Жасыл экономика. «Жасыл» құрылыс саласының қарқыны қандай?
http://gbpp.org/kz/2015/11/12069
http://gbpp.org/kz/2015/11/12069

Ағымдағы жылғы 18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, фармацевтикалық кәсіп мәселелерін талқылау үшін өңірлік Фармацевтер ассоциациясының Аймақтық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, ұйымдастырған дөңгелек үстелі отырысына қатысты.
Ең алдымен тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі облыстық басқарманың өкілдері коммуналдық сала нысандарындағы санитарлық жағдай жайында мәселе қозғады. Бас прокуратураның құқықтық статистика және ақпарат бойынша Комитетінің аға прокуроры «бизнес тірегі» интернет-порталымен таныстыру барысында, мемлекеттік органдардың тексерісі кезіндегі кәсіпкерлердің құқықтарын түсіндірді.
Ал бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - дәрі-дәрмек бағаларының шарықтауы жайында түрлі пікірлер айтылды.
Осыған орай, «Солтүстік Қазақстан фармацевтикалық ұйымдар ассоциациясы» ЗТБ атқарушы директоры Т.И. Анохина фармбизнесті реттейтін, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіруді ұсынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, жиынға қатысушыларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның басым бағыттары, жемқорлық құқық бұзушылық үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормалары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этиканы бұзғаны үшін қарастырылған тәртіптік жаза, сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтарын жедел қорғау үшін Департаменттің арнайы құрылған интернет-ресурстары «СҚО кәсіпкерлігін қорғау», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум алаңымен» таныстырды.
Кездесуді түйіндеген фармацевтикалық бизнес өкілдері, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдағы жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері жөніндегі Ынтымақтастық туралы ашық келісіміге еңбек ұжымдарын, қоғамдық ұйымдарды, облыстың беделді азаматтарын шақыру бастамасына оң бағаларын берді. Сөздерінің дәлелі ретінде ассоциацияның атқарушы директоры Т.И. Анохина өңірлік фармацевтер атынан Келісімге қол қойды.
Айта кету керек, аталмыш пікір алаңында Аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ж.А. Қазиев модераторлық атқарды.

БІШКЕК. ҚазАқпарат – 13-14 қарашада Астана қаласында өткен «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша Қырғызстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының мамандары бұл саладағы озық тәжірибені меңгермек. Бұл туралы бүгін Сауда-өнеркәсіп палатасынан хабарлады.
Қырғыз делегациясында Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті Нұрлан Мусуралиев пен Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының Қырғызстандағы шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша Комитетінің төрағасы Гүлнар Өскенбаева болды.
«Біз «жасыл» экономиканы енгізу тәжірибесін әрі қарай Қырғызстанда жүзеге асыру үшін енгізуге ниеттіміз. Бұл энергияны үнемдеуге бағыт алған елдер үшін өзекті. Сондай-ақ жеке секторда «жасыл» экономиканы белсенді түрде ендіруге ынталандыратын жетекші елдердің нормативті-құқықтық актілерімен таныстық. Бұл жерде энергия тиімділігі, атмосфераға төгілетін қалдық көлемін азайтуды қамтамасыз ету туралы айтылып отыр», – деп атап өтті Н.Мусуралиев.
Оның сөзіне қарағанд, Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасы өз қызметін энергия үнемдеу бойынша жобаларды белсенді жүргізуге бағыттамақ. Жақын арада оның мүшелері энергия үнемдеудің негізгі принциптерімен танысады.
«Кәсіпкерлік орта энергия үнемдеу жүйесін енгізу пайдалы екенін біледі. Біз оларды енгізудің тиімді әдістері жөнінде айтуымыз керек», – деді Н.Мусуралиев.
2015 жылдың сәуірінде Қырғызстан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасына қосылды. Меморандумға Қырғызстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Марат Шаршекеев қол қойды.
Атап өту керек, Қазақстан посткеңестік кеңістікте «жасыл» экономиканы енгізу мәселесі бойынша көш басындағылардың қатарында. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмесі де энергия үнемдеу мен баламалы энергия көздерін табуға арналады.
http://gbpp.org/kz/2015/11/12056
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанға толықтай көмірден бас тартудың реті жоқ. Бұл тұрғыда «қоңыр» және «жасыл» экономикалар арасындағы балансты айқындау керек. Бүгін елордада «Энергиялық тиімді ТКШ және Қазақстанның инновациялық құрылыс индустриясы» V Халықаралық конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева осылай мәлім етті.
«Қазақстан салада бірқатар бәсекелестік басымдықтарға ие. Оларды «жасыл экономика» стратегиясы негізінде ғана жүзеге асыруға болады. Бізде жаңаратын энергия көздері тұрғысында ауқымды әлеуетіміз бар. Ол шамамен 1 трлн. киловатт/сағатты құрап отыр. Алайда энергияның басым бөлігі көмір стансаларда өндірілуде. Бізде бұл тақырып бойынша пікірталастар болды және онда Қазақстанда көмірдің елеулі қоры бар екендігі, сондай-ақ отынның бұл түрі қымбат еместігі айтылды. «Қоңыр экономикамен қатар «жасыл экономика» бар екенін түсінуіміз керек. Бұл тұрғыда біз теңгерімді табуымыз қажет», – деп тоқталды А. Соловьева.
Осы орайда депутат «қоңыр экономиканың» барша өндірістерін жабу міндетті емес екенін, яғни оларды трансформациялауға болатындығын атап өтті.
«Қоңыр экономика» - ол ескі технологияларға негізделген экономика ғана емес. Экологиялық себептермен барша өндірістерді жабудың негізі жоқ, себебі бұл тұрғыда революциялық технологиялар мен инновациялық шешімдер бар. Батыстың компанияларымен қатар Қазақстанның да өндірушілері осы бағытта елеулі түрде алға жылжыды», – деді ол.
http://gbpp.org/kz/2015/11/12053
Жаңа технологиялар мен заманауи құрылыс материалдары бүгінде осы салада тиімді ғимарттар тұрғызуға мүмкіндік береді.
Олар адам өмірі мен қоршаған ортаға зиянын тигізбеумен қатар, энерготиімділік талаптарына да сай. Ал елімізде энергоүнем мәселесі қалай шешіледі? Жаңадан салынатын нысандар қаншалықты осы талаптарға сай болмақ?
http://gbpp.org/kz/2015/11/12039
- Астанада «Жасыл көпір – озық жобалар мен инновациялар үшін серіктестік платформасы» атты конференция өтті;
- Өскеменде көгалдандыру жұмыстарына деген белсенділік артып келеді.http://gbpp.org/kz/2015/11/12047
Алакөл аудандық соты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған «Достық» кедені басшысының орынбасары С. Қалиасқаровқа қатысты қылмыстық істі қарады.
http://sud.gov.kz/kaz/news/dostyk-kedeni-basshysynyn-orynbasary-para-algany-ushin-sottaldy-0

Мемлекет басшысының 2015 жылдың 1 қаңтарындағы Қаулысына сәйкес ҚР Инвестициялар мен даму министрлігінде инвесторлар үшін «бір терезе» пилоттық режимде жұмыс істеуде, бүгінде ол басымдық берілген инвестициялық жобалармен жұмыс істеуде. Ал, 2016 жылдан бастап «бір терезе» принціпі барлық инвесторлар үшін жұмыс істейтін болады, деп хабарлады «KAZNEX INVEST» АҚ.
Инвесторларға қажет барлық рұқсат беру құжаттары «бір терезеден» берілетін болады. Бұл 363 мемлекеттік қызмет, олар лицензия, жерге рұқсат беру, шетелдік жұмыс күшін тарту және анықтамалар.
Бұл мақсатта әр министрлік пен әкімдіктерде бірінші орынбасарлар деңгейінде жауапты тұлғалар бекітілген.
Барлық қажетті өзгертулер заңнамаға енгізілді.
Бүгінде Investors Service Centre АҚШ, Франция, Италия, Германия, Корея, Жапония, Қытай, Үндістан және өзге мемлекеттердің ірі шетелдік компанияларымен шамамен 200 кездесу өткізді. «Бір терезе» принціпі бойынша Investors Services Centre машинақұрылысы, азық түлік өндірісі, электрқұрал жабдықтарының өндірісі, жобалау және өзгеде салаларда көмек көрсетілді.
Қазақстанда жария ету аясында экономикаға 42,1 млрд теңге инвестицияланды
Қазақстанда 324,9 млрд. теңгеге 46 260 объект және бағалы қағаздар жария етілді, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі.
Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 635,4млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 65 155 өтініш түсті: сомасы 324,9 млрд. теңгеге 46 260 объект және бағалы қағаздар жария етілді.
Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 1018,0 млн тенге құрайтын 35 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті: 712,0 млн. теңгеге 29 объект және бағалы қағаздар жария етілді.
«ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 17.11.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 80,8 млрд.теңге ақшаны жария етуге 178жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,1 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 31,0 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 42,1 млрд. теңге», - делінген хабарламада.
18.11.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110 коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,2 млрд.теңге түсті.
Шынайылық біз ойлағандай қарапайым және түсінікті емес. Кейбір біз ақиқат деп қабылдайтын дүниелер дұрыс болмауы мүмкін. Ғалымдар мен философтар біздің санамызды төңкеру үшін біраз тер төкті. Бұл туралы біз келтірген мысалдардан кеңірек біле аласыз.

Сырт көзге байпаққа ұқсас аяқ киімді өзгесіне қарағанда жылырақ болады деп ойлағандықтан сатып аласыз ба? Кез-келген киіммен сәйкестендіріп киесіз бе? Шығу тарихынан хабардарсыз ба? Сан сауал. Жауабын біз іздеп көрдік.

Шығу тарихы. Осы аяқ киімнің тарихы XIX ғасырда Австралия мен Жаңа Зеландиядан бастау алады. Уггиді алғашқы кездері шаңғы спортында пайдаланған. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде корпусына қалың мұз қатқан ұшақта аяқтарын жылы ұстау үшін авиаторлар угги етіктерін киген. 1960 жылдан бастап құрғақтықты сақтау үшін серферлар бұл аяқ киімді қолданысқа енгізген. Қытайда осы күнге дейін ауыл, мал шаруашылығында киген. Уггидің сән әлеміне етене енуіне шоу-бизнестегі әлемдік жұлдыздардың ықпалы зор. Талантымен тамсандырған тележүршізуші Опра Уинфи бағдарламаға киіп шыққан болатын. Біздегі жұлдыздар да бұл етікті насихаттап үлгерді. Баян Есентаева, Айнұр Нұрсейітова, Айнұр Төлеуова, Айдана Меденованың киген уггилері көпшілікті қызықтырғанынан хабардармыз.

Сәйкестендіріп қолдану. «Угги» сөзін тікелей тәржімалағанда ұсқынсыздығына қарап, «сүйкімсіз аяқ киім» дегенді білдіреді. Десе де сән мамандарының айтуы бойынша, көпшілігі уггиді жайлылық үшін ғана емес, қойдың жүнінен жасалғандығымен сәнге айналғандығын айтады. Ең бастысы – сапасы мен стилі заман талаптарына сай. 2014-2015 жылы қысқа уггилер кез-келген киіммен үйлесімін табатын болғандықтан трендте болды. 2016 жылы да сатылымы жоғары дәрежеде болады деп күтілуде. Әшекейлермен, жылтырақтармен безендірілген түрі көңіл-күйді көтеріп қана қоймайды. Аязға төзімділігі былай тұрсын, мұзға тайғанақтамайды. Уггиді тоқыма киіммен кисеңіз, тым дөрекі көрінеді. Спорттық киім үлгісіне жақын болған соң, джинсы, шалбармен үйлестіріп кию белең алды. Тіпті көйлекпен сәйкестендіретін болды.

Дұрыс таңдау. Дүкен сөрелерінде арзан бағаға сатылып тұрғандарының біршамасы – жасанды уггилер. Оны қалай анықтауға болады?
1. Далада жүре қалсаңыз, табаныңызға су өтетін болса, бірден жасандылықты аңғаруға болады.
2. UGG деген белгіні емес, UBG дегенді аңғарсаңыз, фэйк екенін біле беріңіз. Жазуы бар бөлігінің тігісі тегіс, біркелкі, қатты болуы керек.
3. Етікті екіге бөліп қарағанда, ішінен пластмасса емес, қағаз секілді қатырма шықса, синтетикалық өнімнен дайындалғандығына көз жеткізгеніңіз.

Зияны. Остеопатияны зерттеу Британдық колледжінің профессоры Дрисдэйлдің айтуы бойынша, аяқ киім көшеде күнделікті киіп жүруге арналмаған. Неліктен мұндай тұжырымға келген екен? Америкалық ортопедтер жүрістің өзгеруіне септігі тиетінін баса айтты. Табан мен тізенің сыздауынан бел, арқа тұсына әсер етіп, ауыра бастайды. Уггиді қолданушылар жылы әрі жұмсақ болғанына байланысты аяқты демалдырады, сондай-ақ өкшенің жоқтығы маймақтыққа әкеліп соқпайды деп ойлайды. Бірақ, дәрігерлер уггидің аяққа кері әсері көп екендігі жөнінде дабыл қағуда. Әсіресе табанының формасы енді ғана қалыптасып келе жатқан кішкентайларға бұл аяқ киімді киюге үзілді-кесілді қарсы. Бұл тек қана маймақтыққа ғана әкеліп соқпайды. Жамбас сүйегінің өзгерісінен омыртқаға әсер етеді. Естеріңізде болсын! Уггиді күнделікті қолдануға болмайды.
Күтімі. Көп әуре-сарсаңға салмайды. Резіңке табанды ылғалды ысқышпен, соңынан құрғақ сүрткішпен сүртіп отыру керек. Күннің астында немесе жылытқыштың жанында кептіріп қоюдың мүлдем қажеті жоқ. Ұсқынын мүлдем өзгертіп жібереді.
P.S. Ыңғайлы болғанды ғана ойламай, салауатты өмір салтын ескергеніміз жөн. Біз ескерген белгілерді жадыңызда ұстасаңыз, таңдау жасайсыз. Талғамға талас жоқ.