Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Футбол тарихындағы ең ұзақ қашықтықтан соғылған гол

Қақпашының өз алаңынан екінші қақпашыға гол соғуы сөз жоқ ерекше шеберлікті қажет етеді.

«Сток Сити» футбол клубының қақпашысы Асмир Беговичтің голы өз алаңынан соғылған. Бұл гол ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Себебі, бұл гол футбол тарихында ең алыстан соғылған  гол ретінде тіркелді.

Бұл оқиға 2013 жылдың қарашасында  болған, онда англиялық футбол Лигасының чемпионатында Асмир  Бегович қарсыластарының қақпасына таң қаларлық гол соқты. Аталмыш гол ойынның 13 секундында соғылған.

Сарапшылар, голдың қарсылас қақпасынан 91,9 метр арақашықтықта соғылғанын анықтаған. Басқа қақпашыларға тоқталар болсақ, Англия чемпионатында А.Беговичтен басқа  Петер Шмейхель, Брэд Фридель, Пол Робинсон және Тим Ховард алыстан қақпаға гол бағыттаған.

Ал, Асмир  Бегович өз қақпасынан қарсы қақпаға  бағыттап  гол соққан 5-ші рекорд иесі.


0
0
347

Осы тақырып бойынша