Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ауғанстан өз экономикасына Қазақстандық инвестицияның құюлуына қызығушылық танытып отыр

Ауғанстан Ислам Республикасының Президентi Мұхаммед Ашраф Гани бүгiн Ақордада ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевпен ресми кездесуi мәресіне жетті.

«Мен және менiң қызметтестерiме бүгiн өзiңiзбен жеке кездесу өткiзудiң мүмкiндiгi туды. Сыртта аяз екенiне қарамастан, бiздiң жүректерiмiз жылуға толы және бiз мұны бүгiн сезiніп, түйсiндiк. Ауған және қазақ халқы ұзақ жылдар бойы достық қарым-қатынаста болып келдi және ол жалғаса беретiн болады», - деді Ауғанстан Президентi.

«Кеңес Одағы деп аталатын «үзiлiс» кезiнде Ауғанстан мен Қазақстан бiр-бiрiнен бiршама алыстап кеттi. Сiздiң басшылық етуiңiзбен сiздiң мемлекетiңiздiң тәуелсiздiк алуынан кейiн бiздiң өзара қарым-қатынасымыз күннен-күнге тереңдеп, кеңейiп келедi. Ең алдымен мен қазақ халқын құттықтағым келедi. Кездесулердiң бiрiнде сiз «мемлекет құру мәртебесiне ие болдым» деген едiңiз. Сiз мемлекет құрып қана қоймай, сiз тұрақты, өркендеушi және көркейiп келе жатқан мемлекет құра білдіңіз», - деп толықтырды Мұхаммед Ашраф Гани.

«Сіздің басшылығыңызбен мемлекетіңіз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап біздердің өзара қарым-қатынастарымыз тереңдеп, кеңейе түсті. Ең алдымен мен сізді және барша қазақ халқын кездесулердің бірінде өзіңіз атап өткен табысты мемлекет құра алғандықтарыңызбен құттықтаймын. Сіз тек қана мемлекет құрып қана қоймай, оны тұрақты, гүлденген және табысты елге айналдырдыңыз», - деді Мохаммад Ашраф Ғани.

М.Ғани Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері екі елдің өзара қарым-қатынастары нығайып келе жатқанын айтты. Ауғанстан Президенті сондай-ақ Қазақстан халқы Елбасының басшылығымен тұрақты және гүлденіп келе жатқан мемлекет құра алғанын атап өтті.

«Біздердің кездесуімізде елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандыру, достық, сенім жағдайын көтеру мәселелері қаралды. Өйткені тұрып жатқан өңіріміз біреу. Бәріміздің салтымыз, ғұрпымыз, экономикамыздың түрі, жағдайы бірдей. Сондықтан біз сізбенен бүгін үлкен, тереңдетілген келіссөздер жүргіздік.Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты мәселелер талқыланған. Сонымен қатар екі елдің экономикалық қарым-қатынасын жандандыруға баса назар аударылған. Қазіргі 400 млн. долларға жетпейтін сауда ол әрине, өте аз. Сондықтан біз сізбенен ол жөніндегі көптеген мәселелерді келістік», - деді Елбасы.

Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тоннадан артық бидай экспорттайтын болады.

«Осы жылдар ішінде ауған елінің қиын-қыстау жағдайына байланысты Қазақстан әр уақытта да бауырлық көмегін көрсетіп отырды. Біз осы кезең ішінде 20 млн. долларға жуық гуманитарлық көмек көрсеттік», - деді Елбасы.

«Қолымыздан келген көмекті әрі қарай да елдің экономикасы өркендеуі үшін жасай беретін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, кездесу барысында «Ауғаныстан аймағындағы геологиялық барлау; Ауғанстан ішіндегі жағдай. Орталық Азия елдеріне төнетін қандай қауіп бар, біздің қауқарымыз. Біздің құқық қорғау органдарымыз лаңкестік кезінде бірлесіп қалай жұмыс істемек».

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей,  Қазақстан мамандары Ауғанстан жерінде геологиялық барлауы жұмыстарына атсалысатын болады.

Осы орайда, кездесу барысында ҚР Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасында мәдениет, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша келісімдерге қол қойылды.

Ақпарат көзі

 

0
0
296

Осы тақырып бойынша

Ауғанстан өз экономикасына Қазақстандық инвестицияның құюлуына қызығушылық танытып отыр - Yvision.kz