Қазақстанда меморгандарда IT-салаларын дамыту үшін МЖӘ моделін қолдануды жоспарлап отыр
Қазір біз мемлекеттік -жеке әріптестік саласымен тығыз байланыста жұмыс жасап жатырмыз. Бұл тетік жеке сектор мемлекеттің ақпараттық жейесіне инвестициялай алатындай тиімді болады деп үміттенеміз, деді «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ басқармасының басшысы Бикеш Құрманғалиева Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында. - Бикеш Қайдарқызы, бұған дейін Сіз, жаңаша бетбұрыстарды анықтайтын «Ақпараттандыру туралы» Заң жобасы қазір ҚР президентінің қол қоюында жатқанын айтқан болатынсыз. Соған толығырақ тоқталсаңыз. - Мамандардың көбі біз ақпараттық жүйелерге деген талаптарды толық, кешенді түрде талқылағанда ғана IT - инфрақұрылымының тиімділігіне қол жеткізуге болатынын түсінеді. Бұл талаптар қандай да бір мекеменің қызметімен байланысты. Бұл ретте біз мембасқару…
