Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Ұлттық арнада — «Шоқан Уәлиханов» тарихи фильмі

Фильмде басты рөлдерді Нұрмұхан Жантөрин, Қалыбек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков сынды майталмандар сомдаған.

Режиссер Мәжит Бегалиннің бала күнінен мазалап келе жатқан бір арманы бар еді. Ол – Шоқан образын сомдау болатын.

Ұлы адамның бей­несін экранда көрсету парыз ғана емес, қазақ хал­қы үшін зор мақтаныш, үлкен жеңіс еді. Өзіне қойыл­ған осы жауапкершілікті жақсы түсінген Мәжит Бегалин күн демей, түн демей ізденеді.

Оған М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, әкесі де көмекке келді. Режиссер  Шоқан образын шығаруға бақандай он жыл уақытын сарп етті.

Бүгін 22:45-те Ұлттық арнадан ерекше құлшыныс пен зор еңбектің арқасында дүниеге келген «Шоқан Уәлиханов» туындысын көріңіз.


1
0
894

Осы тақырып бойынша