Қыстық аяқ киіміңіз «угги» ма?
Сырт көзге байпаққа ұқсас аяқ киімді өзгесіне қарағанда жылырақ болады деп ойлағандықтан сатып аласыз ба? Кез-келген киіммен сәйкестендіріп киесіз бе? Шығу тарихынан хабардарсыз ба? Сан сауал. Жауабын біз іздеп көрдік. Шығу тарихы. Осы аяқ киімнің тарихы XIX ғасырда Австралия мен Жаңа Зеландиядан бастау алады. Уггиді алғашқы кездері шаңғы спортында пайдаланған. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде корпусына қалың мұз қатқан ұшақта аяқтарын жылы ұстау үшін авиаторлар угги етіктерін киген. 1960 жылдан бастап құрғақтықты сақтау үшін серферлар бұл аяқ киімді қолданысқа енгізген. Қытайда осы күнге дейін ауыл, мал шаруашылығында киген. Уггидің сән әлеміне етене енуіне шоу-бизнестегі әлемдік жұлдыздардың ықпалы зор. Талантымен тамсандырған тележүршізуші Опра Уинфи бағдарламаға киіп шық…

