Мазмұнға өту

Жаңа

Астанадағы жарық диодты шамдар шығаратын зауытта қазақстандық қамту 72% құрады

Астанада «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының қолдауына ие болған «LED Solution» ЖШС жарық диодты шамдар шығарады. Бүгінде компания үйлерге, кеңселерге, өндірістік нысандарға және көшені жарықтандыруға арналған 100 түрлі жарық диодты шамдарды өндіреді. «Біздің Президент энергияны үнемдейтін технологияларға көшу туралы жиі айтып келеді, адамдарда мәдениетті қалыптастыру керек. Сондықтанда біз аталмыш саладағы кәсіпорындарды ашу керектігін түсіндік. Ғимарат немесе құрал-жабдықтар болмады, бар болғаны тек идея. Бізді жергілікті әкімдік пен «Даму» қоры қолдағаннан кейін жылдық 12% үстемақымен несие алдық, оның 6% мемлекет субсидиялады. Кейін біз құралдар сатып алдық және енді жұмыс істеудеміз», - деді «LED Solution»ЖШС бас директоры Қаныбек Айтақов «Strategy2050.kz»АА берген…

0
0
754

Австралиялық компания СҚО-да титан-цирконий өндіретін кәсіпорын ашуды жоспарлауда

Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану саласында Австралияның тәжірибесін қабылдайды. Австралия геологиялық барлау саласына жеке инвестиция тарту бойынша әлемдік тәжірибеде үздіктердің қатарында және осы салаға қаржы жұмсау жағынан әлемде екінші орында, деп хабарлады ИДМ. 2015 жылы қарашада құрамында ҚР ИДМ мен басқа да мүдделі ведомство өкілдері бар қазақстандық делегация Австралияда болып, осы елдің мемлекеттік органдары мен ұйымдарында екі жақты кездесу өткізді. Осы кездесулерде жер қойнауын пайдалану құқығын беру, геологиялық ақпараттар алу, барлау мен өндіру қызметіне салық салу, минералды шикізат қоры бойынша есеп берудің халықаралық стандарттарына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен бірге тараптар Қазақстанның тәжірибесіне пайдаланылуы мүмкін тиімді қағидаларды қ…

0
0
237

Н.Назарбаев: Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ғанимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздіктің мейлінше өзекті жайттары қозғалды. Қазақстан Президенті өзінің шақыртуы бойынша елімізге алғашқы ресми сапармен келген М.Ғаниға ілтипат білдірді. «Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның ежелден ортақ бай мәдени және тарихи құндылықтары бар. Мен Сіздің елде болып жатқан оқиғаларды жақсы білемін. Біз кезінде бұрынғы Президент Х.Карзаймен көп ынтымақтастықта болдық. Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің елге…

0
0
364

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін 2050 жылға дейін жоспарлы түрде дамытудың негізі болады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «ҚР денсаулық сақтау жүйесін жаңа кезеңде дамыту» атты брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Сөз басында ол «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы биылғы жылы жүзеге асырылуы аяқталатын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қисынды жалғасы екенін атап айтты. «Қазіргі таңда көптеген әлем елдерінің, соның ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жұқпалы аурулардың ұлғаюы, жаңа технологияларды енгізу есебінен денсаулық сақтау жүйесіндегі ресурстардың артуы, жасы ұлғайған халық санының өсімі сынды бірқатар жаһандық қауіп-қатерлер тұр. Алдыңғы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің әлеуеті нығайты…

0
0
1303

«Халықтық киноның хас шебері»

Шығармашылығы түгелдей халық өмірімен тұтасып кеткен тұлғалар өнердің қай саласында да, оның ішінде кинода да аса көп емес. Сондай біртуарлардың бірегейі – күні кеше ғана (17 қарашада) 88 жасқа толған әйгілі экран суреткері Эльдар Рязанов туралы мақаламызды қабыл алыңыз

0
0
335

«Қазақстан» телеарнасында әзіл кеші

«Қазақстан» телеарнасы бір айдан астам уақыт бойы өз көрермендерін жаңа «Көңілашар» атты әзіл-оспақ бағдарламасымен қуантып келеді. Осы жобаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әзіл-сықақшылар бақ сынасу үшін жиналды. Көңіл көтеретін сан қырлы комедиялық, әзіл-қалжыңы аралас образдарды сомдайтын жаңа таланттардың қарасы артып келеді. Жобадағы сайыстар нағыз тума таланттарды анықтауға мүмкіндік береді. «Көңілашар» бағдарламасының редакторы Баянды Сахария: «Жоба бойынша өткізілген кастингке бастапқыда 300-ден астам адам қатысты. Іріктеу кезеңдері бойынша 36 дарынды жас таңдалып, олардың 24 жобаға жолдама алды. Ал жартылай финалға жобаның жеңімпазы атануға үміткер 11 қатысушы ғана шығады. Жеңімпаздардың болашағы зор, еліміздің танымал әзіл-сықақшысы Тұрсынбек Қабатов басқаратын театрдың…

0
0
342

«Энергия: тиімді пайдалану және үнемдеу»

Бүгін бұл тақырып 20:15-те «Серпіліс» хабарында талқыға салынбақ.

Қазіргі уақытта Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында энергетикалық, экологиялық және экономикалық проблемалар кешенін шешетін басым міндеттің бірі. Осы міндетті шешпей елдің қарқынды дамуы мүмкін емес.

Мемлекет басшысы энергия үнемдеу саласында жалпы ішкі өнімді үнемдеуді 2015 жылға қарай 10 пайызға, 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендету бойынша міндетті алға қойды.

Бүгінде бұл тапсырма қаншалықты орындалуда? Энергияны үнемдей алып жатырмыз ба? Бүгін бұл тақырып 20:15-те «Серпіліс» хабарында талқыға салынбақ.

0
0
4672

«Сіз не дейсіз?» хабарында – Сауытбек Әбдірахманов

«Егемен Қазақстан» газеті акционерлік қоғамының президентімен болған сұхбатты бүгін 23:15-те көре аласыздар.

Сауытбек Әбдірахманов – кино өнері туралы мақалалардың, шығарма портреттердің, Ғ.Мүсірепов, Ш.Айтматов, Н.Жантөрин, т.б. танымал суреткерлермен сұхбаттардың және бірнеше деректі фильмнің авторы.

Ол Пушкиннің «Евгений Онегин» романының аударылуы туралы зерттеулер жазды. Сонымен қатар, «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» оқулығын, Д.Кабалевскийдің «Сырлы саз бен сұлу сезім» кітабын, «Бейбарыс сұлтан» атты романды, 40-қа жуық көркем фильмді қазақшалады.

Қаламгердің «Біздің Пушкин» (1999), «Тәуелсіздік шежіресі» (2001), «Адамзат күнтізбесі» (2002), «Елдік сыны» (2003), т.б. кітаптары шыққан.

Журналист, кино сыншысы бүгін 23:15-те «Сіз не дейсіз?» хабарында қонақта.

0
0
666

Таразда Қазақ күресі федерациясының Кубогы өтеді

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Таразда ҚР Қазақ күресі федерациясы кубогы турнирі өтеді, деп жазады kazakhstanbarysy.kz сайты.

ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораев желтоқсан айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында федерация кубогының өтетіндігі туралы мәлімдеді.

Кубоктың бекітілген регламенті бойынша кубокка 18 жастан асқан палуан 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 келіге дейінгі және 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қатыса алады. Турнир Олимпиадалық схема бойынша өтеді.

Міндеттелген шарт бойынша кубокка қатысушы палуан клуб мүшесі болуы тиіс. Сондай-ақ, әрбір команда қазақ күресінің клубы екендігін көрсетуі қажет.

Турнирдің жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

0
0
564

Сауль Альвареспен жұдырықтасу үшін Г.Головкинге ақша төлегенім әділ емес – Мигель Котто

М.Котто Геннадий Головкинмен міндетті жұдырықтасуды кейінге қалдырып, Сауль Альвареспен кездесу үшін ақша төлеуіне тура келген.

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Мигель Котто титулдық жекпе-жектер үшін ақшаның тым көп пайызын төлетіп, уақытша чемпиондарды тағайындайтын бокс ұйымдарының саясатына қарсы.

«Маған Канеломен жұдырықтасу үшін белдік керек емес. Әрбір дивизионда Г.Головкин сияқты тым көп чемпион жасайтын ұйымдармен қазіргі кезде келеңсіздіктер тым көп. Сондықтан, С.Канеломен жұдырықтасу үшін оған 800 мың доллар төлеуіме тура келді. Бұл мен үшін және бокс үшін әділ емес», - дейді Мигель Котто.

0
0
221