күш-жігерді түрлі халықаралық ұйымдар аясында қолдауды жалғастыратыны атап өтілді.

Қазақстан Президенті Ауғанстанның солтүстігіндегі ахуал ушыққан 1996 жылы Орталық Азия елдері мен Ресейдің шұғыл кездесуі біздің елде өткенін және сондағы келіссөздер БҰҰ қарарын қабылдауға негіз болғанын еске салды.

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты қарым-қатынастың маңызды тұстары мен оларды дамытудың келешегі, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер талқыланған бүгінгі келіссөздерді жоғары бағалады.

М.Ғани Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері екі елдің өзара қарым-қатынастары нығайып келе жатқанын айтты. Ауғанстан Президенті сондай-ақ Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен тұрақты және гүлденіп келе жатқан мемлекет құра алғанын атап өтті.

«Кеңес Одағы деп аталатын «үзiлiс» кезiнде Ауғанстан мен Қазақстан бiр-бiрiнен бiршама алыстап кеттi. Сiздiң басшылық етуiңiзбен сiздiң мемлекетiңiздiң тәуелсiздiк алуынан кейiн бiздiң өзара қарым-қатынасымыз күннен-күнге тереңдеп, кеңейiп келедi. Ең алдымен мен қазақ халқын құттықтағым келедi. Кездесулердiң бiрiнде сiз «мемлекет құру мәртебесiне ие болдым» деген едiңiз. Сiз мемлекет құрып қана қоймай, сiз тұрақты, өркендеушi және көркейiп келе жатқан мемлекет құра білдіңіз», - деп толықтырды Мұхаммед Ашраф Гани.

«Сіздің басшылығыңызбен мемлекетіңіз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап біздердің өзара қарым-қатынастарымыз тереңдеп, кеңейе түсті. Ең алдымен мен сізді және барша қазақ халқын кездесулердің бірінде өзіңіз атап өткен табысты мемлекет құра алғандықтарыңызбен құттықтаймын. Сіз тек қана мемлекет құрып қана қоймай, оны тұрақты, гүлденген және табысты елге айналдырдыңыз», - деді Мохаммад Ашраф Ғани.

М.Ғани Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері екі елдің өзара қарым-қатынастары нығайып келе жатқанын айтты. Ауғанстан Президенті сондай-ақ Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен тұрақты және гүлденіп келе жатқан мемлекет құра алғанын атап өтті.

Ақпарат көзі

 

0
0
229

Қазақстанға алғашқы ресми сапармен Ауғанстан Президенті келді

Қазақстан Республикасына Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Гани алғашқы ресми сапармен келді. Екі ел басшыларының келіссөздері барысында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару және сауда-экономикалық, білім беру, көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған.

Ол кезде Н.Назарбаев пен М.Ғани екі жақты қарым қатынастың жағдайы мен болашағын, оның ішінде сауда-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты талқылады. Таратаптар аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы қарым-қатынас мәселелерін қарастырды. Бұдан басқа, халықаралық күн тәртібінің аса маңызды мәселелері де тілге тиек етілді.

Қазақстан президенті атап өткендей, Ауғанстан соңғы жылдары өте ауыр жолдан өтті.

«Біз сіздерді шын жүректен уайымдаймыз. Біздің мемлекеттер бір аймақта орналасқан, тарихқа көз жүгіртетін болсақ халықатарымыз әрқашан бір бірімен араласып келген, сауда және саяси байланыстыр да болған. Өкінішке орай мұның бәрі бүгінде тоқтап қалды, алайда Ауғаныстанға бүгінде тыныштықтың қайта оралуы қуантады», - деді Н.Назарбаев кездесу барысында.

Қазақстан Президенті Ауғанстандағы оң өзгерістерге назар аударды.

«Барлық халықаралық саммиттерде мен Ауғанстанды әрқашан қолдап келдім. Сіз сайланғаннан кейін Ұлттық бірлік Үкіметінің құрылуы аяқталды. Сонымен қатар, НАТО-ның әскерін шығаруы аяқталды, сіз оппозициямен келіссөздер жүргізуді бастадыңыз. Біз бұл қадамдарды қолдаймыз және арқашан қастарыңыздан табылуға дайынбыз», - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде М.Ғани елімізге ауғаныстандық студенттерді оқытуда қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс білдірді.

2012 жылдың 7 маусымында ҚР қолдауымен Ауғанстанға ШЫҰ жанындағы мемлекеттік бақылаушы мәртебесі берілді.

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 12 ақпанда орнатылды.

2002 жылы Кабулда ашылған ҚР Дипломатиялық миссиясы 2003 жылдан бастап Елшілік мәртебесінде жұмыс істеуде.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ауғанстан бірлескен үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) маңызды рөл атқарады.

Қазақстанда ауған азаматтарына білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Қазақстанның оқу орындарында 655 ауған азаматы білім алуда.

ҚР Үкіметі Ауғанстандағы мектеп, емхана және жолдардың құрылысына 2,38 млн. АҚШ долларын бөліп, 20,15 мың тоннаға жуық азық-түлікті гуманитарлық көмек ретінде жеткізді (жалпы сомасы 17,09 млн. АҚШ долл.).

Екіжақты тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-тамыз айында  210,7 млн. АҚШ долл. құрады

Екіжақты шарттық-құқықтық базасы ҚР мен АИР арасындағы Қарым-қатынас пен ынтымақтастық негіздері жөніндегі шарттан, сауда-экономикалық ынтымақтастық, білім саласындағы ынтымақтастық, есірткі құралдарының, психотропты және оған үйлес заттар мен прекурсорлардың заңсыз айнылымымен және теріс қолданылуымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерден, сондай-ақ Дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі Хаттамадан тұрады.

Ақпарат көзі

 

0
0
337

ҚР ДСӘДМ өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың қызметін заңдастыру бойынша заңға өзгерістер енгізуді жоспарлауда

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын ұсынды.

«Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілмек. Мемлекет азаматтардың 15 санатына (халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар тобы) жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, салық органдарында тіркелген қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнаны өздері төлейді»,- деді ведомство басшысы.

Минимстр атап өткендей, міндетті ай сайынғы жарналар мен ҚР ДСӘДМ Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетінің базасында медициналық қызметтерді сатып алуды топтастыру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық формасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (Қор) құрылатын болады. Қордың құрылтайы әрі жалғыз акционері ҚР Үкіметі болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Міндетті мемлекеттік сақтандыру туралы» заңға қол қойды.

«Медициналық және мейіргерлік білім беруді ары қарай дамыту клиникалық тәжірибе, медициналық білім беру және ғылыми қызметтің ұштұғырлығын қарастырады. Аталған мақсатта медициналық қызметтер мен кадрларды дайындаудың толық кезеңі қағидасымен ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және амбулаторлық ұйымдардың  функционалды (концорциумдар) және ұйымдастырушылық (холдингтер) бірлестіктерінің негізінде интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды (университеттік клиникаларды) дамыту тұжырымдамасын жасау жоспарланып отыр», - деді Т.Дүйсенова.

Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру жетекші халықаралық медициналық университеттер және ұйымдармен серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Академиялық үрдістерге жетекші шетел мамандары, ғалымдар мен оқытушыларды тарту тәжірибесі кең көлемде қолданылатын болады.

"Түлектердің теориялық білім деңгейі мен тәжірибелік машықтарын бағалау мақсатында кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзіреттілікті тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілетін болады", - деді министр.

Ақпарат көзі

 

0
0
405

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Астана» мен «Қайрат» арасындағы ҚР Кубогының финалын тікелей эфирде көрсетеді

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастап, көрермендер үшін матч алдында арнайы студиядан хабар ұйымдастырылады.

Бүгін елордалық «Астана-Арена» стадионында футболдан ҚР Кубогының финалы өтеді. Маусымның соңғы матчында жергілікті «Астана» мен алматылық «Қайрат» кездеседі.

Бұл ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 14:00-ден бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, «Астана» футбол клубы биылғы маусымда Қазақстан Премьер Лигасында топ жарса, «Қайрат» 2-ші орынға тұрақтаған. Ал, осы жылы командалар 5 рет кездескен. Оның 3-інде елордалық клуб жеңіске жетсе, 2 рет «Қайрат» басым түскен.

Екі клуб «Астана-Арена» стадионында 10 матч өткізген. Астаналықтар соның 4-ін ұтса, алматылықтар 2 рет жеңген және 4 тең ойын тіркелген. Соғылған голдар саны 20-11.

Ал, жалпы командалар бір-бірімен 19 рет кездескен. «Астананың» еншісінде 10 жеңіс бар. «Қайрат» 3 рет ұтып, 6 ойын тең есеппен аяқталған. Соғылған голдар бойынша Станимир Стойлов шәкірттері алда – 35-21. Осыған қоса, олар екі команда арасындағы ең ірі жеңісті тойлаған (2011 жыл, есеп – 6:1).

Сонымен қатар, финалдық матчқа түркиялық Джүнейт Чакыр төрелік етеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирді 14:00-ден бастайды. Көрермендер үшін матч алдында арнайы студиядан хабар ұйымдастырылады.


0
0
278