Сөзталас шыңдықты туғызады
Білім және ғылым министрлігімен «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» атты құжат бекітіліп, соның ішінде тәрбие жұмыстарының басым бағыттары көрсетілген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті» аңықтамасы тәрбие жүйесінде алғаш рет нормативті бекітілді. Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қазақстандық патриотизммен азаматтықты тәрбиелеудегі бір мақсаты болып анықталды.
Аталған тәрбие жұмысының нәтижесінде жаңа демократиялық қоғамға бейімделген, қауып-қатерге қарсы тура алатын, құқықтық білімі бар және кез-келген құқықтық бұзушылық көріністеріне қарсы ой-пікірі бар тұлға (патриот, азамат) қалыптасуы тиіс.
Тәрбие мақсаты мен тәрбие жұмыстарының міндеттері – оқу үрдісі кезінде, оқудан тыс және демалыс уақыттарында жүзеге асырылады. Бұл ерлікті, адалдықты, ар-намысты және Отанға адал қызмет етуді насихаттайтын сабақтар өткізу мен сыбайлас жемқорлықтын кез-келген көрінісіне төзбеушілікке шақыратын дебаттық, дискуссиялық клубтарды, патриоттық форумдар мен акцияларды үйымдастыру болып табылады.
Осыған орай, 2015 жылдың 16 қарашада №35 ЖОББМ-де дебаттық ойын өткізілді. Ойынға №6 ЖОББМ-тің командасы қатысу үшін шақырылды. Оқушылырдын ынта көрсетуімен «Өлім жазасы – сыбайлас жемқорлықпен күресуге ықпал нәтижесі: колдау мен қарсылық» тақырыбы талқылауға шығарылды.
Командалар ойын тақырыбына сәйкес сөзталаста өз пікірлерінде тұрды. Көз қарастарының дұрыстығын, негізділігін дәлелдеді. Спикерлердін сөздері соншалықты сенімді болуына байланысты тыңдаушыларға әдеттегідей тойталас беруге қиындық тудырды.Төрешіге де ойынның жеңімпазын анықтауға оңай түскен жоқ.
Дегенмен де жеңімпаз аңықталды, ол №6 ЖОББМ-нің командасы болып шықты. Бұл команданың спикерлерімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін өлім жазасына кесуге қарсы адамның өмір сүруге құқығы, қате үкімнің шығарылу мүмкіндігі, баланы толық жанұяда өсу мүмкіндігінен айырмау және адамға дұрысталуға мүмкімдік беру жөнінде пікірлері келтірді. Бұл оларға деген сүйіспеншілікті арттырады, қойылған сұрақтың ізгілік жағына да көңіл бөлу де аса маңызды екендігін көрсете білді.
Шара сонында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы В.Масимова Агенттіктің бірқатар функцияларымен таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудағы жастардың айрықша рөлін атап өтті.

