Астанада Бақытжан Бұқарбайдың көрмесі ашылды
Елордада саясаттанушы, əуесқой суретші Бақытжан Бұқарбайдың көмір қарындаштың көмегімен салған графикалық суреттерінің көрмесі ашылды. Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан көрмеге автордың Шұбаркөл кен орнының 30 жылдығына арнаған 12 суреті қойылды.
Биыл Шұбаркөл тас көмір кен орнының ашылғанына 30 толып отыр. Автор графикалық еңбектерін не себепті кеншілер тақырыбымен байланыстырғанын былайша түсіндірді.

