ҚР-да энерготиімділікті арттыру үшін оны тұтыну көлемін 15%-ға төмендету керек
Қазақстанда энерготиімділікті арттыру үшін оның тұтынылатын энергосыйымдылығын 15%-ға төмендету керек, деп хабарлады ҚР ҰЭМ құрылыс, тұрғын үй коммуналды шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
«Бүгінде республика экономикасы жалпы ішкі өнімнің жоғары тұтынушылық энергосыйымдылығын көрсетіп отыр, осы ретте бізге энерготиімділікті арттыру үшін оның тұтынылатын энергосыйымдылығын 15%-ға төмендету керек. Қазіргі таңда халықтың отынды тұтынуы 31%-ға дейін жетеді», - деді М. Жайымбетов.
Оның мәліметтері бойынша, тұрғын үй секторы электр энергияның 11%-ын және қатты отын энергиясының 40%-ын тұтынады.
«Ғимараттардың 70%-ға жуығы техникалық сипаттамалары бойныша заманауи талаптарға сай келмейді. Жылу энергиясын тұтыну көлемі бір шаршы метрге бір сағатта 270 киловатты құрап отыр, ал орташаеуропалық көрсеткіш 100-120 киловаттқа тең. Жылу энергиясының 30%-ға жуық молшері немесе одан да көп мөлшері жоғалады. Біздің негізгі мақсатымыз экономиканың барлық салаларында энергоитімділікті арттыру», - деп атап өтті ол.
Қазақстан Республикасында энергияны тиімдеу мақсатында 10 мың есептегіш құрылғы орнатылған. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикада энергия тиімдеу мақсатында тұрғын үйлерде 10 мың есептегіш құрылғы орнатылған болатын, деді ОКҚ-да Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.
«Елде 83 мың тұрғын үй бар, қазіргі таңда олардың 23 мыңы, яғни 27 пайызы жаңғыртуды қажет етіп тұр. Энергия тиімділігін көтеру мақсатында 2011 жылдан бастап қазіргі кезге дейін 33,5 млрд теңге бөлініп, 2400 үй жаңғыртылды. Жөндеу жұмыстары су және жылуды есептейтін автоматтандырылған құрылғыларды орнатуды жаңғырту шаралары да енеді», - деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, республика бойынша 10 мың жалпы тұрғын үйлік есептегіш құрал орнатылды. Жалпы қажеттілік 28 мың бірлікті құрап отыр.
«Қорытындысында біз экономикалық әсер алдық, энергия сиымдлығы 2 мың көпқабатты тұрғын үйге қысқарды. Жанармай қажеттілігі 30 пайызға қысқарды», - деді ол.
Айта кетейік, жаңғыртылған үйлерде әрбір отбасы коммуналдық қызмет төлемін өтеуде 30 пайыздық қаржыны үнемдейді.
