Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына – жаңа талаптар

2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасы Бірінші Президент Күні болып саналады. 1991 жылғы 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентті сайлау үшін бірінші жалпы халықтық сайлау өткізілді.
Республика Президентi - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.
Мемлекеттік рәміздер - біздің мемлекетіміздің, біздің егеменіміздің мызғымас негізі. Олар Тәуелсіздіктің біріктіруші бейнесін білдіреді.
Алайда ұлттық стандартына сәйкес мемлекеттік рәміздерді шығару проблемалық сұрақ болып қала береді.
Қазақстан Республикасының СТ РК 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» техникалық параметрлерін бақылауына және Мемлекеттік Елтаңбаның түсіне қатысты келіспеушіліктер табылды. Осыған қатысты берілген стандарттың ережелерін жаңадан қарастыру деген ой табылды.
Барлық ұсыныстарды ескере отырып, СТ РК 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық талаптар» ұлттық стандарттың жаңа редакциясы зерттеп дайындалды.
Ұлттық стандарттың жаңа редакциясы келесі өзгерістерді енгізіп отыр:
- Мемлекеттік Елтаңбаның алтын түсін жасау кезінде техникалық талаптары қарастырылды. Алтын түс барлық үстінгі қабатында біртүсті болып, бұлдырсыз, көлеңкесіз - шағылыстыратын мүмкіндігімен (жарқыл) болу қерек.
- түсі және өлшемдеріне рұқсат енгізілді;
- Мемлекеттік Елтаңбаның барлық элементтеріне тәптіктер өткізілді;
- элементтерді қалыптау үшін қажетті өлшемдер берілген;
- 2008 ж. редакциясында болмаған құрамды элементтердің барлық кажетті атаулары берілген,
- бақылау (сынау) әдістері енгізілген (спектрофотометр).
Пайдалану кепілдік мерзімі енгізілді, ол 3 жыл мерзімі құрайды, ол өндірушілерді сапалы өнім шығаруын талап етеді.
Ұлттық стандарттың жаңа редакциясы 2016 жылғы 1-қаңтарында іске енгізіледі. Осы уақыттағы СТ РК 989-2008 ұлттық стандарттың уақыт мерзімі 2017 жылғы 1-шілдесіне дейін анықталған, 2015 жылғы 1-қаңтарына дейін жасалған және енгізілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбаларға тарайды, ол ескі Мемлекеттік Елтаңбаны ауыстыруға мүмкіндік береді.
«ҚР Инвестициялар және даму
Министрлігі Техникалық реттеу және
метрология комитетінің Павлодар облысы
бойынша Департамент» РММ
