Мазмұнға өту

Жаңа

Ынтымақтастық туралы ашық келісімін түсіндіру бойынша брифинг өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен 2015 жылдың 13-қарашасында өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік ахуалын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сұрағы бойынша Ынтымақтастық туралы ашық келісімін түсіндіру бойынша брифинг өткізілді.

Брифингте журналисттер мен Павлодар жұртшылығына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғаммен өзара әрекеттесу бөлімінің басшысы Тыныштық Гарифоллаевич Джусупов және «Кеңестік-ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владислав Павлович Окишев баяндама жасады.

Ынтымақтастық туралы ашық келісімінің Павлодар өңірінде алғашқы жазылушылары «Қазақ радиосының» журналисі Санат Есенбек және «Қазақстан Павлодар» облыстық телеарнасының тілшісі Дәрмен Шотанов болды.

3
0
822

Сөзталас шыңдықты туғызады

Білім және ғылым министрлігімен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» атты құжат бекітіліп, соның ішінде тәрбие жұмыстарының басым бағыттары көрсетілген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті» аңықтамасы тәрбие жүйесінде алғаш рет нормативті бекітілді. Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қазақстандық патриотизммен азаматтықты тәрбиелеудегі бір мақсаты болып анықталды.

Аталған тәрбие жұмысының нәтижесінде жаңа демократиялық қоғамға бейімделген, қауып-қатерге қарсы тура алатын, құқықтық білімі бар және кез-келген құқықтық бұзушылық көріністеріне қарсы ой-пікірі бар тұлға (патриот, азамат) қалыптасуы тиіс.

Тәрбие мақсаты мен тәрбие жұмыстарының міндеттері – оқу үрдісі кезінде, оқудан тыс және демалыс уақыттарында жүзеге асырылады. Бұл ерлікті, адалдықты, ар-намысты және Отанға адал қызмет етуді насихаттайтын сабақтар өткізу мен сыбайлас жемқорлықтын кез-келген көрінісіне төзбеушілікке шақыратын дебаттық, дискуссиялық клубтарды, патриоттық форумдар мен акцияларды үйымдастыру болып табылады.

Осыған орай, 2015 жылдың 16 қарашада №35 ЖОББМ-де дебаттық ойын өткізілді. Ойынға №6 ЖОББМ-тің командасы қатысу үшін шақырылды. Оқушылырдын ынта көрсетуімен «Өлім жазасы – сыбайлас жемқорлықпен күресуге ықпал нәтижесі: колдау мен қарсылық» тақырыбы талқылауға шығарылды.

Командалар ойын тақырыбына сәйкес сөзталаста өз пікірлерінде тұрды. Көз қарастарының дұрыстығын, негізділігін дәлелдеді. Спикерлердін сөздері соншалықты сенімді болуына байланысты тыңдаушыларға әдеттегідей тойталас беруге қиындық тудырды.Төрешіге де ойынның жеңімпазын анықтауға оңай түскен жоқ.

Дегенмен де жеңімпаз аңықталды, ол №6 ЖОББМ-нің командасы болып шықты. Бұл команданың спикерлерімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесуге қарсы адамның өмір сүруге құқығы, қате үкімнің шығарылу мүмкіндігі, баланы толық жанұяда өсу мүмкіндігінен айырмау және адамға дұрысталуға мүмкімдік беру жөнінде пікірлері келтірді. Бұл оларға деген сүйіспеншілікті арттырады, қойылған сұрақтың ізгілік жағына да көңіл бөлу де аса маңызды екендігін көрсете білді.

Шара сонында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова Агенттіктің бірқатар функцияларымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудағы жастардың айрықша рөлін атап өтті.

0
0
2880

ҚР-да энерготиімділікті арттыру үшін оны тұтыну көлемін 15%-ға төмендету керек

Қазақстанда энерготиімділікті арттыру үшін оның тұтынылатын энергосыйымдылығын 15%-ға төмендету керек, деп хабарлады ҚР ҰЭМ құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Бүгінде республика экономикасы жалпы ішкі өнімнің жоғары тұтынушылық энергосыйымдылығын көрсетіп отыр, осы ретте бізге энерготиімділікті арттыру үшін оның тұтынылатын энергосыйымдылығын 15%-ға төмендету керек. Қазіргі таңда халықтың отынды тұтынуы 31%-ға дейін жетеді», - деді М. Жайымбетов.

Оның мәліметтері бойынша, тұрғын үй секторы электр энергияның  11%-ын және қатты отын энергиясының 40%-ын тұтынады.

«Ғимараттардың 70%-ға жуығы техникалық сипаттамалары бойныша заманауи талаптарға сай келмейді.  Жылу энергиясын тұтыну көлемі бір шаршы метрге бір сағатта 270 киловатты құрап отыр, ал орташаеуропалық көрсеткіш 100-120 киловаттқа тең. Жылу энергиясының 30%-ға жуық молшері немесе одан да көп мөлшері жоғалады. Біздің негізгі мақсатымыз экономиканың барлық салаларында энергоитімділікті арттыру», - деп атап өтті ол.

Қазақстан Республикасында энергияны тиімдеу мақсатында 10 мың есептегіш құрылғы орнатылған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикада энергия тиімдеу мақсатында тұрғын үйлерде 10 мың есептегіш құрылғы орнатылған болатын, деді ОКҚ-да Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.

«Елде 83 мың тұрғын үй бар, қазіргі таңда олардың 23 мыңы, яғни 27 пайызы жаңғыртуды қажет етіп тұр. Энергия тиімділігін көтеру мақсатында 2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін 33,5 млрд теңге  бөлініп, 2400 үй жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары су және жылуды есептейтін автоматтандырылған құрылғыларды орнатуды жаңғырту шаралары да енеді», - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, республика бойынша 10 мың жалпы тұрғын үйлік есептегіш құрал орнатылды. Жалпы қажеттілік 28 мың бірлікті құрап отыр.

«Қорытындысында біз экономикалық әсер алдық, энергия сиымдлығы 2 мың көпқабатты тұрғын үйге қысқарды. Жанармай қажеттілігі 30 пайызға қысқарды», - деді ол.

Айта кетейік, жаңғыртылған үйлерде әрбір отбасы коммуналдық қызмет төлемін өтеуде 30 пайыздық  қаржыны үнемдейді.

Ақпарат көзі

 

0
0
693

Сот жұмыстан заңсыз шығарылған мектеп директорын қайта орналастырды

Қостанай облысының Денисов аудандық соты Денисов ауылындағы орта мектеп директорын жұмысқа қайта алу, мәжбүрлі жұмыссыз жүрген мерзімдегі еңбек ақысын және моральдық заланды өндіру  туралы азаматтық істі қарады.

http://sud.gov.kz/kaz/news/sot-zhumystan-zansyz-shygarylgan-mektep-direktoryn-kayta-ornalastyrdy

0
0
458

Қазақстанда жария ету аясында экономикаға 42,1 млрд теңге инвестицияланды

Қазақстанда 324,9 млрд. теңгеге 46 260 объект және бағалы қағаздар жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.

Мүліктерді жария ету жөніндегі  ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 635,4млрд тг құрайтын  жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 65 155 өтініш түсті: сомасы 324,9 млрд. теңгеге 46 260  объект және бағалы қағаздар жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1018,0 млн тенге құрайтын 35 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті: 712,0 млн. теңгеге 29 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

«ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 17.11.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 80,8 млрд.теңге ақшаны жария етуге  178жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,1 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 31,0 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 42,1 млрд. теңге», - делінген хабарламада.

18.11.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түсті.

Сондай-ақ, ҚР-да 2016 жылдан бастап инвесторлар барлық рұқсат беру құжаттарын «бір терезе» арқылы алады

Мемлекет басшысының 2015 жылдың 1 қаңтарындағы Қаулысына сәйкес ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінде инвесторлар үшін «бір терезе» пилоттық режимде жұмыс істеуде, бүгінде ол басымдық берілген инвестициялық жобалармен жұмыс істеуде. Ал, 2016 жылдан бастап «бір терезе» принціпі барлық инвесторлар үшін жұмыс істейтін болады, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ.

Инвесторларға қажет барлық рұқсат беру құжаттары «бір терезеден» берілетін болады.   Бұл 363 мемлекеттік қызмет, олар лицензия, жерге рұқсат беру, шетелдік жұмыс күшін тарту және анықтамалар.

Бұл мақсатта әр министрлік пен әкімдіктерде бірінші орынбасарлар деңгейінде жауапты тұлғалар бекітілген. 
Барлық қажетті өзгертулер заңнамаға енгізілді.

Бүгінде  Investors Service Centre АҚШ, Франция, Италия, Германия, Корея, Жапония, Қытай, Үндістан және өзге мемлекеттердің ірі шетелдік компанияларымен шамамен 200 кездесу өткізді.  «Бір терезе» принціпі бойынша Investors Services Centre машинақұрылысы, азық түлік өндірісі, электрқұрал жабдықтарының өндірісі, жобалау және өзгеде салаларда көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі

 

0
0
216

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына – жаңа талаптар

2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Бірінші Президент Күні болып саналады. 1991 жылғы 1 желтоқсанында Қазақстан  Республикасы Президентті сайлау үшін бірінші жалпы халықтық сайлау өткізілді.

Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.

Мемлекеттік рәміздер - біздің мемлекетіміздің, біздің егеменіміздің мызғымас негізі. Олар Тәуелсіздіктің біріктіруші бейнесін білдіреді.

Алайда ұлттық стандартына сәйкес мемлекеттік рәміздерді шығару проблемалық сұрақ болып қала береді.

Қазақстан Республикасының СТ РК 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» техникалық параметрлерін бақылауына және Мемлекеттік Елтаңбаның түсіне қатысты келіспеушіліктер табылды. Осыған қатысты берілген стандарттың ережелерін жаңадан қарастыру деген ой табылды.

Барлық ұсыныстарды ескере отырып, СТ РК 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық талаптар» ұлттық стандарттың жаңа редакциясы зерттеп дайындалды.

Ұлттық стандарттың жаңа редакциясы келесі өзгерістерді енгізіп отыр:

-                     Мемлекеттік Елтаңбаның алтын түсін жасау кезінде техникалық талаптары қарастырылды. Алтын түс барлық үстінгі қабатында біртүсті болып, бұлдырсыз, көлеңкесіз - шағылыстыратын  мүмкіндігімен (жарқыл) болу қерек.

-         түсі және өлшемдеріне рұқсат енгізілді;

-         Мемлекеттік Елтаңбаның барлық элементтеріне тәптіктер өткізілді;

-         элементтерді қалыптау үшін қажетті өлшемдер берілген;

-                     2008 ж. редакциясында болмаған құрамды элементтердің барлық кажетті атаулары берілген,

-         бақылау (сынау) әдістері енгізілген (спектрофотометр).

Пайдалану кепілдік мерзімі  енгізілді, ол 3 жыл мерзімі құрайды, ол өндірушілерді сапалы өнім шығаруын талап етеді.

Ұлттық стандарттың жаңа редакциясы 2016 жылғы 1-қаңтарында іске енгізіледі. Осы уақыттағы СТ РК 989-2008 ұлттық стандарттың уақыт мерзімі 2017 жылғы 1-шілдесіне дейін анықталған, 2015 жылғы 1-қаңтарына дейін жасалған және енгізілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбаларға тарайды, ол ескі Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыруға мүмкіндік береді.

 

«ҚР Инвестициялар және даму

Министрлігі Техникалық реттеу және

метрология комитетінің Павлодар облысы

бойынша Департамент» РММ

0
0
646

ҚР Мемлекеттік хатшысы: Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген

Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негізіне этносына қарамастан күллі мемлекет азаматтарының қоғамы принціпі салынған, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

«Жалпыұлттық құндылықтарды, заң үстемділігін, конфессияаралық келісімді нығайту  қазақстандық біркелкілік пен біртұтастылықтың негізі. Қазақстанның барлық азаматтарына ешқандай шектеусіз объективті әлеуметтік реформалар жасақтау және үш тұғырлы тілді дамыту. Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негізіне этносына қарамастан күллі мемлекет азаматтарының қоғамы принціпі салынған», - деп сендірді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Оның айтуынша,  «Мәңгілік Ел» - ол жалпыұлттық идея, ол біздің ортақ стратегиялық мақсатымыз, ол қазақстандық құндылықтар мен бірлікті, келісімді қалыптастыратын жүйе.

«Мемлекет басшысы – тұрақтылық кепілі, егеменді мемлекеттің негізін қалаушы. Ал, халық мемлекеттік биліктің жалғыз көзі, тағдыры, тарихы бір халық қана ұлт қалыптастыра алады», - деді Г. Әбдіхалықова.

Г. Әбдіқалықова: ҚХА Қазақстанның біртұтас ұлт болашағының жол картасы болады. Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» халықаралық конференциясы өтуде.

«Конференцияның негіңзгі мақсаты басқару техникасын жасақтау және қоғамдық келісімді нығайтудағы азаматтық қатысу бойынша нақты ұсыныстар жасақтау. Ассамблея жылы Елбасы 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға ҚХА белсенді атсалысуын, бірінші кезекте Біртұтас болашақ ұлтын қалыптыстыруды басты міндет  деп көрсетті. Біртұтас ұлт болашағы – ол басты идея және 5 реформаның негізі. Халықтың рухы әр қашан мемлекеттің табыстылығын анықтайтын фактор болған және солай бола береді», -деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара  Әбдіқалықова конференция барысында.

ҚР Мемлекеттік хатшысының айтуынша, біркелкілік пен біртұтастылықты қалыптастыру бойынша барлық жұмыстар Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде жасақталады. Ол Қазақстанның біртұтас ұлт болашағының жол картасына айналады.

Айта өтейік, конференция аясында сала мамандарының, мемлекеттік органдар өкілдерінің, сарапшылардың қатысуымен пленарлы пікір таластар өткізу жоспарланған.

Ақпарат көзі

 

0
0
799

«Дамді ет» — вкуснее мяса нет!

ТОО «Ордабасы-құс» представит свою продукцию
на международной выставке EXPO-2017 в Астане

Такое право индейководческое предприятие ЮКО получило, став победителем общенационального конкурса «Халық маркасы» («Народная марка»).

Напомним, что состязание проходило среди отечественных производителей продуктов питания в 30 товарных номинациях. Победителей определяли сами потребители, голосовавшие за любимый продукт на сайте www.halykmarkasy.kz. Народное онлайн-голосование началось в начале сентября и продолжилось до восьмого октября.

Церемония награждения лучших из лучших состоялась 21 октября в Италии в павильоне Казахстана на выставке EXPO Milano-2015, посвященной теме «Накормим планету».

Руководство ТОО «Ордабасы-құс» по определенным причинам не смогло поехать в Милан. Поэтому руководитель проекта Р. Тажибаева приехала в Южный Казахстан, чтобы вручить генеральному директору товарищества М. Тагаеву заслуженную награду - народный знак «Халық маркасы».

- С одной стороны, это признание высокого качества выпускаемой нами продукции, - считает Мурат Кулмурзаевич. - В роли независимых экспертов выступили тысячи казахстанских потребителей. С другой - огромная ответственность. Теперь нам нужно стремиться держать марку, оправдывать доверие покупателей, расширять ассортимент выпускаемой продукции.

Представлять отечественную продукцию на международной выставке EXPO-2017 в Астане - большая честь. Ее темой обозначена «зеленая экономика». Мы, в свою очередь, тоже рассматриваем возможность использования альтернативных источников электроэнергии. Например, ведем переговоры с китайской компанией. Предлагаем ей построить на нашей территории солнечную электростанцию. А когда она заработает, будем закупать у нее электроэнергию. Но китайскую сторону останавливает то, что мы будет потреблять только часть вырабатываемой электроэнергии, а куда реализовать оставшуюся?

Есть задумки и насчет установки биогазовых установок, чтобы из отходов получать доходы. Но это довольно дорогостоящий проект. Поэтому требуется финансовая поддержка со стороны государства. Реализация проекта станет возможной, если нам будет предоставлен долгосрочный кредит. Ведем по этому поводу переговоры с Национальным агентством по технологическому развитию.

М. Тагаев не скрывает, что ослабление российского рубля стало серьезным испытанием для предприятия. Ведь именно в Россию экпортирует часть своей продукции фабрика. Но компания сумела преодолеть трудности без сокращения рабочих мест и задержки заработной платы. Несмотря на определенные убытки, сохранила место на внешнем рынке, не повысила цены на продукцию.

- 20 августа Правительство и Нацбанк приняли решение об отмене валютного коридора и переходе к свободно плавающему курсу национальной валюты из-за негативных изменений в мировой экономике, - говорит М. Тагаев. - Ситуация постепенно улучшилась. Тенге  укрепился по отношению к рублю. Мы стали увеличивать экспортный объем. По итогам этого года он составит две тысячи тонн, или 40 процентов от общего объема продукции. На днях отправим в Кыргызстан, вступивший в Таможенный союз, первую партию мяса индейки - три тонны. Вели переговоры и о поставке продукции в Беларусь. Но, как оказалось, по законодательству этой страны максимальная предоплата должна составлять 50 процентов. Нас это, естественно, не устраивает.

Одна российская компания предлагает наладить поставки товара в Саудовскую Аравию, Африку. Думаем и над этим предложением.

Хочется сказать спасибо руководству области, благодаря поддержке которого имеем возможность продавать свою продукцию с торговой маркой «Дәмді ет» на субботних ярмарках в Шымкенте, в социальных торговых рядах, минуя посредников. Ведь в супермаркетах порой цена на нее накручивается в два раза. Во всех городах и районах в рамках  фестиваля «Золотая осень» прошли сельхозярмарки. Мы участвовали почти во всех, и везде за нашей продукцией выстаивалась очередь. В Арыси, к примеру, пришлось работать до восьми вечера.

Недавно аким Шымкента Г. Абдрахимов на встрече с предпринимателями сообщил, что бизнесменам, желающим вкладывать инвестиции, будут выделяться земельные участки. Тогда  я предложил открыть в городе Дом индейки, где можно будет не только купить мясные изделия, но и отведать блюда из индейки. Габидулла Рахматуллаевич обещал рассмотреть это предложение.

В ТОО «Ордабасы-құс» на первом плане - качество выпускаемой продукции. В 2009 году компания получила сертификат ИСО-9000. Каждые два года она успешно проходит ресертификацию.

В 2013 году товарищество стало обладателем сертификата пищевой безопасности ХАССП ИСО22000, позволяющего поставлять продукцию в страны Европы. 26 октября прошло ресертификацию. Эксперты проверяли документацию, обследовали цеха, знакомились с условиями работы и дали положительное заключение.

Продолжает товарищество сотрудничать с компанией по производству кошерных продуктов, расположенной в Алматы.

ТОО «Ордабасы-құс» постоянно работает над расширением ассортимента. В этом году приобретено новейшее германское оборудование для производства колбасных изделий. На прилавках магазинов появились новые виды сосисок: «Любительские», «Сливочные», «К завтраку». А совсем недавно на радость гурманов в продажу поступила новая продукция - қазы... из индейки, по вкусу ничем не уступающая изготовленной из конины.

Кстати, ей угощали гостей павильона Казахстана на выставке EXPO Milano-2015. Дипломом отмечена организаторами главный технолог ТОО «Ордабасы-құс» Т. Кущенко, которая проделала огромную работу, пока был найден идеальный рецепт. Десятки дегустаций, лабораторных исследований позволили выбрать самый  лучший вариант.

- Конская кишка набивается филе бедра индейки и конским жиром, добавляются соль, перец, чеснок, - рассказывает Татьяна. - Мы выпускаем два вида қазы под маркой колбаса «Премьерская»: вареная и охлажденная и сырая замороженная. Если в октябре начинали с производства 30 килограммов қазы в сутки, то сегодня мощность увеличена до 100 килограммов. Спрос с каждым днем повышается. Мы получили положительное заключение Академии питания РК, сертифицировали продукцию. Мы не используем консерванты, предпочитаем только натуральные пищевые добавки. Вместо жидкого дыма для копчения в производстве используем древесные опилки.

За реализацию готовой продукции отвечает главный маркетолог Д. Туткышбаева, которая была отмечена в числе лучших на областном фестивале «Алтын күз». Товар, по ее словам, на складах не залеживается. Фирменные магазины работают в Шымкенте, Астане, Алматы и Караганде. Дистрибьютерские поставки осуществляются в Тараз, Жезказган, Актобе, Петропавловск.

В ближайших планах предприятия - создать родительское стадо в селе Акдала Арыси. Уже выделен земельный участок, разработан бизнес-план. Сейчас оформляются разрешительные документы. Ежегодно у канадской компании закупается  840 тысяч яиц. А если у фабрики будет свое маточное поголовье, качественный генный материал, то необходимость в этом со временем отпадет. Можно будет обеспечивать инкубационными яйцами частных предпринимателей, желающих заниматься индейководством.  Для этого нужно проводить углубленные племенные работы.

В конце января в Канаду планируется направить главного зоотехника и начальника инкубационного отдела, которые будут перенимать опыт зарубежных коллег по воспроизводству стада.

Одной из главных задач остается заготовка корма. Ведь именно на него приходится 70 процентов себестоимости продукции. В этом году товарищество на 300 гектарах вырастило кукурузу. А на богарной пашне засеяна озимая пшеница. Помимо этого, ТОО закупает урожай у крестьянских хозяйств, производственных кооперативов.

 
0
0
1149

Қазақстан Республикасында энерготиімділікті арттыру үшін оны тұтыну көлемін 15%-ға төмендету керек

Қазақстанда энерготиімділікті арттыру үшін оның тұтынылатын энергосыйымдылығын 15%-ға төмендету керек, деп хабарлады ҚР ҰЭМ құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Бүгінде республика экономикасы жалпы ішкі өнімнің жоғары тұтынушылық энергосыйымдылығын көрсетіп отыр, осы ретте бізге энерготиімділікті арттыру үшін оның тұтынылатын энергосыйымдылығын 15%-ға төмендету керек. Қазіргі таңда халықтың отынды тұтынуы 31%-ға дейін жетеді», - деді М. Жайымбетов.

Оның мәліметтері бойынша, тұрғын үй секторы электр энергияның  11%-ын және қатты отын энергиясының 40%-ын тұтынады.

«Ғимараттардың 70%-ға жуығы техникалық сипаттамалары бойныша заманауи талаптарға сай келмейді.  Жылу энергиясын тұтыну көлемі бір шаршы метрге бір сағатта 270 киловатты құрап отыр, ал орташаеуропалық көрсеткіш 100-120 киловаттқа тең. Жылу энергиясының 30%-ға жуық молшері немесе одан да көп мөлшері жоғалады. Біздің негізгі мақсатымыз экономиканың барлық салаларында энергоитімділікті арттыру», - деп атап өтті ол.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикада энергия тиімдеу мақсатында тұрғын үйлерде 10 мың есептегіш құрылғы орнатылған болатын, деді ОКҚ-да Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.

«Елде 83 мың тұрғын үй бар, қазіргі таңда олардың 23 мыңы, яғни 27 пайызы жаңғыртуды қажет етіп тұр. Энергия тиімділігін көтеру мақсатында 2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін 33,5 млрд теңге  бөлініп, 2400 үй жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары су және жылуды есептейтін автоматтандырылған құрылғыларды орнатуды жаңғырту шаралары да енеді», - деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, республика бойынша 10 мың жалпы тұрғын үйлік есептегіш құрал орнатылды. Жалпы қажеттілік 28 мың бірлікті құрап отыр.

«Қорытындысында біз экономикалық әсер алдық, энергия сиымдлығы 2 мың көпқабатты тұрғын үйге қысқарды. Жанармай қажеттілігі 30 пайызға қысқарды», - деді ол.

Айта кетейік, жаңғыртылған үйлерде әрбір отбасы коммуналдық қызмет төлемін өтеуде 30 пайыздық  қаржыны үнемдейді.

Ақпарат көзі

 

0
0
482

Қыстық аяқ киіміңіз «угги» ма?

Сырт көзге байпаққа ұқсас аяқ киімді өзгесіне қарағанда жылырақ болады деп ойлағандықтан сатып аласыз ба? Кез-келген киіммен сәйкестендіріп киесіз бе? Шығу тарихынан хабардарсыз ба? Сан сауал. Жауабын біз іздеп көрдік.

Шығу тарихы. Осы аяқ киімнің тарихы XIX ғасырда  Австралия мен Жаңа Зеландиядан бастау алады. Уггиді алғашқы кездері шаңғы спортында пайдаланған. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде корпусына қалың мұз қатқан ұшақта аяқтарын жылы ұстау үшін авиаторлар угги етіктерін киген. 1960 жылдан бастап құрғақтықты сақтау үшін серферлар бұл аяқ киімді қолданысқа енгізген. Қытайда осы күнге дейін ауыл, мал шаруашылығында киген. Уггидің сән әлеміне етене енуіне шоу-бизнестегі әлемдік жұлдыздардың ықпалы зор. Талантымен тамсандырған тележүршізуші Опра Уинфи бағдарламаға киіп шыққан болатын. Біздегі жұлдыздар да бұл етікті насихаттап үлгерді. Баян Есентаева, Айнұр Нұрсейітова, Айнұр Төлеуова, Айдана Меденованың киген уггилері көпшілікті қызықтырғанынан хабардармыз.

Сәйкестендіріп қолдану. «Угги» сөзін тікелей тәржімалағанда ұсқынсыздығына қарап, «сүйкімсіз аяқ киім» дегенді білдіреді. Десе де сән мамандарының айтуы бойынша, көпшілігі уггиді жайлылық үшін ғана емес, қойдың жүнінен жасалғандығымен сәнге айналғандығын айтады. Ең бастысы – сапасы мен стилі заман талаптарына сай. 2014-2015 жылы қысқа уггилер кез-келген киіммен үйлесімін табатын болғандықтан трендте болды. 2016 жылы да сатылымы жоғары дәрежеде болады деп күтілуде. Әшекейлермен, жылтырақтармен безендірілген түрі көңіл-күйді көтеріп қана қоймайды. Аязға төзімділігі былай тұрсын, мұзға тайғанақтамайды. Уггиді тоқыма киіммен кисеңіз, тым дөрекі көрінеді. Спорттық киім үлгісіне жақын болған соң, джинсы, шалбармен үйлестіріп кию белең алды. Тіпті көйлекпен сәйкестендіретін болды.

Дұрыс таңдау. Дүкен сөрелерінде арзан бағаға сатылып тұрғандарының біршамасы – жасанды уггилер. Оны қалай анықтауға болады?

1. Далада жүре қалсаңыз, табаныңызға су өтетін болса, бірден жасандылықты аңғаруға болады.

2. UGG деген белгіні емес, UBG дегенді аңғарсаңыз, фэйк екенін біле беріңіз. Жазуы бар бөлігінің тігісі тегіс, біркелкі, қатты болуы керек.

3. Етікті екіге бөліп қарағанда, ішінен пластмасса емес, қағаз секілді қатырма шықса, синтетикалық өнімнен дайындалғандығына көз жеткізгеніңіз.

Зияны. Остеопатияны зерттеу Британдық колледжінің профессоры Дрисдэйлдің айтуы бойынша, аяқ киім көшеде күнделікті киіп жүруге арналмаған. Неліктен мұндай тұжырымға келген екен? Америкалық ортопедтер жүрістің өзгеруіне септігі тиетінін баса айтты. Табан мен тізенің сыздауынан бел, арқа тұсына әсер етіп, ауыра бастайды. Уггиді қолданушылар  жылы әрі жұмсақ болғанына байланысты  аяқты демалдырады, сондай-ақ өкшенің жоқтығы маймақтыққа әкеліп соқпайды деп  ойлайды. Бірақ, дәрігерлер уггидің аяққа кері әсері көп екендігі жөнінде дабыл қағуда. Әсіресе табанының формасы енді ғана қалыптасып келе жатқан кішкентайларға бұл аяқ киімді киюге үзілді-кесілді қарсы. Бұл тек қана маймақтыққа ғана әкеліп соқпайды. Жамбас сүйегінің өзгерісінен омыртқаға әсер етеді. Естеріңізде болсын!  Уггиді күнделікті қолдануға болмайды.

Күтімі. Көп әуре-сарсаңға салмайды. Резіңке табанды ылғалды ысқышпен, соңынан құрғақ сүрткішпен сүртіп отыру керек. Күннің астында немесе жылытқыштың жанында кептіріп қоюдың мүлдем қажеті жоқ. Ұсқынын мүлдем өзгертіп жібереді.

P.S. Ыңғайлы болғанды ғана ойламай, салауатты өмір салтын ескергеніміз жөн. Біз ескерген белгілерді жадыңызда ұстасаңыз, таңдау жасайсыз. Талғамға талас жоқ.

Салтанат Сүгір

1
0
4167