Мазмұнға өту

Жаңа

М.Жайымбетов: Қазақстанда жылу беру маусымы жоспар бойынша жүргізілуде

Қазақстанда жылу беру маусымы жоспар бойынша жүргізілуде, деді ОКҚ-да Құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы Мархабат Жайымбетов.

«Жылу беру маусымы 15 қазанда басталды, тек Оңтүстік Қазақстанда жоспар бойынша 1 қарашада басталды. Жылу беру маусымы біркелкі жүруде, біз өңірлермен байланыстамыз, күн сайын жағдайды барлап отырамыз. Тек кейбір ұсақ-түйек мәселелер бар, жел кезінде электр желілерінің ажырап кетуі сынды жұмыстарды жасаудамыз, бірақ, жалпы  жылу маусымы  тұрақты жүруде», - деді М.Жайымбетов.

Комитет  төрағасы желілердің ескіргендігін де айтып өтті.

«Тағы бір мәселелердің бірі желілердің ескіруі. Жылу беру құбырларының 70 пайызын жаңғырту қажет, ал жалпы жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл жаңғырту жұмыстары аяқталған соң жұмысқа жаңа әсер береді деп олаймын», - деді ол.

«ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасының негізгі мақсатының бірі 2020 жылға қарай инженерлік желілердің ескіруін 67 пайыздан 53 пайызға қысқарту болып саналады. Желілердегі апаттық жағдайларды қысқарту 200-ден 100 шақырымға дейін, яғни 80 бірлік», - М.Жайымбетов.

«Қазіргі кезде Республика экономикасының Жалпы ішкі өнімі (ВВП) энергияны тұтыну сыйымдылығы жағынан жоғары деңгейде (немесе - дамыған елдерден 10-17 есе қалыста).Яғни, Елдегі инженерлік желілер, тұрғын үйлердің, әлеуметтік және өнеркәсіп ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін, олардың энергияны тұтыну сыйымдылығы деңгейін кемінде 15% - дан жоғарыға төмендетуіміз қажет», - деді ол.

Оның айтуынша,  қазіргі кезде Халықтың отынды тұтыну деңгейі 31% ға дейін жетеді.Тұрғын үй секторы 11% электр энергиясын және 40% жылу энергиясын тұтынады.Шамамен 70% тұрғын үй жылуды үнемдеу техникалық талаптарына сай келмейді.

Елдегі кешендерде 1 шаршы метрге шаққандағы жылу энергиясын тұтыну көрсеткіші сағатына 270 кВт болса, Европода орта көрсеткіші 100 – 120 кВт құрайды.Тұрғын және әлеуметтік кешендерде жылу энергиясын жоғалту 30% дан жоғары.

Айта кетейік,  энергияны үнемдеу мәселесінің мемлекеттік стратегиялық мәні бар екені туралы Қазақстан Республикасы Президенті Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Нұрлы жол – болашаққа бастау» атты халыққа жолдауында  толық атап өтті.

Ақпарат көзі

 

0
0
256

Қазақстанда жеке меншік мемлекеттік мекемелер кепілдендірілген мемлекеттік көмек көрсетеді — министр

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Сенатының депутаттарына 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасын ұсыну барысында Қазақстанда жеке меншік мемлекеттік мекемелер кепілдендірілген мемлекеттік көмек көрсететіндігін айтты.

Медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесіндегі орталық буын медициналық санитарлық алғашқы көмек (әрі қарай – МСАК) болады. Оның аясында медициналық көмектің көлемі мен тегін амбулаторлық емдеуге арналған дәрілік заттар тізімін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.

«МСАК-тың әмбебаптылығы әрі қарай адамның белгілі бір жас ерекшеліктерінің кезеңіне қарай ағзадағы өзгерістерін ескере отырып, аурулардың алдын алу басымдылығымен денсаулығын бақылауға негізделген өмір бойы  отбасылық қызмет көрсету қағидасына көшу арқылы қамтамасыз етіледі. ОҚКҚ-ні аймақтың кадрлық қамтамасыз етілуіне байланысты жалпы практика дәрігерлері немесе учаскелік дәрігерлерден тұратын (терапевтер, педиатрлар, гинекологтар) мульти-тәртіптік топтар жүзеге асыратын болады. Жалпы практика дәрігерлері санының ұлғаюы мен біліктілігінің артуына қарай олар мульти-тәртіптік топтарды алмастыратын болады», - деді ол.

Сонымен қатар, транспорттық медицинаны, оның ішінде жедел медициналық көмек пен телемедицина, жылжымалы дәріханалық пункттерінің жүйесін әрі қарай дамыту көзделген.

«Арнайы медициналық көмек барлық денсаулық сақтау саласының қызметтерімен біріктірілетін болады. Сонымен бірге негізгі әлеуметтік маңызы бар, жұқпалы емес аурулар мен елдің демографиялық ахуалына айтарлықтай әсері бар аурулар: миокардтың жіті инфаркті, мидағы қан айналымының ауыр ауытқулары (инсульт), қатерлі ісік аурулары, сынықтар, жүктілік және босандыру бойынша іс шаралар жоспарын жасау мен жүзеге асыру қарастырылған. Әрбір бағыт бойынша қызметтің барлық түрлері: алдын алу, емдеу шаралары, оның ішінде оңалту, диспансерлік бақылау, медициналық және әлеуметтік қызметтер көрсетілетін болады», - деді министр.

«Медициналық және мейіргерлік білім беруді ары қарай дамыту клиникалық тәжірибе, медициналық білім беру және ғылыми қызметтің ұштұғырлығын қарастырады. Аталған мақсатта медициналық қызметтер мен кадрларды дайындаудың толық кезеңі қағидасымен ғылыми ұйымдардың, медициналық ЖОО-ның, стационарлық және амбулаторлық ұйымдардың  функционалды (концорциумдар) және ұйымдастырушылық (холдингтер) бірлестіктерінің негізінде интеграцияланған академиялық медициналық орталықтарды (университеттік клиникаларды) дамыту тұжырымдамасын жасау жоспарланып отыр», - деді Т.Дүйсенова.

Жаңа клиникалық базалар мен университеттік клиникаларды құру жетекші халықаралық медициналық университеттер және ұйымдармен серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Академиялық үрдістерге жетекші шетел мамандары, ғалымдар мен оқытушыларды тарту тәжірибесі кең көлемде қолданылатын болады.

"Түлектердің теориялық білім деңгейі мен тәжірибелік машықтарын бағалау мақсатында кәсіби стандарттар мен үздік халықаралық тәжірибеге негізделген құзіреттілікті тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілетін болады", - деді министр.

Ақпарат көзі

 

0
0
531

Хизб-ут Тахрир ұйымы идеологиясының қаупі

Өздерін азат ету партиясы деп атайтын «Хизбут тахрир» партиясын көптеген елдердің құзырлы ұйымдары эсктремистік бағыттағы ұйым деп таныған. Бұл ұйымға 2005 жылы біздің елімізде де тыйым салынды.

1952 жылы негізі қаланған бұл топтың мақсаты – өз «Халифатын» құру. Ұйым көшбасшыларыныңтүпкі ойы саясатқа негізделгендіктен, олар өздерінің экстремистік идеясынжүзеге асыруға ұмтылады.

Олар Қазақстан территориясына 1998 жылдан бастап ене бастап, қарапайым халықты билікке қарсы үгіттеп, ұйымның идеологиясын насихаттайтын парақшалары мен бейнежазбаларынбелсенді тарату жолында әрекет етуді бастады.

Олар жекелеген елдерде әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға байланыстытуындаған мәселелерді өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып, діни, ұлтаралық және конфессияаралық алауыздыққажол беруге талпынады. Олар ұлттық құндылықтарды, отансүйгіштік ұғымдарын түбегейлі жоққа шығарумен қоса,«исламды қабылдаудан» бас тартқан «дінсіздермен» қарулы қақтығыс жасауды басты құрал ретінде қолданады.Осы ретте, бұл ұйымәртүрлі лаңкестік актілерді жасаудан гөрі тұрғындармен идеологиялық жұмыстар жүргізу тәсілінтиімдірек санайтынын айта кету қажет.

Жалпы,Хизб-ут Тахрирпартиясының ұйымдық құрылымы әскериленген сипатты аңғартады. Құрамы5 адамнан тұратын топтар діни насихат парақшаларынтаратып, жастарды өз қатарына тартумен айналысады. Ұйым мүшелері бестіктерден құралған өзге топтармен байланыс орнатып, басшылары арқылы өз мақсаттарын жүзеге асырады. Топтың қалған мүшелері ұйымның нақты жоспарларын білмегендіктен, өз әрекетімен қоғамға қауіп тудыратындарынбілмейді.

Бұл ұйымның іс-әрекетіқиындыққа ұшыраған жандарды «бауырына басып» қамқорлық танытудан басталады. Олар адамдарды өз құрығына түсірудің әдіс-тәсілдерін қоғамдағы ахуалға байланыстыдер кезінде үнемі жаңартып отырады. Көбіне алдап-арбау, жалған уәде беру әдістері басым болады.

Жоғарыда келтірілген деректерге сүйеніп, «Хизбут-Тахрир» партиясын исламды бетперде еткен, «халифатты»құруды аңсайтын, саяси утопиялы ұйым деуге толық негiз бар.Бұл –ислам атын жамылған тек бір ғана экстремистік партияның іс-әрекеті. Бүгінде олардың қарқындай күш алуы – әлемдік қауымдастықтың жұмылуын қажет етеді.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 38-сессиясында терроризм мен діни экстремизмге қарсы біртұтас халықаралық майдан ашу мәселесін көтергені барлығымызға мәлім. «Қазақстан терроризм мен экстремизмнің кез келген көрінісін батыл айыптайды. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекеттің әлемдік бірыңғай желісін құруды ұсынамыз», -– деп мәлімдегені белгілі.

Қазақстан Президенті діни радикализммен күрес барысында оны бейбітсүйгіш исламмен шатастырып алмаудың маңыздылығын, ал экстремизмге тек мәдениетаралық және дінаралық диалог негізінде ғана қарсы тұруға болатынын атап өтті.

Раушан Амантай

Дін істері комитеті  Мәдениеттер мен діндердің

халықаралық орталығының жетекші ғылыми қызметкері

0
0
1736

Г.Әбдіқалықова: ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталыққа айналады

ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталық болады, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

«ҚХА елдің қайырымдылық қызметін біріктіруші орталыққа айналады. Бұл әлеуметтік түсінушілік пен достық, сенімділік тің өзара жүйесінің байланысы. Дауларды шешетін медиация орталығы құрылды. Астана және Алматы әкімдері, облыс әкімдеріне өңірлік достық үйлерінде медиация орталығын құру тапсырылды. Сондай-ақ, қоғамдық бақылау саласында жаңа әдістер қаралды, қазіргі таңда осы жұмысты 1722 қоғамдық келісімнің кеңесі атқаруда. Олар өңірлерде 2500 шара өткізді. Бұл қоғамның әлеуметтік қажеттілігін көрсетеді», - деді Мемхатшы.

Ассамблея Кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері іске асырып жатқан жұмыстардың маңыздылығын айқындай отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ассамблея жылы еліміздің әрбір азаматының жүрегіне жол табуда ұстанған мақсатқа жетуге мүмкіндік бергендігін атап өтті.

Айта кетейік, конференцияға ҚР Президенті Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволар, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.

«Жасақталған ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі мақсаты Қазақстан халқы Ассамблеясы  институтын  жалпыұлттық, конституциялық орган ретінде одан ары дамыту және қазақстандық біртұтастықлық пен біркелкілікті қалыптастырудағы ролін арттыру болады. Сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» идеясын алға жылжыту және Біртұтас ұл болашағын қалыптастыру», - деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

«Жалпыұлттық құндылықтарды, заң үстемділігін, конфессияаралық келісімді нығайту  қазақстандық біркелкілік пен біртұтастылықтың негізі. Қазақстанның барлық азаматтарына ешқандай шектеусіз объективті әлеуметтік реформалар жасақтау және үш тұғырлы тілді дамыту. Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негізіне этносына қарамастан күллі мемлекет азаматтарының қоғамы принціпі салынған», - деп сендірді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Оның айтуынша,  «Мәңгілік Ел» - ол жалпыұлттық идея, ол біздің ортақ стратегиялық мақсатымыз, ол қазақстандық құндылықтар мен бірлікті, келісімді қалыптастыратын жүйе.

«Мемлекет басшысы – тұрақтылық кепілі, егеменді мемлекеттің негізін қалаушы. Ал, халық мемлекеттік биліктің жалғыз көзі, тағдыры, тарихы бір халық қана ұлт қалыптастыра алады», - деді Г. Әбдіхалықова.

Ақпарат көзі

 

0
0
448

Қазақстандық зілтемірші Ниджат Рахимов Хьюстондағы ӘЧ «алтын» алды

Бұл медаль 2015 әлем біріншілігіндегі Қазақстанның алғашқы «алтыны».

77 кг дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ спортшысы Ниджат Рахимов америкалық Хьюстон қаласында өтіп жатқан ауыр атлетика бойынша әлем чемпионатында сенсациялық түрде «алтын» медаль жеңіп алды.

 
0
0
608

Санавиация қызметкерлері Киевтен Алматыға комаға түскен Қазақстан азаматын әкелді

Бүгін түнде Санитарлық авиацияның республикалық орталығының мобильдік бригадасы «Красный хутор» ауруханасында өкпенің жасанды желдетілуі аппаратында ауыр халде жатқан 1948 жылы туылған С. Қорласбаев атты Қазақстан азаматын «Терең кома. Мидың ісінуі» диагнозымен Киевтен Алматыға әкелді.

Белгілі болғандай, С. Қорласбаев Киев қаласына қант диабеті мен оның асқынуы (аяқ диабеттік ангиопатиясы, диабеттік табан синдромы) сырқатынан өз қаражатына емделу үшін барған болатын. Украиндік медициналық қызметкерлер оның оң аяғын санның үштен бір ортасы деңгейінде кесіп алып тастаған. Аталған отадан соң С. Қорласбаев комаға түскен.

Пациент стационар жағдайында әрі қарай қажетті медициналық көмек алу үшін Алматы қалалық №7 клиникалық емханасының жан сақтау бөліміне аман-есен жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ағымдағы жылы шетелден ауыр халдегі санитарлық авиация әкелген Қазақстанның 10-шы азаматы. Алыс-жақын шетелден жеткізілетін барлық медициналық тасымалдаулар республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.

 
0
0
321

«Әйел бақыты». «Селфи» ауру ма әлде әдет пе?

«Селфи» сөзі алғаш рет  Австралияда өткен интернет форумда  2002 жылы  қолданылған. 2012 жылы бұл сөз Оксфордтың сөздігіне енгізілген. Ал, Қазақстанға бұл «селфи» сөзі 2013 жылдан бастап қолданысқа енді.

Әлемдік деңгейдегі социологтар мен психологтардың айтуынша,  селфиге күніне 1-2 түсіп, өзінің қажетілігіне жаратса ол әдет,  ал,  егер 10 суреттен жоғары түссе ол аурудың бір түрі.

Күніне  20 фотодан артық түсіп, 6 селфиді желіге жүктесеңіз, тез арада дәрігерге қаралған жөн.

Мектеп оқушыларына селфи не үшін керек? Селфидің синдромы туралы толығырақ «Әйел бақытынан»тамашалаңыз.

 
0
0
952

«Таңшолпан» бағдарламасы байқау жариялайды!

Оған 14-24 жас аралығындағы әуесқой суретшілер қатыса алады.

Тәуелсіздік мерекесіне орай, «Таңшолпан» бағдарламасы сурет байқауын жариялайды. Оған 14-24 жас аралығындағы әуесқой суретшілер қатыса алады.

Ел мен жер тақырыбына арналған туындыларыңызды бағдарлама редакциясына жолдай аласыздар. Байқау 2-16 желтоқсан аралығында өтеді.

Толық ақпаратты 8 (717) 2 55 38 18 телефон нөмірі арқылы білуге болады.


0
0
1213

Мемлекеттік қызметтегі жемқорлықтың алдын алу – басты мақсат

Ағымдағы жылғы 24 қарашада СҚО Аймақтық оқыту орталығы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті демеуімен, «Мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықты алдын алудың әлеуметтік-өнегелік қырлары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Шара жұмысына АОО жетекшісі Т.В. Лебедева, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бөлімінің басшысы Н.С. Жахин, СҚО прокуратурасы аппаратының басшысы А.А. Құсанов, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ заңгері А.Қ. Қуандықова, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі судьясы А.В. Зеньковский, аймақтық оқыту орталығының оқытушылары, сонымен қатар мемлекеттік қызметке және басшылық лауазымына алғаш қабылданған мамандар қатысты.
Аталмыш кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлық сипаттарына мүлдем төзбеушілікті құру және осы індетке қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық негіздері бойынша түсіндірме жұмыстарының деңгейі мен сапасын арттыру болып табылады.
Конференция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қолданылуына прокурорлық қадағалау тәжірибесі, жемқорлыққа қарсы тәртіп стандартын қалыптастырудағы қоғамның алатын рөлі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-этикасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру кезіндегі жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы, жемқорлықты алдын алудың этикалық қырлары мәселелері талқыланды.
Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Нұрлан Жахин, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерге тоқталды. Бұған қоса ол, халықтың барлық топтарымен байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Ал қоғамдағы сыбайлас жемқорлық сипаттарына мүлдем төзбеушілік деңгейін арттыру және осы індетке қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша Ынтымақтастық туралы ашық келісімнің әзірленуі – сөзден іске көшудің айқын дәлелі.
Кездесудің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта оқыту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

 
0
0
529

«Таблиғи Жамағат» ұйымы пайда болуының объективтік факторлары

«Таблиғи Жамағат» ұйымның атауы араб тілінен алынған, қазақша мағынасында «жеткізу, хабарлау, ақпараттандыру» дегенді білдіреді.Нақтырақ айтқанда, ұйымның негізгі мақсаты «ислам дінін өзге адамдарға немесе дінге сенбейтіндерге жеткізу, оларды хабардар ету» дейтін ұғымға саяды.

«Таблиғи жамағат» діни қозғалысының тарихына келетін болсақ, 1926 жылы үндістандық хадисші Мауләна Мұхаммад Ілияс әл-Қандаһлауи (1885-1944 жж.) құрған. Ол қайтыс болғаннан кейін қозғалысты оның балалары Мұхаммад Юсуф, одан кейін Инғам әл-Хасан қолға алады. Үндістаннан бастау алған «Таблиғи жамағаттың» идеологиясы Пәкістан, Бангладеш, кейіннен Сирия, Иордания, Палестина, Ливан, Мысыр, Судан, Ирак секілді елдерге тарала бастайды. Бұдан ары Еуропаға және ТМД елдеріне де таралып, біздің елге де келген.

Бұл ұйымның негізгі мақсаты – ел аралап, апталап-айлап халық арасында үгіт-насихат жүргізу. Ал үй-үйді аралап насихат жасауды Құран аяттарынан мысал келтіру арқылы негізсіз дәлелдер келтіреді.

«Таблиғи жамағат» ұйымының басты идеологиялық құралы «Фазаиль Амали» кітабы болып табылады. Осы кітапта көрсетілген қағидаларды ұстанады.

Қазіргі әлемдік кеңістікте, оның ішінде тәуелсіздікке енді қол жеткізген Қазақстанда ислам атын жамылып, экстремистік әрі деструктивті бағыттағы діни ағымдардың көбеюі көңіл алаңдатады. Мұндай әр түрлі ағымдардың ұстанымдары мұсылман қауымына бейтаныс болғандықтан, күмәнді іс-әрекеттердің орын алуы– заңды құбылыс.

Мұндай діни ағымдардың идеологиясы қандай, әрекеттері экстремистік немесе террористік емес пе? Олардың әлемдік және ұлттық діндерден айырмашылығы қандай? – деген сауалдарға жауап іздеу, сондай-ақ олардың мұндай қарқынмен қоғам арасында астыртын таралуының себептерін айқындау – елдегі діни ахуалды тұрақтандыруда аса маңызды.

«Таблиғи жамағат» діни ұйымының негізгі ұстанымы мен мақсаты христиан дінінің протестанттық миссионерлердің жұмыс стиліне сәйкес келеді. Мәселен, олар адамдарды дінге кіргізу үшін әр адаммен жеке жұмыс істеп, түзеу арқылы қоғамды өзгерту» идеясында әрекет етеді.Ал «таблиғшылардың» басқа діни ағымдардан өзгешелігі – олар атқарған миссиясынан түскен ақшаны қанағат тұтып, жұпыны киім-кешек, аз тамақпен күн кешіп, белгілі бір елде халықты ислам дініне шақыру ісін өздеріне міндет деп санайды.

«Таблиғи жамағат» ұйымының Қазақстанда пайда болуының негізгі факторларының бірі –жастардың діни сауаттының кемшін болуы.Себебі «Таблиғи жамағат» ұйымымен мақсат-міндеттері сәйкес келетін басқа да ұйымдар діни танымы, діни санасы, өзіндік «мені» қалыптаспаған жастарды арбаумен айналысады. Оның басты себебі еліміздің болашағы жастарға байланысты болғандықтан, жастардың мүмкіндігін өзінің теріс пиғылдарына пайдаланғысы келеді. Олардың мақсаты – қазақ халқының діни тәжірибесін яғни тарихымызды, өткенімізді ұмыттырып, басқа сананы қазаққа телу.

Қазірмұндай жағдайлардың орын алуы – бір кездегі Батыс өркениетінің модернизмнің, постмодернизмнің, позитивизмнің нәтижесі. Қоғам қайраткері М. Шахановтың «Батыстың қансығы бізге таңсық болмасын» деген сөзі бар, әрине Батыстан алатын дүние көп, қоғамды дамытуға, өмірді өзгертуге қажетті озық тәжірибесін ғана алуға болады.Ал таблиғшылар бұл құбылысты мойындамайды.

Қазақстанның аумағында өткен ғасырдың соңғы он жылдығынан бастап тарала бастаған«Таблиғи Жамағат» ұйымына 2013 жылы соттың шешімімен тыйым салынған болатын. Бірақ... бірақ дейтін себебіміз,«Казинформ» ақпараттық агентігінің 2015 жылғы 23 қыркүйегіндегі мәліметі бойынша Астанада «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының 4 мүшесі, сондай-ақ,30 қыркүйек күні Астанада аталған ұйымның тағы бір өкілі ұсталғаны туралы ақпарат таратылды. Бұл – тыйым салынғанымен астыртын жұмысын жүргізіп жатқанының дәлелі. Енді мұндай мәселелерді шешудің бірден-бір жолы – жастар арасындағы діни идеологияны күшейтіп, діни сауаттылықты арттыру.

Қорыта айтқанда, «Таблиғи жамағат» діни ұйымыныңпайда болу факторлары, олардың ұстанымдарындағытеріс әрекеттері менеліміздің аумағында таралуы мұсылман үмметінің бірлігіне, ынтымағына, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына зиянын тигізеді. Еліміздің тарихи және мәдени өмірінде қалыптасқан, дәстүрлі ханафи мазхабына қайшы келетін тұстары жиікездеседі. Мұндай факторлар Қазақстан Республикасының тұтастығы мен оның қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.

ҚР МСМ ДІК Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

БАҚ-қа мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері

А.Т. Утемисов

 
0
0
2093